Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3716 0 пікір 25 Ақпан, 2010 сағат 10:12

Бәтеңкемді лақтырайын ба?

Бәтеңке лақтырудан бәс қызып тұр. Күні кеше Испанияда жүрген Түркияның премьер-министрі Тайып Эрдоғанға демонстрацияға қатысып жүрген ұлты күрд азамат бәтеңке лақтырды. Бас уәзір мұнда мәдениетаралық байланыстарды нығайтқандарға берілетін халықаралық «НОДО» сыйлығын табыстауға келген еді. Ал қарсылық шеруін ұйымдастырушылар Эрдоғанды салтанатты шара өтетін ғимараттың жанында күтіп тұрған. Дәл осы күні Түркияда төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 50 адам қамауға алынған еді. Ал, бәтеңке арандату үшін лақтырылған болды.

Таяуда Судан президенті Омар Хасан Ахмед әл-Баширге де бәтеңке тие жаздағаны туралы әң¬гіме гулеп басылды. Ашқұрсақ елдің ашқарақ басшысы қауқарсыз халқының өзіне көрсеткен болым¬сыз қарсылығын сырт көзден жасыруға тырысты. Хартумда болған осы оқиғаның куәгерлері бәтеңке лақтырғыш сабаз ендігі өліп те қалған болар дейді. Бұл бәтеңке амалсыздан атылған болды.

Ал, Грузия президенті Михайл Саакашвилиге қарай құстай ұшқан бәтеңке ешқандай миссиясыз, еліктегіштердің нысана атқан ермегі секілді болды. Бірақ басқаның басынан асып өтетін бәтеңке Мишаның қақ маңдайынан тиген көрінеді. Бұл оқиғаны президент әкімшілігі жуып-шайып, тіпті жасырып қалмаққа әрекет етті.

Қарсылығын қарымды сөзбен, болмаса қаһарлы қарумен емес, бәтеңке лақтырып білдіру дәстүрі кіші Буштың Иракқа барған сапарында басталғаны белгілі. Ирак журналистерінің бірі оған «Қош бол, иттің баласы!» деп айғай салып, арнайы сатып алып, қорапшаға салып әкелген бәтеңкені бірінен соң бірін жіберді. Абырой болғанда Буш бұғып үлгеріп масқарадан аман қалды.

Содан бері бәтеңке лақтырудан бәс жүріп жатқандай. Әлемнің әр түкпірінен «ананың басын бәтеңке жарыпты, мынаның бетін бәтеңке көгертіпті» деген әңгіме еміс-еміс естіліп жататын болды. Анау Ирак журналисі сатып алған бәтеңкені өндірген Түрік фирмасы өнімді екі есе арттырып, пайдаға қарық болса, Иракта сол бәтеңкеге арналып алып ескерткіш те тұрғызылды.

Қарап отырсаңыз, бәтеңке лақтыру қарсылықтың, жеккөрушіліктің, көңіл толмаушылықтың символына айналып бара жатқандай. Сан ғасырлар бойы бірін-бірі асып, атып, жарып, қаланы дала қылып, даланы бықсыған шала қылып жүрген адазмат баласы бар қарудан жалыққандай бәтеңке лақтыруға бет бұрды. Асып-тасқанды, алшаң басқанды орнына қоятын жалғыз амал қақ шекесінен бәтеңкемен қақырата соғу болып тұр.

Бір есептен бұл да дұрыс шығар. Әсіресе, біздегі сынға сынбайтын, мінім бар деп мұңаймайтын, туған тілін түсінбейтін, саудың тамағын ішіп, аурудың сөзін сөйлейтін, тамыр-таныстықпен лауазымға жеткен, істеген ісі кері кеткен көп шенеунікті көргенде солай демеске лажың жоқ. Солардың эфирде отырып алып ақсақты тыңдай, өтірікті шындай қылып көбік сөзді көпіршітіп отырғанын көргенде бәтеңкемді жіберіп-ақ қалғым келеді. Әттең, адал еңбекпен сатып алған теледидарымды аяймын.

Бек ДАТҰЛЫ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318