Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4220 0 пікір 28 Қазан, 2009 сағат 06:33

Жанбай Дубай. Ескерткіш қою эстафетасы

Ежелгі ескерткіштер

Көне заманда ескерткіштің ішінде прототипінің бас сүйегі тұратын. Ықпалды адам дүниеден озса оның басын денесінен бөліп алып кептіріп, тазалап, ыстап, саз балшықпен сылап, металмен көмкеріп киелі затқа айналдыратын. Мұндай скульптуралық бұйымдар Қара теңіз жағасынан, Минусинский қазандығынан, алдыңғы Азиядан, Меланезиядан, Орталық Америка мен басқа да аймақтардан табылған. Баһадүрлер басын кескен дұшпандарын есте қалдыру үшін бас сүйегін шарап ішетін әшекейлі тостақ қылатын. Ал сазбен көмкерілген бас сүйекке прототипінің рухын енгізу үшін сақал-мұртын, кескін-келбетін бейнелейтін болған. Яғни, алғашқы дәуір адамдары бүгінгі портреттік скульптураның негізін қалаған. Алайда, олар ескерткіштерін екі дүниені байланыстыратын киелі рух деп білетін. Көбінесе мұндай ескерткіштер табыттың үстінде үңгірлерде тұратын. Олар тірі адамға ешқашан ескерткіш қойған емес. Себебі ескерткіштің басты өзегі  бас сүйек болса, оның иесі жалғанды жалпағынан басып тірі жүретін. Ескерткіш әрі өлі әрі тірі. Өлі болатыны жансыз, тірі болатыны құрбандықтар, құшақ-құшақ гүлдер, митингілер мен «жалынды сөздер» талап етеді.

Ескерткішке айналған елбасылар

Ежелгі ескерткіштер

Көне заманда ескерткіштің ішінде прототипінің бас сүйегі тұратын. Ықпалды адам дүниеден озса оның басын денесінен бөліп алып кептіріп, тазалап, ыстап, саз балшықпен сылап, металмен көмкеріп киелі затқа айналдыратын. Мұндай скульптуралық бұйымдар Қара теңіз жағасынан, Минусинский қазандығынан, алдыңғы Азиядан, Меланезиядан, Орталық Америка мен басқа да аймақтардан табылған. Баһадүрлер басын кескен дұшпандарын есте қалдыру үшін бас сүйегін шарап ішетін әшекейлі тостақ қылатын. Ал сазбен көмкерілген бас сүйекке прототипінің рухын енгізу үшін сақал-мұртын, кескін-келбетін бейнелейтін болған. Яғни, алғашқы дәуір адамдары бүгінгі портреттік скульптураның негізін қалаған. Алайда, олар ескерткіштерін екі дүниені байланыстыратын киелі рух деп білетін. Көбінесе мұндай ескерткіштер табыттың үстінде үңгірлерде тұратын. Олар тірі адамға ешқашан ескерткіш қойған емес. Себебі ескерткіштің басты өзегі  бас сүйек болса, оның иесі жалғанды жалпағынан басып тірі жүретін. Ескерткіш әрі өлі әрі тірі. Өлі болатыны жансыз, тірі болатыны құрбандықтар, құшақ-құшақ гүлдер, митингілер мен «жалынды сөздер» талап етеді.

Ескерткішке айналған елбасылар

Бүгінде ескерткіштің түпкі мағынасы көп өзгеріске түскен. Дегенмен, пұтқа, тас мүсінге тастай тиым салған Исламды айтпағанда  Батыстың өзінде өзіне тірісінде ескерткіш қойдырып өзеурегендер саусақпен санарлық. Ұлтын ұшпаққа шығарған ұлдарды халқы қашан да ұмытпайды. Ескерткіш елдің жүрегінен орын алады. Әйткенмен, ұлы тұлғаларға ескерткіш арнау айнымас дәстүрге айналған. Бұны бейшара Брежневтен басталатын тірі адамға тасмүсін қоятын «кеңестік шалықпен» шатастырмаңыз.

Арғы-бергі тарихқа тым тереңдемей-ақ көзіміз көрген, құлағымыз естіген бірер мысалға жүгінейік. 2002 жылы АҚШ президенті кіші Джорж Бушқа арналған ескерткішті әкесі үлкен Буш пен шешесі салтанатты түрде ашып берді. Содан бері ол Вашингтон, Линкольн және Рузвельттермен иық тіресіп Оңтүстік Дакота штатындағы саябақтардың бірінде саялап отыр. Тегі бұл жерде американың 41 президенті түгел бар. Мүсінші Дэвид Адикес бұларды 1995 жылдан бері жасап келеді. Әр ескерткіштің қасына шағын тақта орнатылып ескерткіш прототипінің өмірбаянынан үзінді келтірілген.

