Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3391 0 пікір 15 Сәуір, 2010 сағат 04:58

«Елімай-лап» өткен бір ғұмыр

Қойны суық қара жер қазақтың тағы бір арысын құшты. Өмірден Хасан аға Оралтай озды. Атажұрттан алыста, Алманияның Мюнхен қаласында, діні, ділі бөлек ортада  жетпістің жетеуін жасап барып ұзаққа созылған науқастан көз жұмыпты. Кемді күнгі керегің көреріңді көзіңе көрсетпей келмейтін өмірден «Елімай-лап» өткен тағдыр иесінің ғұмырынан жылаулы қазақтың бар қайғы қасіреті табылады.  «Елім-айлап өткен өмір» атты кітабының кіріспесінде Хасан аға былай деп жазыпты:

-«1933 жылы дүниеге келген, 1945 жылдың көктемінен кейінгі өмірі «Әне, жау келіп қалды!» деген ылғи үрку-қашумен басталып, 1947 жылы советтік сұғанақтық шабуылдардың салдарынан Ата қоныс Қызыл өзеннен шығысқа қарай қашқан (Шығыс Түркістанның Еренқабырға тауының бөктерінен), 1949 жылдың аяғында да Сталин мен Мао Зедұң басқарған орыс-қытай коммунизмі дейтін зұлымнан жан сауғалап, туған елі Шығыс Түркістаннан шет елдерге босқан, Такламакан шөлінен өтіп, Гималай тауынан асқан, жолда жеті рет Қытай әскерлерінің шабуылына душарласып, ішерге асы, киерге киімі және жатар орны жоқ қаңғырған бейшара халық ретінде, бір ауыз тілін білмейтін мүлдем жат ел  Кәшімір-Үндістанға 1951 жылдың аяғында барып паналаған. 1954 жылдың жазында да Түркияға жетіп, жан бағу үшін мүлдем жаңа өмір салтына орай арпалысқан қазақтарды сонда бастап барған Қалибек Хакімнің ұлы ретінде мен де талайды көрдім. Көп кеңестер естідім. Өзім де бос өмір өткізбедім. Түркияда басталған өмір арпалыстарымды кейін Германияда жалғастырдым. Бірнеше шет елдерге бардым. Көптеген жиналыстарға қатынастым. Талай кісілермен кездестім. Күнделік бағдарламасын ЕЛІМАЙ-ЛАП зарлаған сағыныш мұңмен бастайтын «Азаттық» радиосында 28 жыл бойы сөйледім. Әне, солардың есте қалған жиынтығының үзінділерін ықшамдап «Елімай-лап өткен өмір» атымен кітап етіп жарияладым ».

Жат қолында қалған туған жердің бір жұтым ауасына зар болып, ғұмырын сағынышпен, арманмен, арпалыспен, ерлікпен, есіл еңбекпен, қазақ халқына деген шексіз махаббатпен өткерген ғазиз жанның қазасына қабырғасы қайысқан есті жұрт, қайғыңа ортақпыз...

Abai.kz ақпараттық порталының ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522