Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3944 0 пікір 18 Қаңтар, 2010 сағат 07:16

Думан АНАШ. Қараторғай – қазақтың «туысы»

Биыл Қазақстан биоалуандық сақтау қауымдастығы мен Қазақстан құстарды қорғау одағының жетекшi орнитологтарының бiрiгiп өткiзген сауалнамасы нәтижесiнде жыл құсы болып қараторғай таңдалыпты. Селт еткiзер жаңалық қой. 
Мына Ресей орнитологтарында бұл дәстүрдiң тамырын кеңге жайғалы қашан! Орыс халқы әр жылға бiр құстың есiмiн берiп, сол жылды әлгi құсты көбейтуге, оны насихаттауға, қорғауға арнайды.
Ал бiзде бұл шара 2006 жылдан берi ғана қолға алынды. Осы уақытқа дейін бейне, бiз құстан, әлде құс бiзден жырақ кеткен сыңайда өмiр сүре берiппiз. Әрине, ештен кеш жақсы. Өткен жылы бозторғай жылы болса, 2008 жылы тырналарды әспеттеген едiк. Биыл – қараторғай жылы.
Қазаққа жақын бұл құстың елiмiзде үш түрi мекендейдi екен. Қарапайым қараторғай, қызғылт қараторғай және майна деп аталатаын үндi қараторғайы. Бiздiң елге келетiн қараторғайлар негiзiнен Үндiстан, Пәкiстан аумағын қыстап шығады.
Қараторғай – қазаққа көктемнiң хабаршысы iспеттi. Тiптi, қараторғайдың өз мезгiлiнде ұшып келуiнiң де аса мәнi бар. Алдымен оңтүстiк өңiрге келiп жететiн бұл құстың өткен жылы екi апта кешiгiп келуi диқандардың еңбегiне елеулi әсер еткен. Мұны айтып отырғанымыз, бұл титтәй құс шегiрткемен, егiн даласына зиянкес жәндiктермен қоректенедi. Яғни, сiз бен бiздiң тоқшылығымыз, егiннiң бiтiк шығуы қараторғайдың келiп жетуiне де байланысты.

«Жоғары-төмен үйрек, қаз, ұшып тұрса сымпылдап» (Абай) дейтiн заман емес. Әрi шаһар жағдайында бұл сурет сағымға айналғалы қашан. Әйтпесе, кеше ғана едi ғой, көрнектi қаламгерiмiз Iлияс Есенберлиннiң «Баум тоғайы» деген тақырыпта Алматының базарлы бау-бақшасын әспеттеп жазатыны. Қарқынды техногендi даму табиғат тылсымын аранына алғалы, көрiктi мекеннiң уыз көрiнiсi кейiнгi ұрпақ бойына көркем өнер ретiнде суреттер арқылы жетпесiне кiм кепiл?!
Осы ретте «Алматы ақшамы» газетінің iлкiде «Құстар күнiн» өткiзу туралы бастамасы болғанын еске сала кеткендi жөн көрiп отырмыз.
Қалаға «Құстар күнi» қажет. Жусан иiсiн иiскемеген, табанының бүрi топыраққа тимеген қала өскiнi қазақ даласының қуаты мен ұлылығын қабылдау үшiн де «Құстар күнi» қажет.

Табиғатында қазекем – құсжанды ұлт еді. Байтақ атырапты «құс қанаты талатындай» дейдi. Сергек жанды «құсұйқылы» дейдi. Сақса жанды «екi шоқып, бiр қарап» дейдi. Бұл қазақтың құсқа, оның мiнезiне теңемейтiнi жоқ. «Көл жағалай мамырлап қу мен қаз, жұмыртқа iздеп, жүгiрiп балалар мәз» дейдi хакiм Абай да құстың қазақ тұрмысы үшiн шат-шадыман базарлы әлем екенiн меңзеп.
Қазақтың соның iшiнде, жұдырықтай ғана қараторғайды ынты-шынтысымен жақсы көретiнiне бәс тiгуге болады.

Келедi қараторғай қанат қағып,
Астына қанатының маржан тағып.
Бiрге өскен кiшкентайдан сәулем едiң,
Айрылдым қапылыста сенен нағып.

Қараторғай,
Ұштың зорға-ай.
Бейшара, шырылдайсың.
Жерге қонбай.

Ертiстiң ар жағында бiр терең сай,
Сүйреткен жiбек арқан тел қоңыр тай.
Ағаштың бұтағына қонып алып,
Сайрайды, таң алдында қараторғай – деп шырқаған едi қазақтың Ақан серiсi. Сурет қой, қарап отырсаңыз!..

Ендi бiрде:

Қарағым, айналайын, қара қасым.
Жiбектей қара мақпал қара шашың, еркем-ай.
Елiктiң лағындай егiлемiн.
Мөлдiреп, сенi ойласам, көзден жасым, еркем-ай

Қараторғай, қарағым-ай,
Мөлдiреп, сенi ойласам, көзден жасым, еркем-ай, – дер едi Халық әнi.

Серiнiң көңiлiне ортақ болған, халықтың iңкәр мұңына бойлаған бұл жұдырықтай құстың құдiретi неде едi? Бұл құдiрет – қазақтың өзiнде, табиғатқа деген риясыз көңiлiнде едi. Қазақ табиғатында әсершiл, сезiмшiл халық еді. Бусанған көрiктi мекен оның сыртқы әлемiмен қоса, iшкi дүниесi, сырласы едi. Қараторғай қазақтың – туысы еді. Биыл жыл құсы қараторғай болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394