Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1524 0 пікір 21 Қаңтар, 2026 сағат 14:20

Үй алудың жаңа жолы: Тіркеу онлайн болады

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді онлайн рәсімдеуге арналған пилоттық жобаны іске қосылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының ақпаратынша, жоба «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-пен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа жүйе арқылы тұрғын үйге онлайн өтінім беруге және электрондық келісімшарт жасауға болады. Құжаттар мен құқықтарды тіркеу барлық кезеңде автоматтандырылған. Яғни өтініш беруден бастап, сатып алу сомасы толық төленгеннен кейін тұрғын үйге меншік құқығын рәсімдеуге дейін онлайн болмақ.

– Пилоттық жоба жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға және барынша жеңілдетуге бағытталған. Ол әлеуметтік осал топ өкілдеріне, бюджеттік сала қызметкерлеріне және қала құраушы кәсіпорындардың жұмысшыларына арналған, – делінген хабарламада.

Тіркеу мен мәміле тараптарының өзара іс-қимылы нақты уақыт режимінде бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, жүйеде заманауи цифрлық технологиялар, оның ішінде blockchain қолданылып, қызмет көрсету мерзімдері қысқарып, шығындар азайтылып, процесс ашық әрі қолжетімді болады.

Бұған дейін Астанада үйді арзан бағамен алуға болатын бағдарлама басталған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 356
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1038
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 325
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 307