Сәрсенбі, 1 Қазан 2025
Жаңалықтар 565 0 пікір 1 Қазан, 2025 сағат 20:02

Жетісуда Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері құрметке бөленді

Жетісу облысында Қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Ысқақ Құсайыновқа арнайы құрмет көрсетілді. Облыс әкімінің атынан ардагерді облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов пен облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт құттықтады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

https://www.gov.kz/

Ардагермен әңгімелесіп, мерекемен құттықтаған Диас Рахметұлы мен Ермек Әбілмәжінұлы құрметті қарияға Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс» кітабын, гүл шоғын және азық-түлік себетін сыйға тартты. 101 жастағы ардагер өзіне көрсетілген құрметке ризашылық білдіріп, ақ батасын арнады.

Ысқақ Әбілпейісұлы Құсайынов 1924 жылы Алакөл ауданындағы Көлбай ауылында дүниеге келген. Майданға 1942 жылы өзі сұранып аттанған. Амур әскери-теңіз флотындағы «Зенит» дивизиясында фашист басқыншыларына қарсы соғысқан ардагер «Әскери-теңіз флотының үздігі» атағын алған. Жапон соғысына қатысқаннан кейін туған жерге оралып, педучилищеде білім алып, Екпінді ауылындағы мектепке мұғалім болып жұмыс істейді. Кейіннен сол мектептің директоры болды. Білім саласына 40 жылын сарп еткен ұстаз – мектеп оқушыларына арналған бірнеше оқулықтың авторы. Майдандағы ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан орденімен марапатталған ардагер – Еңбек Қызыл Ту орденінің және басқа да медальдармен мен марапаттардың иесі. Бейбіт күнде «Ерен еңбегі үшін» медалін кеудесіне қадаған.

Айта кетейік, биыл «BATYR MAN» жобасының аясында Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері Ысқақ Құсайынов туралы жеке кітап жарық көрген болатын. Туындыны облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері дайындады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 319
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 1978
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 276