Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1391 0 пікір 9 Қазан, 2025 сағат 15:00

Айдос Сарым елдегі құрылыс саясатын сынға алды

Сурет: malim.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым елдегі құрылыс саясаты мен демографиялық бағыттың өзара үйлеспей отырғанын сынға алды. Оның айтуынша, қазіргі тұрғын үй құрылысы халықтың шынайы сұранысына сай емес.

«Мен арнайы статистиканы қарадым. Бұрын, 15–20 жыл бұрын 2-3 бөлмелі пәтерлер басым салынса, қазір қалаларда салынып жатқан үйлердің жартысы — 1 және 2 бөлмелі пәтерлер. Соңғы он жылда бір бөлмелі пәтерлердің үлесі күрт артқан. Ал мұндай жағдайда көпбалалы отбасылардың қалаға келіп, пәтер алу мүмкіндігі төмен», – деді депутат.

Айдос Сарымның пікірінше, құрылыс компанияларына нақты бағыт беру қажет:

«Мемлекет тарапынан қалаларға көп бөлмелі пәтерлер көбірек керек деген нақты сигнал болуы тиіс. Компанияларға белгілі бір жеңілдіктер ұсыну керек шығар. Өйткені қазір көпбалалы отбасыларды қала шетіндегі жер үйлерге ығыстырып, өңірлерге көшуге мәжбүрлеп отырмыз. Құрылыс саясаты демографиялық саясатпен қатар жүруі керек», – деді ол.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1409
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2988
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1056
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992