Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2910 0 пікір 18 Қаңтар, 2010 сағат 08:04

Ерлан Саиров. Елеусіз емес, ерекше болуымыз керек

Жуырда біз көрші мемлекетте орын алған бір наразылықтың куәгері болдық. Барлығымыз білетіндей, бірнеше жылдар бойы Санкт-Петербор қоғамдастығы әлемдегі газды шығару, тасымалдау және сату корпорациясына қарсы тұруда. Бұл компания әлемге танымал, бірақ мемлекет ішіндегі мемлекет - Ресей Газпромы болмағанда, онда бұл мәселе бізге де, Ресей жұртшылығына да таңсық болмаушы еді.

Алайда, Санкт-Петербор қоғамының Газпроммен «Охта Центр» деп аталған «мәдениет» орны үшін «соғысып жүргені» бізді бір жағынан таң қалдыруы ықтимал. Қала қоғамы қысымының күшімен бұл дауға әлемге танымал сәулетшілер Фостер, Курасава және ЮНЕСКО сияқты халықаралық қауымдастықтар да қосылды.

 

Жуырда біз көрші мемлекетте орын алған бір наразылықтың куәгері болдық. Барлығымыз білетіндей, бірнеше жылдар бойы Санкт-Петербор қоғамдастығы әлемдегі газды шығару, тасымалдау және сату корпорациясына қарсы тұруда. Бұл компания әлемге танымал, бірақ мемлекет ішіндегі мемлекет - Ресей Газпромы болмағанда, онда бұл мәселе бізге де, Ресей жұртшылығына да таңсық болмаушы еді.

Алайда, Санкт-Петербор қоғамының Газпроммен «Охта Центр» деп аталған «мәдениет» орны үшін «соғысып жүргені» бізді бір жағынан таң қалдыруы ықтимал. Қала қоғамы қысымының күшімен бұл дауға әлемге танымал сәулетшілер Фостер, Курасава және ЮНЕСКО сияқты халықаралық қауымдастықтар да қосылды.

 

Сырт көзге бұл даудың себебі не? Бір қарағанда түкке тұрмайтын айтыс... Газ алпауыты зәулім ғимарат салғысы келеді. Бірақ, бұл мәселенің бергі беті. Ал егер оған тереңірек үңілсек, зәулім ғимарат - бұл өмір салты, идентификациялық код, мәдени өктемдік саясатының элементі. Міне, гәп қайда жатыр?.. Білгіңіз келсе, зәулім ғимарат - бұл мәдени жаһанданудың элементі немесе американдық өмір салтының мәдени өктем саясатының сыйпаты. Әрине, біз жаһанданудан бас тартпаймыз және оны жоққа шығармаймыз. Жаһанданудың жақсы жақтары да аз емес. Атап айтсақ, капитал еркіндігі, ақпарат еркіндігі (шартты түрде болса да), халықтың еркін көшіп-қонуы. Алайда, біз жаһандану барлық ұлттық мәдениеттерді шартты түрде жойып жібергенше оны тек қана қолдап отыратын боламыз.

 

Енді тікелей айтпақ әңгімемізге көшелік.

Битлз, АББА, Эс-оф-Бэйс және т.б. есімізде шығар.. Біз осыноу әлемдік шедеврлерді сүйсініп тыңдаймыз. Бірақ, осы шедеврлер біздің ұлы эпостық жырларымызды -«Алпамыс» пен «Қобыландының» немесе лироэпостық «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» жыры мен «Қыз Жібектің» орнын баса ала ма? Жоқ.

Бұл мәселені көтеруіміздің себебі неде?

Осы жерде идеологияның, яғни саяси мәдениеттің керегі неде екендігі айқындалады.

Мәдениет тарихы деген ұғым бар. Мысалы, Алматы қаласының өзіндік мәдени тарихы бар. Алматы символдық мағанасында «Алманың қаласы» дегенді білдіреді. Алматы апорты бұрынғы Кеңес Одағы кезінде бүкіл әлемге танымал болды. Бұл да бренд... мәдени бренд еді. Ал бұл алмалар қазір қайда? Ол алмаларды қаржыгерлердің, брокерлер мен биліктегі кәсіпкерлердің пайдакүнемдігі мен арам олжаға деген «аңсары» жеп қойды.

90-жылдардың басында Алматыда тарихи-мәдени мұра объектілері көп болған. Ал қазір олар қайда? Олар қазір қайда кетті? Оларда мемлекеттің «түнгі қарауыл» принципі жарияланған кездегі алғашқы нарық туралы түсінік - «Laissez-faire» яғни, «әрекет еркіндігінің» құрбаны болды.

Алматыны Виктор Храпунов билеген кезде тарихи ескерткіштер тұрған 200-ге жуық жер учаскелері сатылып жіберіліпті. Соңғы жылдары Алматыда оншақты тарихи құнды ғимараттар тағы да жоқ болды. Шынын айтсақ, Алматы бейнесін «жаңартуға» өз үлестерін қосқан Храпуновтан басқа да адамдарды атайтын болсақ, олардың тізімі ұлғая береді, бірақ бұл мүлде басқа әңгіме.

Міне, осы «басқа әңгімелердің» қортындысында қазақ мәдениетінің «жусан бесік даласы» болған, әрбір табиғи апаттарға төзімді және әр уақытта өз қалпына қайта оралудан айнымайтын Алматы бар бояуынан оңып, космополитизмге бой ұрған «даладағы жалғыз дараққа» айналды. Сонымен қатар, енді «жат мәдениеттер желі» соғып Алматыдағы қазақилықтың күре тамырын үзіп, түбімен құртып, ол жайында ұрпақ жадында ештеңе қалдырмай түп-тамырымен жойып жіберді деп айтуға болады.

 

Лондон, Париж, Берлин, Вена т.с.с. ірі мегаорталықтардың мәдениетіне қараңызшы. Ол жерде бүкіл аудандарды құлату тұрмақ қоғам мен өкіметтің ұйғарымынсыз тіпті ештеңеге тиісуге болмайды!

Таяуда менің дипломат танысым жеке иелік құқығы болса да 10 жыл бойы ғимаратты ішкі күрделі жөндеуден өткізуге, әрлеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті муниципалитеттен рұқсат алуға тырысқаны жөнінде және сол әрекетінің сәтсіз болғаны туралы айтып берді. Іс жүзінде өзін өзі сыйлайтын мемлекеттерде бұл мүмкін емес екен, себебі ғимарат «тарихи-мәдени нысан» және ол тұрғылықты халықтың сана-сезімінің бір бөлігі болып табылады. Ал біз өзіміздің төл мұраларымыз сана-сезімімізбен бірге өмір сүретініне мән берміз бе? Өкінішке қарай жоқ.

 

Аяқтап келгенде біз шетелдіктерді өзіміздің «пластик пен шыныдан жасалған қораптарымызбен» таң қалдыра аламыз ба, оларда бұның бәрі де бар ғой. Өйткені, мәдениетте «басқа»деген ұғым өте маңызды. Біздің қымызханалар қайда?...Ұлттық мазмұны бай ауылдарымыз қайда? Біз осы мәселені Елбасы көтергенде ғана түсініп, «оянуымыз» керек пе?

Петербор басқаларға қарағанда мәдениеттің «басқаша» болуы үшін өз құқықтарын қорғауға мүдделі болып жатыр. Бұл өте дұрыс әрекет. Демек біз де «бір қалыпты» болғанша «басқаша» болуды ойластырайық. Елеусіз емес, ерекше болайық!

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392