Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2875 0 пікір 18 Қаңтар, 2010 сағат 09:08

СТС 31-ші арнаны жұтып қойған сияқты...

Мерзімді басылымдарда жарияланып жататын телебағдарламалардың қатарынан 31-арнаның бес бірдей бағдарламасы көрінбей қалды. Аталған арнадан таралып көрермен аудиториясымен қауышқанына көп уақыт өте қоймаған «Білгірлер бәйгесі» (зияткерлік бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Әлімжан), «Замандастар» бағдарламасы (жүргізушісі Мақсат Мәлікұлы), «Кәсіпкер» бағдарламасы (жүргізушісі Нұрсұлтан Құрман) «Пікір алаңы» бағдарламасы (жүргізушісі Қасым Аманжолұлы), 2011 жылы өтетін Қысқы Азия ойындарына арналған «Биік мақсат» бағдарламасы (жүргізушісі Саламат Омаш) шамасы жабылып қалғанға ұқсайды.

31- аранда қазір "Жұлдызбен жүздесу", "Әзіл-студио" және әр жексенбі сайын экранда отырып алып жоқты-барды сөз қылатын "Әңгіме болсын"  атты ток-шоу сыйпатындағы бағдарламалар ғана қалыпты. Алайда осындай ойын-сауықтық бағдарламалар 31-арнаның негізігі саясатына айналса керек. «Жұлдыздар отбасы» журналының сауалнамасына қатысқан арнаның Бас директоры Нұржан Мұхамеджанова «Соңғы екі жылда біздің арнаны алға сүйреп келе жатқан  осы ойын-сауықтық бағдарламалар» дейді. Алайда, Нұржан Жалауқызы әлгі жабылып қалған бағдарламалар туралы  «көрермен жүрегінен орын таба білді» деген пікірде көрінеді (Нұржан МҰХАМЕДЖАНОВА, «31 арнаның» бас директоры: «Дайын хабарды сатып алып отырмыз». «Жұлдыздар отбасы» журналы, №2, 2010 жыл)

Алайда, «көрермен жүрегінен орын таба білген» бағдарламалар неге жабылды? Бұл сұраққа Нұржан Жалауқызы «аталған бағдарламалар былтыр мемлекеттік тапысырыс бойынша қаржыландырылған еді. Тендер 2009 жылы наурыз айында өтіп, тиісті қаржы шілде айында ғана түсті. Сондықтан біз қаражаты кешігіп келетін  мемлекеттік тапсырыстағы бағдарламаларды ұстап отыра алмаймыз. Оның үстіне еліміздегі БАҚ туралы заң бойынша мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың көрсетілімін кемітпеуіміз керек. Сол себептен де  өз қаражатымызбен қазаша бағдарламаларды дайындап жатырмыз» деп жауап берді. Ол қандай бағдарламалар? Мұхамеджанова ханым әзірге бұл сұрақтың жауабын құпия қалдыра тұрайық деген өтініш білдірді. Әйткенменде, алдағы уақытта 31-арнаның форматына сәйкес қазақ тіліндегі ойын-сауықтық  бағдарламалардың көбейе беретіндігін аңғардық. Мұны Мұхамеджанова ханым да жасыра алмады.

Өздеріңіз байқап жүрген шығарсыздар, біздің арнаның форматына көрермен аудиториясын көңілдендіретін ойын-сауықтық бағдарламалар сәйкес келеді. Осы бағытта жұмыс істейтін боламыз, - дейді ол.

Жабылып қалған бағдарламаларда қызмет жасаған журналистер, теле жүргізушілер жаңа бағдарламаларға жұмылдырылатынға ұқсайды. Нұржан Жалауқызы бізді осыған сендірді.

Сонымен, 31-арнадағы мемлекеттік тілде таралып қоғамдық-әлеуметтік мазмұны айқындала бастаған «Замандастар», «Пікір алаңы» сияқты жетекші бағдарламалар көрермен аудиторясымен қайта жүздеспейтін болды. Есесіне, 31-арнадағы қазақ тілді сауықтық бағдарлама түн жарымындағы сағат төрттен құлқын  сәрідегі жетіге дейін шығатын «Жұлдызды жинақ» атты жаңа бағдарламамен толығыпты. 31-арна мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың жалпы жиынтығын аудармалармен, нақтырақ айтсақ балаларға арналған тәржіма мультфильмдермен, қолайсыз уақытқа қойылған тәржіма фильмдермен, СТС-тің қазақшаға қотарылған ток-шоуларымен жасап қана отыр.  Сөйтіп, мемлекетік тілдегі бағдарламалардың қарасын 37, 5 пайызға жеткізіпті!

Естеріңзге сала кетейік, 31-арнаның акциясын 2008 жылдың наурыз айында Ресейдің СТС телекомпаниясы сатып алған болатын. ҚР БАҚ туралы заңы бойынша шетелдік заңды тұлға біздегі баспасөздің 20 пайыздық акциясына ғана ие болуға тиіс. Алайда, осы күнге дейін 31-арнаның үлесі СТС-ке қанша пайыз көлемінде сатылғаны белгісіз болып келеді.  Ал, әуел баста саяси-қоғамдық мазмұнымен танылған 31-арна бұл күндері толықтай СТС-тің форматына көшіп алды. Қысқасы, СТС 31-арнаны жұтып қойған сияқты.

Төмендегі кестеге көз жүгіртіңіз. 31-арна ғана емес, мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың аясы өзге де арналарда  тарылып барады. Сонда дейміз-ау, еліміздегі заңдардың орындалуын қадағалайтын құқық қорғау орындары қайда қарап отыр? Мәдениет және ақпарат министрлігі неге үнсіз? Түсінбедік.

БІР АПТАДАҒЫ ТЕЛЕХАБАРЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҮЛЕС САЛМАҒЫ (%)

Арнаның аты                     2002 жыл           2009 жыл

Қаз.* Ор. Қаз.     Ор.

1. «ҚАЗАҚСТАН»                49,1  49,5**           63,5    36,5

2. «ЕЛАРНА»                      100    0                     50,8    48,2

3. «ХАБАР»                         22      77,8***        49       51

4. «РАХАТ» (СТВ)              46,7   53,2               44,8   55,2

5. «ТАҢ»                               39,6   60,4               43       57

6. «31 АРНА»                     18,7    81,3               33,4   66,6

7. КТК                                     24,2    75,8               28       72

8. НТК                                     25,1    74,9               23,6   76,4

9. «АСТАНА»****               -            -                  17,8    83,2

Ескертулер:

а) * Қаз. - қазақша, Ор. - орысша.

ә) ** - «Қазақстан» арнасының 2002 жылғы көрсеткішінде қазақшасы мен орысшасының қосындысы (49,1+49,5) 98,6% болып тұр. Қалған 1,4% - сол кездегі корей, ұйғыр және неміс тілдеріндегі хабарлардың жиынтық үлесі.

б) *** - «Хабар» арнасының да 2002 жылғы көрсеткішінде қазақша және орысша бағдарламалардың қосындысы (22+77,8) 99,8%-ға тең боп тұр. Қалған 0,2% - сол кезде эфирге шығып тұрған ағылшынша жаңалықтардың («Хабар-ньюс») үлесі.

в) **** - 2002 жылы «Астана» арнасы республикаға таралмайтын еді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394