Жексенбі, 26 Қазан 2025
Жаңалықтар 5787 0 пікір 25 Қазан, 2025 сағат 21:35

Жетісуда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

Фототілшілер: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев

Бүгін Республика күні және Егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Талдықорғандағы «Жастар» саябағында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті.

Оған облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагелер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, жастар және басқа да түрлі сала қызметкерлері, жалпы саны мың шақты адам қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілшілер: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев

Алдымен Жетісу облыстық филармониясының,«Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің өнерпаздарымен және жоғары сынып оқушыларының хорымен бірге акцияға қатысушы барша жұртшылық Мемлекеттік Гимнді орындады. Осы мезетте еліміздің Мемлекеттік Туы көкке көтеріледі. Атап өтсек, Ту тұғырының биіктігі 92 метр,Тудың ұзындығы – 25 метр, ені – 12,5 метр.

Фототілшілер: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев

Мұнан соң жергілікті өнер ұжымдары мен әртістері патриоттық мазмұндағы әндерді шырқады.

Бүгінгі шараға қала тұрғыны Лидия Маринина екі кішкентай ұлын ертіп келген.

- Балаларым әзірге мектеп жасына жеткен жоқ, бірақ осындай кішкентай кезінен бойларына патриоттық сезімді сіңіру керек деп есептеймін. Бүгін сол үшін оларды саябаққа ертіп келдім. Республика күніне арналған салтанатты көріп, көпшілікпен бірге мерекені атап өттік, - дейді ол.

Фототілшілер: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев

Ал зейнеткер Мәрия Омарова осындай іс-шара өтетінін әлеуметтік желіден оқып-білген.

- «Жастар» саябағына Мемлекеттік әнұранымызды шырқауға, Туымыздың көкке көтерілгенін көруге келдім. Осында келген елжанды жастарды көріп, көңілім қуанды. Еңселі елім бар болғанына, жайқалып өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың бар екеніне риза сезімде болдым, - деді ол.

Еске салсақ, осы күні мұндай патриоттық акциялар бір мезгілде өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1122
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10542