Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3731 0 пікір 1 Наурыз, 2010 сағат 05:26

Жадыра МҮСІЛІМ. Апат айтып келмейді. Ал біз қамсыз қарап жатырмыз

Алматының аумағын Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы секілді тау өзендері басып өтеді. Алатаусілемдеріндегі биылғы қардың деңгейі жылдағыдан анағұрлым көп. Аяқастынан күн жылынып, беткейдегі қарерісе көктемгі жаңбырмен араласып, өзендердің арнасынан асуы мүмкін. Елдімекендерді тасқын шаю қаупі бар. Мұндай жағдайда қаланың төменгі бөлігі көп зардап шегеді.

(«Қазгидромет» орталығының мәліметі)

Соңғы жылдары дүниежүзіндегі климаттың түрліше құбылуы жан біткенді түршіктіріп отыр. Біздің елімізде де ауа райы күрт өзгеруде. Әсіресе, оңтүстік пен солтүстік өңірлерде жағдай өте қиын. Аталған аймақтарда үш жылдың көлеміндегі жауын-шашын бір-ақ айда түсіп, үйлерді қар мен су басып қалды. Егер аяқастынан күн жылынып кетсе, бұл өңірлерде де су тасқыны болуы әбден мүмкін.  Мұндай қауіп Алматы облысында қазірдің өзінде де біліне бастады. Алатау бұрын-соңды болмаған қар жамылып жатыр. Күн күрт жылынса айтпай келетін апатты ауыздықтау қиынға түсетін тәрізді.

Биыл Алматыда ауа райы қырық құбылып өзгеріп, қыстың ортасында жауын толассыз жауды. Міне, көктем басталмай жатып тағы да жаңбыр себелеп, жұртты әбігерге салды. Осыдан 1-2 жыл бұрын Алматы аймағында cу тасқыны болып, шет аймақтарды сел шайып кеткен болатын. Жылдағымен салыстырғанда мол жауған жаңбыр мен тау бөктеріндегі қалың қар алматылықтарды абыржытып отыр. Осыған байланысты, біз Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті, «Қазақселденқорғау» қоғамы, Алматы қаласы әкімшілігінің табиғи апаттардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі департаментіне хабарластық. Өкінішке орай, бұл мекемелер Алматыны топан су басса да былқ етпейтін сыңайлы. «Алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр ма?» деген сауалымызға жауап бермей, біріне-бірі сілтеп өзімізді әбігерге салды. Тіпті, бұл жағдайға олардың ешбір қатысы жоқ секілді. Әсіресе, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазақселденқорғау» қоғамынан мәлімет алу мүмкін емес. Телефон тұтқасын алған арғы шеттегі адам мемлекеттік тілді менсінбей бе, аузымызды ашпай жатып басқа нөмерді беріп шығарып салады. Ал, олар сілтеген адам іссапарда жүреді. Құдды, осы мекемелердегі түгел қызметкер бір мезетте іссапарға кеткен секілді. Әлде олар бәрі жабылып Алматының маңындағы су шайып жатқан ауылдарды тасқыннан арашалап жүр ме? Олай дейтініміз, Алматы облысындағы бес бірдей ауданда 80-ге жуық тұрғын үй еріген қар суының астында қалды. Алматы облысына қарасты Көксу ауданының  Мәмбет, Мұсабек, Алғабас, Іле ауданының  Ақши, Ескелді ауданының  Бақтыбай, Қарабұлақ, Ұйғыр ауданының  Ұзынтам, Панфилов ауданының орталығы  Жаркент қаласының маңындағы Көктал, Үшарал, Кіші Шыған ауылдарын қазылы су басып қалған. Алматы облысындағы су тасқынының толастайтын түрі жоқ, тіпті  мұз бен қардың еруі мен жауын-шашын салдарынан су астында қалған үйлердің саны 130-дан асып отыр. Айтып келмеген апатпен мыңнан астам адам арпалысып,  жүзге тарта техника жұмыс істеп жатыр. Соның өзінде апатқа қарсы тұруға төтенше жағдай мамандарының күші жетпей, оларға кей аудандарда жергілікті әскери бөлімдегі жауынгерлер мен қарапайым тұрғындар да көмектесуде. Ал, таяуда Алматы-Бішкек тас жолының бойындағы Тарғап ауылына тасқыннан төнген қауіптің алдын алу үшін әскерилер келіп жеткен. Түн ішінде тұрғындар үдере көшірілді. «Кетпейміз» дегендер қолхат беріпті. Әскерилер тасқынның алдын алу үшін жұмыс істеп жатқан көрінеді. Тек бір қызығы, осындай ақпараттың бәрін Төтенше жағдайлар жөніндегі мекемелер тысқа шығармай жасырып отыр. Олай істеу кімге, не үшін керек? Табиғаттың тосын мінезі осымен тоқтап қалмас. Қазір күн әлі салқын, қар толық еріген жоқ. Алатаудың сай-саласында талай текшеметр су мұз болып жатыр. Күн жылынса осының бәрі төменге, ылдиға қарай ақпай ма? Сонда екі күн жаңбыр жауғанда су астында қалған етектегі атақты «Шаңырақ» маңындағы халық қайтер екен?!

Осындай сәтте қауіптің алдын алуға міндетті мекемелер қайда қарап отыр? Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, «Қазақселденқорғау» қоғамы құрал-саймандарын сайлап, жұртты сел болу қаупі жайлы құлағдар етіп, апаттың алдын алуға кірісуі керек еді ғой. Бірақ, кез келген апатқа сақадай-сай тұрады деп сенім білдірген мекемелерден тым болмаса жауап ала алмаған соң «сенген қойым сен болсаң…» дегеннен басқа айтарымыз қалмады. Ауа райының жаһандық өзгеруі осы қалыппен үдеп отырса, алдағы тәуліктерде Алматы облысының таулы аудандарында су тасқыны болуы әбден ықтимал. Көнекөздер мен көпті көргендер «сақтықты қазірден бастап қолға алу керек» деседі. Ал, аталған мекемелер қалың ұйқыдан ояна алмай жатыр. Ертең қамсыз халық апаттың аранында кетсе кім жауап береді?

www.zan.zanmedia.kz

Cуреттер http://www.azattyq.org  сайтынан алынды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359