Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 268 0 пікір 9 Қыркүйек, 2025 сағат 22:37

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Сурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен алынды.

3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті.

Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді.

III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.

Келесі IV Түркі универсиадасы 2027 жылы Түркия Республикасында өтеді.

Abai.kz

0 пікір