Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2865 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 07:09

АЖДАҺАНЫҢ АРАНЫ ҚАЗАҚТЫ ЖҰТЫП ҚОЙМАЙ МА?

Қазақстанның  тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi Қытаймен ара-қатынасының жандануы 2002 жылдан басталды, өзара көршiлiк  ынтымақтастық, достық келiсiм-шарттарына қол қойысты. Ал миллиардтар елi  iргеде отырып, қазақтың  кең даласы мен қазба байлығына көзiн тiктi.  Каспий теңiзiне тiкелей шығар жолдан өтiп, бүкiл Орта Азияны бақылауда ұстамақ арманы едi, ендi, мiне, iргенi түрiп, ендеп кiрiп келедi. Бiз өз тарапымыздан елге әлдеқашан белгiлi мәселенi тағы бiр жазсақ артық болмас деп санадық. Өйткенi билiк пен халықтың Қытай қаупi жөнiндегi түсiнiгi екi түрлi болғандықтан, бiз сол елдiң сөзiн қағазға түзгендi жөн санадық.

Олай демей қайтейiк, Қытай  «Маңғыстаумұнайгаздың» 49 пайызын иеленiп, уран кен орындарын игеруге мүмкiндiк алды. Сарапшылардың айтуынша, қытайлық компаниялардың Қазақстандағы мұнай көзiн иеленуi «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының үлесiмен теңескен.

Қазақстанның  тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi Қытаймен ара-қатынасының жандануы 2002 жылдан басталды, өзара көршiлiк  ынтымақтастық, достық келiсiм-шарттарына қол қойысты. Ал миллиардтар елi  iргеде отырып, қазақтың  кең даласы мен қазба байлығына көзiн тiктi.  Каспий теңiзiне тiкелей шығар жолдан өтiп, бүкiл Орта Азияны бақылауда ұстамақ арманы едi, ендi, мiне, iргенi түрiп, ендеп кiрiп келедi. Бiз өз тарапымыздан елге әлдеқашан белгiлi мәселенi тағы бiр жазсақ артық болмас деп санадық. Өйткенi билiк пен халықтың Қытай қаупi жөнiндегi түсiнiгi екi түрлi болғандықтан, бiз сол елдiң сөзiн қағазға түзгендi жөн санадық.

Олай демей қайтейiк, Қытай  «Маңғыстаумұнайгаздың» 49 пайызын иеленiп, уран кен орындарын игеруге мүмкiндiк алды. Сарапшылардың айтуынша, қытайлық компаниялардың Қазақстандағы мұнай көзiн иеленуi «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының үлесiмен теңескен.

Қолтығына қазақстандық энергия қуатының үштен бiр бөлiгiн қыстырған Қытай ендi мұнай тасымалының бағытын  да  иемдендi. Тасымал құбырының бәрiн қосқанда, қуаты жылына 20 миллион тоннаға жетедi. Қазақстан‑Қытай  газ құбыры арқылы  түрiкмендердiң газы жүретiн болса, ресейлiк  алпауыт саналатын «Газпромның» күшi әлсi­реп, басымдығынан айырылады. Сөйтiп, жаңа ғасырда Қытай Орта Азиядағы  ең қуатты  энергетиканың ойыншысына айналмақ. Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан берi ел iшiн кезген қытайлану қаупi қауесеттен гөрi шындыққа айналған түрi бар. Қазақстанның ресми билiгiнiң осы пiкiрге көзқарасын сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев: «Қытайды бiз шеттете алмаймыз, арамыздағы  шекара сызығы 1700 шаршы шақырымға же­тедi. Қытайдың экономикасы жедел дамуы тұрғысынан алғанда, жақын арада дүние жүзiнде екiншi орынға шығады. Бiз­дiң президенттiң айтуы бойынша, жоқ жерден үрейленiп, Қытайдан келер қауiп бар деп қауесет таратудың қа­жетi жоқ», - деп мәлiмдедi. Кез келген шенеунiктiң де (әрине, егер ресми түр­де сұрай қалсаңыз) айтары да - осы.

