Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2914 0 пікір 14 Қаңтар, 2010 сағат 07:45

Ағылшын күйеудің алдында ақ бас шал да құл

Осыдан біраз жыл бұрын, айтқыштардың бірі теледидардан «Бізде интеллигенция жоқ» деп өзеуреп еді. Сонда мен «Осы да сөйлей береді екен» дегенмін. Енді ойланып қалдым. Шынында бізде ешкім қалмаған ба?! Бар деп, бақандай етіп жүргеніміз... көзінде жас, көңілі мас, қол сүйгенді ар көрмей, бақыттан басы айналып жүр.  Ақын-жазушы мен соған теңдес зиялының  деңгейі билікке қай рудан, кімнің баласы шықты, кімдікі қай жерде қалып қалды, оны қалай жолға салу керек деген сынды шаруалармен әлек. Ал, бұған араласпай қалғандары жағдайларын түзеп, коммерсант әйелдерінің есебінен арқаларын кеңге салып, ұл-қыздарын шетел асырып, ертерек асырғандары қытай, араб, ағылшын, түрік, швед т.т. сынды дамыған елдің азаматтарымен құда болып, айына-жылына шетелге тиген қызының арқасында сонда барып келгенін мақтан тұтып, мұрындарын шүйіріп, менмен басады.

Бірде жасы жетпісті алқымдаған бір атақты мырзамыздың алдына бардым. Егемен еліміздің тәуелсіздік алған жылдарында мәртебелі қызметтер атқарып, ақсақал атанған адамды халықпен қауыштырып, «Мырзаға» шығармақ ниетте едім. Мырзамыз өзі жайлы біраз толғады. Әңгіме отбасы жайына ауысқанда қызының ағылшынға тигенін, ағылшын күйеу баласы келгенде отбасының түгелдей ағылшын тілінде сөйлейтінін мақтана айтты. Мен: «кемпіріңіз де ме?» деп сұрадым. «А, как же, ол кісі де өте жақсы сөйлейді. Абсолютно, бәріміз, немерелерге дейін» деп көсілді. Таң қалдым.  Сол ағылшынға қызымен қосылып бәрі тиіп алғандай. Елестетіп көріңізші, еліміз тәуелсіздік алған жылдары ең үлкен қызметтерде отырып ел басқарған, қазір өзін «мемлекеттік деңгейдегі адам» санайтын, ауылдағы күллі ағайын, руластары «ол - біздің ауылдан шыққан» деп мақтанатын, бүгінде бала-шағасының бәрін керек жерге қонжитып, өзі де тақтан түскісі келмей, әлі де болса сыйлы отырыстарда ақсақал болып арындап жүрген азамат, елі сонша биік дәрежеге көтерген ақ бас шал, қайдағы бір оқытушы болып істейтін ағылшын күйеу баласының алдында ағылшынша сөйлегенді мәртебе санайды. Сол келгенде ағылшынша сөйлеп, ағылшынша ішіп-жейді. Бұдан өткен бейшаралықты, бұдан өткен құлшылықты басқа ұлттан іздесең де таппассың-ау.

Жә, қойшы, содан мырзамыз көсіліп жүріп бір кітап әкелді. Әлгі кітапты өзінің рулас азаматтары шығарыпты. Ол бір танымдық дүние болар, шежіре ме деп қолыма алдым. Ақсақалымыз керек бетін ашып жіберіп, бақырайтып өзінің суреті мен аты-жөнін қолымен нұқыды. «Көрдің бе, мыналардың бәрінен бұрын мені жазып қойыпты» деді.  «Онда тұрған не бар? Бірақ, мыналарда ұят жоқ екен» дедім, мақтанғанына қарай әдейілеп. «Неге?» деді жұлып алғандай. «Сізден басқа осы руда қазақ білетін қанша зиялы, мықты ерлер өтті. Сонда не, сізді тірі болғаныңыз үшін, басқалардан артық сыйлай ма?» дедім. Осыдан кейін-ақ сөзіміз жараса қоймады. Екеуміз де мәдениетті жандардың сыпайы сөздерімен тістесіп отырмыз. «Газеттеріңнің сапасын жақсарту керек»,  -  деді. «Неге? Төмен деп ойлайсыз ба?» деймін мен. «Жоқ, бірақ солидный, современный етіп,Ресейлік жылтыр журналдар сияқты жылтыр қағазбен шығарсаң, сонда қалталылар да, мына біздей кісілер де оқиды» деді. Шыдамай кеттім. «Бұл газетті сіздейлер үшін шығарып жатқан жоқпыз». «Онда кім үшін? Сыртында атақтылар тұр ғой» деп таңдана сұрады. «Ол - қарапайым халықтың газеті». Ақ бас шал қарқ-қарқ күліп қала берді. Өзінің ұлтын қорлап, өзгені өзінен биік қойып, біреуге құл болудан арыға санасы жетпейтін мұндай сорлыға қалай ғана елдің тізгінін ұстатып, сеніп жүргенбіз-ай...

Бибігүл  МҰХАМЕДҚАЗЫ

«Мырза» газеті, №12 (27).2009ж.

(Ескерту - мақала «Мырза» газетінде «Бұл - халықтың газеті» деген атпен берілген)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371