Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1775 0 пікір 24 Қазан, 2025 сағат 13:51

Қытай компаниялары Ресей мұнайынан бас тартуда

Сурет: forumspb.com сайтынан алынды.

«Reuters» агенттігінің жазуынша: АҚШ ресейлік «Роснефть» пен «Лукойл» компанияларына санкция салғаннан кейін Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниялары Ресей мұнайын сатып алуды доғарды.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, мәселе Sinopec, CNOOC және Zhenhua Oil компаниялары туралы болып отыр.

Reuters сонымен бірге үнділік мұнай өңдеу зауыттары да Ресей мұнайы импортын қысқартуы мүмкін екенін жазды. Қытай Ресейден теңіз арқылы күніне шамамен 1,4 миллион баррель мұнай импорттайды және басым бөлігін тәуелсіз мұнай өңдеу зауыттары сатып алады, арасында ұсақ операторлар да бар.

Vortexa Analytics сарапшыларының болжамынша, мемлекеттік компаниялардың үлесіне күніне 250 мың баррель мұнай тиеді. Ал Energy Aspects бұл көрсеткішті күніне 500 мың баррель деп бағалайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1407
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2987
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1053
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 991