Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2629 0 пікір 16 Қаңтар, 2010 сағат 07:34

Біз ұлты жоқ биліктің басқаруындағы ұлтқа айналдық

«Ел  бірлігі»  доктринасы    -    Қазақ  басшылығының  18  жыл  бойы  жүргізген  ұлтсыздандыру  саясатының  нәтижесі  екеніне  көзіміз  жетті  деп  айтуға  толық  құқымыз  бар.   Бұл  саясат  оған  дейін  патшалық  Ресей,  сосын  74  жыл  бойы  кеңес  заманындағы  Мәскеу  жүргізген  ұлт  саясатынан  еш  айырмасы  жоқ. Кеңес  заманында  Қазақстан  қолдан  жасалған  «ұлттар  достығының  лабораториясы»  болды.   Ол  кезде оның  не  үшін  қажет  болғаны  айдан  анық  болса,  ал  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстанның  дәстүрлі  «достық  лабораториясының»  жалғасуын  қазақтар  түсіністікпен  қабылдады.  Тіл,  мәдениет,  тарих,  әдет-ғұрып   мәселелерін  қайта  жаңғырту, қалпына  келтіруге  басқа  ұлттар  жағынан  жанталаса  қарсыласу  болғанда  қазақ  жағы  ашуланбады,  сабырлылық  танытты.  «Тәубе,  тәубе. Ең  бастысы  -  қолымыз  азаттыққа жетті  ғой,  қалғаны  бірте-бірте  болар»  дедік.  Мемлекеттік  тілді  екінші орынға ысырып  орыс  тіліне  тізгінді  беріп,  оның өктемдігіне,  тіпті  қорлығына,  мазағына  да  көніп келеді.  Бізден  басқа  ТМД  елдері  Тіліне,  Мәдениетіне,  Тарихына  қайта  оралды.  Кеңес  үкіметі  зорлап  тыққан  тарихты  көпке  ұзатпай  лақтырып  тастады,  ежелгі  тарихын  қалпына  келтірді.  Біз  болсақ  бұрынғы  тарихтан  кете  алмадық.

«Ел  бірлігі»  доктринасы    -    Қазақ  басшылығының  18  жыл  бойы  жүргізген  ұлтсыздандыру  саясатының  нәтижесі  екеніне  көзіміз  жетті  деп  айтуға  толық  құқымыз  бар.   Бұл  саясат  оған  дейін  патшалық  Ресей,  сосын  74  жыл  бойы  кеңес  заманындағы  Мәскеу  жүргізген  ұлт  саясатынан  еш  айырмасы  жоқ. Кеңес  заманында  Қазақстан  қолдан  жасалған  «ұлттар  достығының  лабораториясы»  болды.   Ол  кезде оның  не  үшін  қажет  болғаны  айдан  анық  болса,  ал  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстанның  дәстүрлі  «достық  лабораториясының»  жалғасуын  қазақтар  түсіністікпен  қабылдады.  Тіл,  мәдениет,  тарих,  әдет-ғұрып   мәселелерін  қайта  жаңғырту, қалпына  келтіруге  басқа  ұлттар  жағынан  жанталаса  қарсыласу  болғанда  қазақ  жағы  ашуланбады,  сабырлылық  танытты.  «Тәубе,  тәубе. Ең  бастысы  -  қолымыз  азаттыққа жетті  ғой,  қалғаны  бірте-бірте  болар»  дедік.  Мемлекеттік  тілді  екінші орынға ысырып  орыс  тіліне  тізгінді  беріп,  оның өктемдігіне,  тіпті  қорлығына,  мазағына  да  көніп келеді.  Бізден  басқа  ТМД  елдері  Тіліне,  Мәдениетіне,  Тарихына  қайта  оралды.  Кеңес  үкіметі  зорлап  тыққан  тарихты  көпке  ұзатпай  лақтырып  тастады,  ежелгі  тарихын  қалпына  келтірді.  Біз  болсақ  бұрынғы  тарихтан  кете  алмадық. Ең  мықты  ісіміз  -  әркім  өзіне жақын жүздің, рудың, ата-бабасының  батыры  мен  биін,  атақты  кісілерін  тарихтан  аршып  оның  атын  Жаңа  тарих  деп  оқып  жатырмыз.  Билік басына  тек  қана  орысша  сөйлейтін, мемлекеттік тілге  шекесінен  қарайтын министр, әкім, депутат,  шенеуніктер  келді.

Олардың  ұстанған  саясаты: «Тіл, Мәдениет, Тарих  тағы  басқалар  ешқайда  қашпайды. Бізге  қазақпыз  деп  ерекшеленудің  қажеті  жоқ. Әуелі  халық  тұрмыстық  жағдайын  жөндеп  алсын,  қарынын  тойдырсын,  қалғаны  маңызды  емес. Қазақ  тілі  қайда  қашады  дейсің, әзірше бәріміз  бір  тілде  (яғни  орыс  тілінде)  сөйлей  тұрайық, бәріміз  бір  ұлтпыз,  қазақстандықпыз, бір  халықпыз»  деп  алдарқатып  келді,  келеді.. Өздері  әлдеқашан  байлық  пен  билікке  қолын  жеткізді,  оларға  енді  қазақтың тілі  де, мәдениеті  де,  ештеңесінің  де  қажеті  жоқ.