Ал үйде, той‑қонақта, керiсiн­ше, пi­кiр­дiң сан түрiн естисiз. «Қара қытай қап­­тап, миллиардтар аз қазақты жұтып қоятынын» айтып, намыстанған болады. Мұндай қауiптi қара халық баяғыда-ақ тамырын дөп басып, қолдан келер қайран жоқтығына, қор болғандарына ашынғаны қашан? Осы мемлекеттiң иесi - қазақ хал­қының бүгiнгi күйiн бiр қора арлан қас­қырдың ортасында қалған дәрменсiз қозылы қойға теңесек, қателеспей­мiз.  Иесi жерiнен, байлығынан айырылса, енесi жайылым тарлығынан тар қораға қамалып, өрiс дегеннiң не екенiн ұмытар түрi бар. Республиканың түкпiр‑түкпiрiнен редакцияға хат жолдап, телефонмен хабарласқан бұқараның қорқынышын естiр билiк болса, бiзден айып жоқ, жазуын жазып‑ақ жатырмыз.

Қытайдан келер қауiп өткен тарихтағы он сегiзiншi ғасырдағы Цин империясы Жоңғар хандығын жойып, сол жерде Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы құрған кезден басталды.  Бұл кезең жергiлiктi қа­зақ­тың үдере көшiп, iргедегi Ресейдiң боданына айналдыруға әкелiп соқты. Оның бер жағында, өткен ға­сыр­дың 1969 жылдарындағы кеңестiк‑қытайлық шекарадағы «Жа­лаңаш­көлдегi кикiлжiңдi» де қазақтар ұмыта қойған жоқ.

Осы шекара аймағында  тұрған ауылдағы көзкөрген-дер әлi күнге дейiн сол кездегi төтенше соғыс жағдайын ұмыт­қан жоқ. Шекараны қорғап оққа ұшқан құрбандардың болғаны жөнiндегi дерек әлi күнге дейiн жасырын күйде қалды. Ұлы Отан соғысы салған жарадан айықпаған ел дауыс салып, зар жылағанын көрген едiк. Шығыстағы шекара аймағының түлегi болғандықтан, бала болсақ та, сол кездегi шаңдатып, тас жолды тiлген танктер, ауыр техника мен өң­‑жүзiн шаң басып, бес қаруын асынған әскерлер ауылымыздан өткенде, ел‑жұрттың аңырағанын естiп, үрпие қорыққанбыз.

Сол қорқыныш бүгiн бар қазақтың бойынан әлi кетпептi. Әрине, бiз жоққа шығара алмайтын бiр шындық  бар, ол - көршi Қытайдың көне заманнан бергi мәдение­тiнiң бүгiнгi күнге жетiп,  қолөнер­дiң неше алуан түрi ендi жаңа заманғы озық технологияны игерiп, әлемдi жаулап алды. Сол кеңiстiк­те қазақтар да тұрмыс кешiп қана қоймай,  өзiмiзде құны жоқ шикi­зат­ты шекара асырып, қытайға өңдетiп, бiрнеше есе қымбат бағамен қайта сатып алуда.

Мұнай мен газды берiп қойдық деп зар жылап жүргенде, әлем дабыл қағып жатқан бiр мәселе - су қалтарыс­та қолды болды.  Нақтырақ айтсақ, шекара бойынан өтетiн өзен‑көлдiң суы. Қытай бiраз уақыттан берi сұрамай‑ақ Қара Ертiс пен Iленiң суын жол ортадан бұрып алған. Экологиялық залалын Қазақстан көрiп отыр. Бұл мәселеге Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi бас ауыртуға тиiс едi. Әзiрше, «жаны ашымастың балтыры сыздамастың» кейпiн танытып отыр.

Тiптi газ болмаса, бетегеден тобыл­ғы терiп, малдың қиын жағып күн көрерсiз‑ау, бiрақ  өмiрдiң нәрi, бiр тамшы су болмаса, бүкiл тiршiлiк көзi жойылатынын бала да бiледi. Ал қазақ сусыз қалса, ел билiгiндегiлер кiмдi басқарам деп, бiр сәт болса да ойланды ма екен?

