Сейсенбі, 20 Қаңтар 2026
Жаңалықтар 190 0 пікір 20 Қаңтар, 2026 сағат 15:21

«Заң және тәртіп»: Өзекті мәселелер талқыланды

Сурет: Принтмедиа технологиялар колледжінен алынды.

Принтмедиа технологиялар колледжінде «Заң және тәртіп» қағидасы аясында тәрбие жұмысының өзекті мәселелері талқыланды.

2026 жылғы 16 қаңтарда Принтмедиа технологиялар колледжінің базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары штабының отырысы өтті. Іс-шара «Заң және тәртіп» қағидасын ілгерілету аясында ұйымдастырылды.

Отырысқа құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты: ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Г. Бояубаев, бөлім бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Бажикбаев, сондай-ақ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл, полиция майоры А. Сейдалимов.

Отырыс барысында тәрбие жұмысының өзекті мәселелері қаралып, білім алушылар арасындағы тәртіп бұзушылық жағдайларына талдау жасалды. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алуға және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тиімді профилактикалық шаралар талқыланды.

Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша ҚББЖТҒӘО ТжКББ әдіскері Г. Жумагулова баяндама жасады. Ол өз сөзінде тәрбие жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырудың, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің және білім беру ортасында заңдылық пен тәртіпті нығайтуға бағытталған тиімді алдын алу тетіктерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Принтмедиа технологиялар колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Кунтубай колледжде «Заң және тәртіп» қағидасы негізінде студенттермен кешенді жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, білім алушылар арасында заңға құрметті, қоғамдық тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, құқықтық дәрістер мен түсіндіру кездесулері ұйымдастырылуда.

Отырыс барысында ата-аналармен, оқу топтарының кураторларымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым бағыттар айқындалып, қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында штаб жұмысы жүйелі түрде жүргізілетін болды.

Abai.kz

0 пікір