Әлемде  қалыптасқан,  тәуелсіздік алған  барлық  елдердің  дәстүрлі  жүріп  өткен  жолы бар. Ол  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  дереу отарсыздандыру  (деколонизация)  саясатын  жүргізіп  оны  жүзеге  асыру.   Яғни,  отаршылдық  зардаптарынан  арылу,  оларды  емдеу,  қалпына  келтіру,  жаңғырту.  Себебі,  отар  болған  жылдарда  түскен  жара,  зардап,  зақым,  сіңген  ауру   оңай  жазылмайды.  Ғасырлар  бойы  сыналап  кірген  бодандық  сана,  зорлық-зомбылықпен  ендірілген  отаршылдық  белгілері  бірден  кетпейді.  Жойылған  ұлттық  қазына  мен  қасиет,  елдік,  жұрттық  ерекшеліктерді  қалпына  келтіруді  мемлекеттік  және  арнайы  заңдастырылған  жолдармен  жасап  бірден  кіріспесе,  оған  бүкіл  халықты  бұрмаса  кейін   кеш  болады. Бұлай  етпеген  жағдайда  тәуелсіздік  алған  халық  бұрынғы  империяның   құлы  болып  қала  береді.

Отарсыздандыру  саясатының  орнына  Қазақ  басшылығы  18  жыл  бойы  өз  ұлтына  қарсы  ұлтсыздандыру  саясатын  жүргізіп  келеді. Нәтижесінде  отарлықты  қор  көрмейтін,  өз   тілін  тәрк  етіп,  өзін  отарлаған  елдің  тілімен  сөйлейтін,  осы  тілмен  ЕҚЫҰ-ы  басқаратын,   ұлты  жоқ  Мемлекет  пен  Парламент,  ұлты  жоқ  Үкімет, ұлты  жоқ  министр, әкім, депутаттар  басқаратын  елге  айналдық.

Нәтижесінде  қазақ  ұлты  өз  елінде,  өз  жерінде  қолдаусыз,  көмексіз  жалғыз  қалды.  Қазақтың  тілін,  мәдениетін елімізде тілі  мен  діні  бір  түркітілдестерден  басқа  ешкім  қолдап  отырған  жоқ.  Дәлел  керек  пе?  Бұған  өткен  жылғы  орыс-грузин  жанжалы  кезінде    көзіміз  айқын  жетті.  Бір  ғана  сәтте,  жанжал  басталған  күні - ақ Қазақстандағы  орыстілді  ұлт  ұйымдары,  солтүстік  облыстардағы  саяси-қоғамдық  партиялар  мен  ұйымдар, мекемелер,  коммерциялық,  іскерлік  топтар,  жеке  азаматтар  бір  сәтте  Ресейдің  саясатын  жақтап  кетті.  Көптеген  азаматтардың  қос  азаматтығы (екіншісі  ресейлік)  бар  екені  аңғарылды.  Олардың  жай  ғана  қолдаушылар  ғана  емес,  Ресейдің  көмегімен  құрылған,  солардан  қолдау  алатын  аты  демократиялық , заты  ресейлік  екенін  байқадық. Жанжал  кезінде қазақ  елінің  ақпарат  кеңістігін  орыстілді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  жаулап  алды.  Бұл  жағдайға  қарсы  әрекет  қылуға  ел  басшылығының  дәрменсіз  бишара  екенін  көрдік.  Бірақ,  оған  намыстанған  қазақ  басшылығын  көрмедік, керісінше Ресей  БАҚ-ң  экспансиялық  саясатының  бұрынғыдан  да үдеуіне  жол  беріп  отыр.

Қазақты  басқа  ұлттардың  қолдамауы  ел  басшылығының  жүргізіп  отырған  солқылдақ  бишаралық  ұлт  саясатының  нәтижесі  деп  айта  аламыз. Себебі,  олар  ел басшылығының  өз  ұлтын   құрметтемей  отырған  саясатын  көріп  отыр.  Екіншіден,  әрбір  ұлттың  өз  еліне,  орыстың  -  Ресейге,  украинның  -  Украинаға, немістің   -  Германияға  көзін  тігуі,  балаларының  болашағын  сол  жақтан  күтуі  түсінікті  нәрсе,  табиғи  заңдылық.  Олар  ең  әуелі  өз  Ата  жұрттарының  дамығанын,  көркейгенін  қалайды.  Мысалы,  Өзбекстандағы  қазақтардың  бізге  алаңдап,  бізге  тілектестігін  дұрыс  қабылдап  отырған  жоқпыз  ба?

«Мықты  болсаң,  әуелі  өзіңді  сыйла»  деген  сөз  бар.  Біз,  өзіміз  ес жия  алмай,  ел  бола  алмай,  қазақ  екенімізді  тани  алмай,  жоғалтқанымызды  таба  алмай,  төрткүл  дүниеде тарыдай  шашыраған  қазақтың  басын  қоса  алмай,  екі  аяғына  тік  тұра  алмай  жүріп  басқаларды жарылқамақпыз. «Өзің  диуанасың  -   кімге  пір  боласың»!

Өз  елінде   -  Тіліне,  Мәдениетіне, Тарихына  ие  бола  алмай  отырған  қазақ  кімді  жарылқамақсың!

Қазақ!  Мықты  болсаң,  әуелі  өз  жеріңде  аға  халық,  аға  ұлт  екеніңді  дәлелде,  басқаның  алдында  абыройың  бар  ма,  жоқ  па?  Өзіңе  өзің  сырттан  қарап  көрші!

Қазақ  басшылығы!  Сен  Қазақ  жеріндегі  Қазақ  елін  басқаруға,  Қазақ  мемлекетін  қалыптастыруға  Қазақ  деген  ұлттың  арқасында  келдің!  Сол  үшін  сен  ең  әуелі  Қазақ  деген  халықтың   алдында  жауапты  екеніңді  ұмытпа!

Бес  ғасыр  бойы  азаттықты  аңсап  «мың  өліп,  мың тірілген»   қазақтың  өз  Елінде,  өз  Жерінде  ерекше  орны  бар,  артықшылығы  бар. Бұл  заңдылық,  бұл аксиома.

 

С.  Жүсіп

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387