Ал Тайвандағы Ват-Кланг-Банг Каев ғибадатханасында американың символы болған қыранды ерттеп мінген Усама бен Ладеннің ескерткіші бар. Ол мінген бүркіт қирап қалған Дүниежүзілік сауда орталығына қонақтап отыр. Бұл енді ескерткіштің ежелден белгілі бір қыры  үлкен саясаттың құралы екенін көрсетеді. Нахон-Патом қаласындағы осы ғибадатхана монахтарының айтуынша, олар айласы асқан бен Ладен американы өз қаруымен жеңгенін, оның еңсесі штаттардан биік екенін осылай бейнелесе керек.

Ленин мен Сталиннен кейінгі ең көп ескерткіш қойылған елбасы  түркіменбашы еді. «Өлдің Мамай, қор болдың...». Өзі кетіп көзі қалса да оның жақтастары халықтың қаһарынан қаймықты. Бүгінде көзі тірісінде құйылған 14 мың ескерткіш пен бюсттен саусақпен санарлықтай қалыпты. Біздің заманымыздың елбасыларын ескерткішке айналдыруда есе бермей жүрген мүсінші Зураб Церетели Женевадағы Серджио Виера де Миллоның, Токиодағы Жапонияның бұрынғы үкімет басшысы Итиро Хатояменің, Францияның Плоэрмель қаласындағы Рим папасы Иоанн Павел II-нің, Санкт-Петербордағы биіктігі 12,65 метрлік Пётрнің, Грозный қаласындағы Ахмад Қадыровтың ескерткіштерін соққан. Осылардың ішінде Ахмад Қадыров өле өлгенше өзіне ескерткіш қоймауды аманаттап кеткен. Алайда, аруақтың аманатын ақтай бермейтін мына заманда даңғойлықтың дабылы басым болып оған 3,5 метрлік ескерткіш қойылды. Ескерткішті пұтқа балайтын Ислам дінін берік ұстанған елдің өзінде тас мүсіндер осылай тұғырлап жатады.

Дегенмен, бұлардың бәрі өмірден өтіп кеткен жандар. Солардың тағы бірі Борис Ельцин. Мүсінші Гергий Франгулян соққан оның ескерткіші Мәскеудегі Новодевичье қабырстанында тұр. Өзгені сөгетін, етегімізді түріп күлетін жайымыз жоқ. Біздің де тірі пұтқа айналған піріміз бар. Пері емес, піріміз. Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаның Днепродзержинск қаласында, Қырғызстанның Ыстықкөлінде екерткіші тұрғызылып, Алматыдағы Республика алаңы мен Астанадағы Бәйтеректің биігінде алақанның таңбасы қалдырылған еді. Оған енді «Қазақ елі» монументін қосып қойыңыз.

Жағымпаздық жарысы

Қазақ халқының сан ғасырлық арманы болған егемендіктің елес болып қалмауы үшін өткеннен өнеге алып, тұғыры енді бекіп келе жатқан тәуелсіздікке тәу етіп отыру үшін «Қазақ елі» монументін тұрғызу туралы Елбасының игі бастамасы жағымпаздардың тақымында кетіп, ұлттың мұраты болатын көрікті ойды көкпардың көк лағына айналдырды. Хош, сонымен жағымпаздықтан алдына жан салып көрмеген биліктегі «білгірлер» тауды аласартып, даланы биіктетті. Яғни, Нұрсұлтандай ұл туған халықты бір уыс қылып бүрістіріп Назарбаевтың ығына тұрғызып қойды. Мейлі ғой, халқына пана бола білсе бір ескерткішті көпсінеміз бе. Бірақ жағымпаздар азсынып отыр. Сөйтіп, ескерткіш қоюдан эстафета басталып кетті. Бірінші болып қалуға оңтүстік те, солтүстік те мүдделі. Келер жылы Шымкентте және Павлодар қаласында Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ескерткішін қою үшін жандайшаптар жанұшырып жүр.

P.S.

«Қазақ елі» монументін жасаған мүсіншілер келісілген қаражатты, яғни қолақыларын әлі алмапты. Әкімшілік күнде ертеңмен сөзбұйдаға салып жүрген көрінеді. Атын айтпауды өтінген мүсінші тасмүсін тұғырына қонған соң шебердің еңбегін ұмытып кететін әдет биліктегілерде бұрыннан бар дейді. Сондықтан да білікті, азаматтық ой айта алатын, ұлттық мүдде тұрғысынан ойлап, саф алтындай туындыны дүниеге әкелетін шеберлер биліктің тапсырысын орындаудан бас тартады. Ақыры билікке туындысының бәрі шалажансар мүсіншілермен келісімге келуден басқа амал қалмайды дейді мүсінші. «Қазақ елі» де сондай өзіндік ойы жоқ «шеберлердің» туындыларының «тумасы». Бізбен пікірлес болған тағы мүсіншінің шеберханасынан ермексаздан жасалған болашақ ескерткіштің макетін көріп қалдық. Танып қойдық. Қолын конституцияға қойып, ант беріп тұрған біздің елбасы. Керекуге қойылатын ескерткіш осы екен...

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322