Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3007 0 пікір 16 Қаңтар, 2010 сағат 07:30

Депутат Нұртай Сабильяновтың Премьер-Министр К.Мәсімовке депутаттық

Экологиялық жәрдемақы төлеу мәселелерін қарастыруды сұраймын

«2009 жылғы 24-26 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының барлық 9 ауылдық округінде, соның ішінде Құндызды, Көкбай, Кеңгірбай би, Тоқтамыс, Саржал, Медеу, Қасқабұлақ, Архат, Қарауыл ауылдарында болып сайлаушылармен кездесу өткізген кезде, аудан тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің бірі - Семей ядролық сынақ полигонындағы ұзақ уақыт ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғауды жетілдіру мақсатында «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына өзгерістер енгізу мәселесі.

Хат иелері: «...ауыл тұрғындарының полигон зардаптарын жою жөніндегі өтініш-тілектері қоғам көңіл аударатындай жағдайға жетті деп ойлаймыз. ...1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтарды қорғау» заңы полигон тұрғындарына көптеген жақсылықтар әкелді... осы заң полигон тұрғындарын түгелдей қорғап отырған жоқ. ...заң бойынша 1949 жылдың 29 тамызынан 1963 жылдың 5 шілдесі аралығында 10 жыл тұрған азаматтар ерлер 50 жастан, әйелдер 45 жастан зейнеткерлік төлем алуға құқылы деген бап бар. Осы баптың негізінде қазір 1949-1953 жылдың 5 шілдесіне дейін 5-ақ жыл ішінде туған азаматтар зейнеткерлік төлем алып отыр және осы азаматтардың көбі қазір қайтыс болып та кетті. Ал, 1953 жылдың 6 шілдесінен бастап полигон жабылғанға дейін осында туып тұрған азаматтар неге экологиялық зиянсыз аймақтардың зейнеткерлік жас мөлшерімен теңестірілген: ерлер - 63, әйелдер - 58. Осы жағдай дұрыс па?

Қазіргі кездегі біздің полигоннан запа шегуші ретінде талаптарымызды айтсақ, 1992 жылғы заңды қайта қарап, толықтырулар енгізілсе:

1. Төтенше радиациялық аймаққа ерекше статус беріліп, қамқорлыққа алынса.

2. Сол берілген статус негізінде полигон тұрғындарының денсаулық сақтау жұмыстары жақсартылса, олар жатып емделетін емхана салынса.

3. Пенсия жасына өзгерістер енгізілсе екен деп сұраймыз. Қазіргі полигон аймағында тұрғанға байланысты пенсияға шығару жасы бізді қанағаттандырмайды. 40 жыл полигон отының астында тұрған адамдардың 5-ақ жыл өмір сүрген адамдарға ғана жеңілдік жасалып отыр, қалған адамдардың зейнеткерлік жасы полигонның төтенше радиациялық қатерлі аймағында тұрсақ та басқа экологиялық таза аймақтармен теңестіріліп отырғанын дұрыс дей алмаймыз.», - деп жазған.

Осыған байланысты Сізден Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы тұрғындарының өтініштері бойынша:

1. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақта тұратын азаматтардың зейнеткерлікке шығу жасын төмендету;

2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы Заңының 9-бабы 2-тармағындағы «кемiнде 10 жыл» деген сөздерді алып тастау;

3. Төтенше және ең жоғары радиациялық қауіпті аймақтарда тұрып жатқан және  зейнетке шыққан азаматтардың үстемеақы алу құқығын шектемеу, оны толық көлемде жүзеге асыру мәселесін, яғни «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабындағы «1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн» деген сөздерді алып тастау;

4. Экологиялық жәрдемақы төлеу мәселелерін қарастыруды сұраймын.».

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392