«Соңғы елу жылда Қазақстандағы су көзi 20 миллиард текше метрге азайды. Бұл үдерiс күннен-күнге асқынуда. Iле өзенi Қазақстанға бiр тамшы да су  берiп жатқан жоқ, - деген едi белгiлi қоғам қайраткерi, қытайтанушы Мұрат Әуезов, - Шыңжаңдағы қытайлық (қазақтар емес) жер иеленушiлер өзiне қарай бұрып алған. Iшкi өлкесiнен хань ұлтын осы Шыңжаңға тұрақтандырып, жергiлiктi аз ұлттарды үлесiнен айыру саясатының бiр ұшы суға келiп тiрелген. Ханьдықтар нағыз жер өңдеу­шi‑ди­қандар заманға сай көп өнiм алу үшiн гербицид пайдалануға су көзiн  молырақ пайдалануды әбден игерген. Бiзге әртүрлi улы қалдықтармен ластанған су ағып  келедi. Қара Ертiсте қытайлар алып су қоймасын тұрғызды, кез келген уақытта Қазақстанға келетiн суды қалай жауып қоям десе - өз еркi. Бұл нағыз су саудасының арандатқыш түрi. Бiр қызығы, көршi Ресей де үн‑түнсiз отыр», - дедi.

Шыңжаң өңiрi күн санап дамып, өсуде. Су көзi - ауыл шаруашылығына ғана емес, мұнай өндiру үшiн де аса қажет. Қытайға мұнай мен газды бердiк деп жан ұшырып жүргенде, сусыз қалар түрiмiз бар. «Қара Ертiс пен Қарамайдың» Қытайдан өтетiн арнасынан орта жолдан Ертiстi бұрып алудың кесiрi Балқаш пен Зайсан көлдерiнiң бiртiндеп суалуына әкелiп соғары қақ.  Қытай кеңiрдектен алғанда, Қазақстан тарапының ешқандай қарсылық көрсетуге қауқары болмай тұр. Өйткенi Қытай шекара бойындағы суды пайдалану жөнiндегi Халықаралық конвенцияға кiрмеген әрi олардың Су кодексi тек өз мүддесiн қорғау құқын көздейдi. Сонда бiздiң билiктiң суды пайдалану жөнiндегi екiжақты қандай да бiр келiсiм жасаймын деуi - далбаса болып шығады. Көршiлердiң ондай келiсiмдi әдейi созатыны белгiлi. Қытайдың тағы бiр қулығы - ондай келiс­сөздердi Ресеймен бiр бөлек,  Қазақстанмен бiр бөлек жүргiзедi. Үшжақты келiсiм жүргiзу жөнiндегi ұсыныс Қытай тарапынан еш уақытта қолдау тапқан емес. Бiздегi еларалық дипломатияның бiр кемiстiгi де осында, көршiнiң ығында кетедi. Ең бастысы, елге жаны ашитын азаматтарға осы су мәселесiн қадағалап отырып шешуге бағыттау бүгiнгi күнi iске асар шаруа болмай тұр. Өз қалтасының қамын ойлайтындарға дәл бүгiн су сирағынан келмей тұрғаны - өкi­нiш­тi. Алысар жауың мықты болса, соған лайық сыртқы саясаттағы тағаны да мығым орнату қағидасы қарапайым адамға түсiнiктi. Бұл, әрине, дипломатияның мәселесi. Бiздiң сыртқы саясатты бас­қаруға кәсiби деңгейi сәйкес келмесе де, цирк ойыншысы сияқты түрлi мамандық иелерi келедi. Олар халықаралық жиындарда баяндама жасаумен шектелiп, ел байлығы қайда, қалай кетiп жатқанында шаруасы жоқ. Сонымен бiрге көпвекторлы саясат дегендi ұрандата даурығып, ертеңгi күнге алаңсыз күйде.

Қытай - стратегиялық әрiптесiмiз деп мақтанғанмен, алып әлсiздi жұтып қоятынын ескерiп отырған жоқ. Ал Қытайдың көздегенi - өзара интеграция­лық үдерiс емес, «бөлiп ал да билей бер» деген пиғылмен Қазақстанды уы­сында ұстау. Оған қарсы тұрар қау­қары жоқ билiкке ашынған жұрт не қайран жасарын бiлмей, басын тау мен тасқа ұруда.

Бақытгүл МӘКIМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 02 (39) от 13 января 2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371