Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3598 0 пікір 9 Қазан, 2009 сағат 08:11

«Нәубет жылдар халқымыздың өсу санын 100-125 жылға шегеріп тастаған»

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің  жалпы отырысында депутат Ирак Елекеев (суретте) Республика Премьер-Министрі К. Мәсімовке сауал жолдады.

Онда: 1920-1930 жылдарда болған Қазақстандағы аштық-зұлмат мәселесіне қатысты сауалдар қойылған.

«Ол ойыма  түрткі болған қосымша себептер соңғы жылдары жарық көрген демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың зерттеулері  және осы жылдың 11-ші қыркүйегінде Алматыда өткен «Ашаршылыққа саяси баға беру» атты ғылыми конференция.

Енді мен ресми деректерден алынған цифрларға жүгінейін.  Қазақстандағы қазақтардың саны 1926 ж. санақ бойынша 3 млн. 969 мың болса, 1930 ж. 4 млн. 317 мыңға жеткен. Ал 1937ж. санақ  қорытындысы 2 млн. 836 мың , айырмасында 1 млн. 454 мың адам жоқ. Ғалым М.Тәтімов сол санақтың арасында 616 мың өз орнынан шетелге көшкенің және оның зерттеулері бойынша 30-шы жылдардағы аштықта 2 млн. 230 мың қазақ қырылған.11.09.2009 ж. ғылыми конференция мінберінен  20-30-шы жылғы зұлматтардан жалпы саны 4 млн. 100 мың қазақ қырылған деп шешіп отыр.Олар бұған 20-шы жылдардағы аштық, 37-39 жж. репрессия құрбандарын кіргізген сияқты.Неде болса бұл ұлттық қасірет қазақ халқының басынан кешкен 1723 жылғы «ақтабан шұбырындыдан» 2,5-3 еседей көп.

Тарихи деректер мен тарихшылар бұл сұмдықты  Филипп Голощекин бастаған «кіші Октябрь» атты қазаққа қарсы  қолдан жасалған қырғын деп келеді. Ол да рас шығар. Конференцияға қатысқан ғалым Салық Зиманов сол кездегі 40 млн. бас малдан 4 млн. ғана қалған деген дерек келтірді.

Енді менің ұсынысым:

  1. Аштық-зұлмат жылдарын нақты зерттейтін  Үкімет тарапынан мемлекеттік комиссия құрылса деймін.
  2. Ашаршылық құрбандарына ескерткіш-комплекстер (аза орны) орнатылса оны қайда, қай жерге орнатуды Үкімет тарапынан құрылған комиссия ұсынса дұрыс болар еді.
  3. Жастар,ертеңгі болашақ сол кезеңдегі ел басына түскен алапат аштық пен қуғын-сүргінді ұмытпас үшін мектеп оқулықтарына кеңірек  сол жылдардың тарихы мен ақпараттары енгізілсе.

Ашаршылық құрбандары барша қазаққа, тіпті осы залда отырған менің әріптестерімнің бәріне қатысы бар. Өлгендер әрбіреуіміздің атамыз,бабамыз, қала берсе қандасымыз. Оларды ешқашан естен шығармауымыз керек. Сол нәубат жылдар халқымыздың өсу санын 100-125 жылға шегеріп тастаған. Қазіргі ғалымдардың  зұлмат жылдар болмаса, қазақтың саны 30 млнға. барып қалады деген болжамдары жай емес.

Қазақстан деген мемлекетке  түбір ат беріп отырған қазақтарды,олардың өшкені мен өткенін қадірлі Кәрім Қажамқанұлы, өзіңізбен және Сіз басқарып отырған Үкіметпен бірге іздестірейік».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387