Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 20 Қаңтар, 2010 сағат 07:03

Айжан КӨШКЕНОВА. «Қызыл» қырғындар үшін кім жауапты?

Әзірбайжанның рухани жетекшісі саналатын, Кавказ мұсылмандар басқармасының басшысы шейх-уль-Ислам Аллахшукір Пашазаде КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачевті және басқа да қызыл империяның бұрынғы басшыларын 1990 жылғы қаңтардағы қанды қақтығыс үшін Еуропа соты алдында жауап беруін талап етуде. Бұл кезде Литваның билеуші партиясының фракциясы өз үкіметінен Ресейден тоғыз жыл бұрынғы теке тірес үшін өтемақы сұрауды ұсынуда. Ал қазақстандықтар ше?

Әзірбайжанның рухани жетекшісі саналатын, Кавказ мұсылмандар басқармасының басшысы шейх-уль-Ислам Аллахшукір Пашазаде КСРО-ның экс-президенті Михаил Горбачевті және басқа да қызыл империяның бұрынғы басшыларын 1990 жылғы қаңтардағы қанды қақтығыс үшін Еуропа соты алдында жауап беруін талап етуде. Бұл кезде Литваның билеуші партиясының фракциясы өз үкіметінен Ресейден тоғыз жыл бұрынғы теке тірес үшін өтемақы сұрауды ұсынуда. Ал қазақстандықтар ше?

Бүгінгі күнді әзірбайжан жұртшылығы "Қара қаңтар" деп атап, оны ұлттың қайғылы оқиғалары санатына қосқан. Өйткені он тоғыз жыл бұрын 20 қаңтарға қараған түні кеңес әскері ешқандай төтенше жағдай жарияламастан, Бакуге басып кіріп, бейбіт шеруге шыққан елге күш көрсеткен. Соның салдарынан 130-дан астам адам қаза болып, 600-і жарақат алған. Кавказ мұсылмандарының жетекшісі Пашадзе енді қаңтар қырғынын қайта тексеретін тергеу тобын құрып, оның нәтижесі бойынша жиналатын материалдарды адам құқығы бойынша Еуропа сотына бермекші. Осылай әзірбайжандықтар он тоғыз жыл бұрынғы жараларын жазғылары келеді.
Ал литвалықтар кавказдықтарға қарағанда, әлдеқайда прагматик. Олар келесі жылға дейін Кеңес одағының қазіргі мұрагері - Ресей Федерациясынан материалдық шығын өндіріп алмақшы. Литваның билеуші консервативті партиясына кіретін Христиан демократтар фракциясы Литва Сеймның қарауына берген резолюциясында: кеңес әскерінің "1991 жылы қаңтарда тәуелсіз Литва территориясына басып кіргені үшін" Мәскеуден жапа шеккен Вильнюс тұрғындарына өтемақы сұрауды үкіметке ұсынып отыр. 1991 жылы 13 қаңтарға қараған түні Вильнюске Кеңес одағының бронотехникасы енгізіліп, қаруланған әскер Вильнюс телемұнарасын, радио мен телевизия комитетін басып алған. Телемұнараны алу барысында 14 адам қаза болып, 700 адам жарақаттанған.
Шын мәнісінде Кеңес одағы ауқымында болған демократиялық қозғалыстардың барлығы Қазақстаннан бастау алғандығын баяндайды қоғам қайраткері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын зерттеу бойынша комиссияны басқарған Мұхтар Шаханов. "Желтоқсан көтерілісі - үлкен көлемде алғанда, бұрынғы Кеңес одағындағы барлық қозғалыстардың көшбасшысы болды", - деп есептейді саясаткер. Себебі оның деректеріне қарағанда, желтоқсан оқиғасына бір жыл екі ай қалғанда КСРО Қауіпсіздік комитеті, КСРО Ішкі істер министрлігі бірлесіп құпия, "Метель" операциясын әзірлеген. Онда Кеңес одағы ауқымында билікке қарсы көтеріліс бола қалған жағдайда оларды басып-жаншу амалдары қамтылған.
"Оны сынайтын жер таба алмай жүргенде 1986 жылы желтоқсанда Алматыда өрімдей қыз-жігіттер көтеріліске шықты. Осыдан соң КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Чебриков Горбачевке кіріп, операцияны сынап көруге рұқсат алған", - дейді Шаханов. Алайда бұл дерек бойынша ол Қырғызстанда елші болып тұрған кезінде сауал қойғанымен, Горбачев одан жалтарған. Желтоқсан оқиғасында алғаш қолданылған басып-жаншу тәсілдері кейін басқа кеңес елдерінде пайдаланылған.
Шахановтың ойынша, егер бұл операцияны сынау жөнінде рұқсат берілмегенде, "жастар көшеде бір-екі күн тұрып, өз талап-тілектерін айтқаннан кейін тарап кетер еді". Алайда арнайы әскери операция жүзеге асуы салдарынан, кейбір деректерге қарағанда, жазықсыз 158 адам қаза болған. Көтеріліс кезінде жарақат алып, мүгедек болған, оқуы мен жұмысынан қуылған қазақтар қаншама? Олай болса, Кеңес одағы кезіндегі зардаптар үшін әзірбайжандықтар тәрізді халықаралық сотқа шағымданған дұрыс па, әлде литвалықтар сияқты өтемақы сұраған жөн бе?
"Желтоқсан оқиғасы - Горбачев бастаған Орталық комитеттің ақылсыз, шолақ саясатының нәтижесі. Оған тікелей кінәлі, жауапты адам кім? Ол - Горбачев", - деп есептейді саясаткер Серік Әбдірахманов. Сондықтан ол желтоқсан оқиғасын қайта тергеп, кінәлі азаматтарды жауапқа тарту артық емес деп санайды. "Бұл мәселе Қазақстанда да көтеріліп, оған айып тағып жатса, бұл - "тілеп алған сыбағасы" деп санаймын. Ресми түрде желтоқсан оқиғасына баға берілсе, әділетті болар еді", - дейді саясаткер.
Қызыл империяның жазықсыз құрбандарының құқығын қорғау бойынша бастамалардың барлығы дұрыс болғанымен, сол мемлекеттердің үкіметі оны қолдамайынша, олардың жүзеге асуы екіталай екендігін айтады Мұхтар Шаханов. Мәселен, 90-жылдары оның желтоқсан көтерілісіне орай, Горбачев және оның серіктерін Конституциялық сот арқылы жауапқа тарту, көтеріліс кезіндегі заңсыз әрекеттерді анықтау бойынша прокуратураға шағымдану бастамасынан түк шықпаған. Арыздар сол күйі шаң басқан архивтерде қалған...

«Айқын» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391