Сейсенбі, 2 Желтоқсан 2025
Жаңалықтар 58 0 пікір 2 Желтоқсан, 2025 сағат 15:35

Газада қаза тапқан адамдар саны 70 112-ге жетті

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

Палестинаның Газа секторындағы Израиль әскерінің соңғы 24 сағаттағы шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны тағы 9 адамға артып, жалпы 70 112-ге жетті. Бұл туралы Анадолу агенттігі жазды.

Газа Денсаулық сақтау министрлігі жазбаша мәлімдемесінде Израиль шабуылдары салдарынан болған адам шығыны жөніндегі соңғы деректермен және үйінді астынан шығарылған жаңа мәйіттер туралы ақпаратпен бөлісті.

Министрліктің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Израиль шабуылдары нәтижесінде үйінді астынан 9 палестиналықтың мәйіті шығарылған, тағы 1 жараланған адам ауруханаға жеткізілген.

Бітім күшіне енгелі бері шабуылдар барысында 356 адам қаза тапқан, 909 адам жараланған, ал үйінді астынан 616 адамның мәйіті табылған.

2023 жылдың қазан айында басталған Израиль шабуылдары салдарынан Газа секторында қаза тапқандардың жалпы саны 70 112 адамға, жараланғандар саны 170 986 адамға жетті.

Abai.kz

0 пікір