Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2068 0 пікір 16 Сәуір, 2010 сағат 03:28

САРЫАҒАШҚА БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫ КIМ ЖЕП ҚОЙДЫ?

Сәуiрдiң 13-iнде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кеңсесiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақ­төбе ауылдық округiнiң тұрғындары баспасөз өкiлдерiмен кездестi. Екi жыл бұрын, яғни 2008 жылы 20-21 ақпандағы су тасқынынан зардап шеккен сарыағаштықтардың тауқыметi күнi бүгiнгi күнге дейiн таусылмапты.

Тұрғындардың журналистермен кездесуiн ұйымдастыруға бас-көз болған «Азат» партиясы төралқасының мү­ше­­сi Маржан Аспандиярованың айтуынша, оңтүстiктен келгендердiң барар жер, басар тауы қалмаған соң, жәрдем сұрап демократиялық партия кеңсесiне келген. Себебi, су басқан Сарыағаштағы жағдай «Азаттың» назарынан тыс қалмаған. Осы мәслихатқа күнi кеше ғана келетiндерiн айтып, хабарласқан Қызылағаш пен Егiнсу елдi мекендерiнiң тұрғындарын орта жолдан әкiм-қаралар ұстап алып, жiбермей қойған. «Оппозициялық партияға барып шағымданбайсыңдар, барлық материалдық мәселе­лерiңдi шешемiз», - деп, уәде берген көрiнедi.

Сәуiрдiң 13-iнде «Азат» Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының кеңсесiнде Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақ­төбе ауылдық округiнiң тұрғындары баспасөз өкiлдерiмен кездестi. Екi жыл бұрын, яғни 2008 жылы 20-21 ақпандағы су тасқынынан зардап шеккен сарыағаштықтардың тауқыметi күнi бүгiнгi күнге дейiн таусылмапты.

Тұрғындардың журналистермен кездесуiн ұйымдастыруға бас-көз болған «Азат» партиясы төралқасының мү­ше­­сi Маржан Аспандиярованың айтуынша, оңтүстiктен келгендердiң барар жер, басар тауы қалмаған соң, жәрдем сұрап демократиялық партия кеңсесiне келген. Себебi, су басқан Сарыағаштағы жағдай «Азаттың» назарынан тыс қалмаған. Осы мәслихатқа күнi кеше ғана келетiндерiн айтып, хабарласқан Қызылағаш пен Егiнсу елдi мекендерiнiң тұрғындарын орта жолдан әкiм-қаралар ұстап алып, жiбермей қойған. «Оппозициялық партияға барып шағымданбайсыңдар, барлық материалдық мәселе­лерiңдi шешемiз», - деп, уәде берген көрiнедi.

Екi жыл бұрынғы топан судың өтiнде қалған оңтүстiк өңiрдегi «Ақтөбе», «Бiрлесу», «Жүзiмдiк», Ғани Мұратбаев атындағы және «Қошқарата» ауылдық округтерiнде бес жүзден аса тұрғын үйлерi зақымданғандар тиiстi орындар­ға шағымданып, Астанаға екi рет барған, су тасқыны салдарынан кейiнгi жергiлiктi комиссияның шығарған әдiлетсiз шешiмiн қайта қарауды талап етiп, облыстық прокуратураға арыз жазған. Прокуратура 2009 жылы 13 қараша күнi 7/324-шi нөмiрмен берген жауабында облыстық әкiмдiк қайтадан комиссия тағайындап, су тасқынынан тұрғын үйлерге келген залалды анықтауға қосымша шаралар қолдануға ұсыныс бер­генiн айтқан.

Су тасқынының салдарын жою жөнiнде үкiмет 2008 жылы 21 наурызда арнайы қаулы қабылдап, әлеуметтiк мақсаттағы нысандарды және тұрғын үйлердi қалпына келтiру iс-шараларын бекiткен. Сол қаулы бойынша зардап шеккен тұрғындардың отбасына 295 мың теңге бөлiнуi де қарастырған. Алайда жергi­лiктi тексеру комиссиясы әр үйдi аралап, залалдарды көзбен мөлшерлеп белгiлеген. Судың ортасында қалған отбасылар белгiленген соманың 25 пайызы мөлшерiнде ғана ақша алса, әкiмдiкте таныс-тамырлары барлар жүз пайызға дейiнгi қаржыны иеленген. Бұл өңiрде тұрғын үйлер көбiнесе саман кiрпiштен салынғандықтан, топан суға төтеп бере алмаған.

Зардап шегушi Гүлнәр Жұмабаеваның айтуынша, су тасқынына әкiмдiк көңiл бөлмеген. «Бармаған жерiмiз, баспаған тауымыз жоқ, - дей­дi Гүлнәр. - Құзырлы мекемелерге, «Нұр Отан» партиясының облыстық бөлiмшесiне де арыздандық. Өткен жылғы 2009 жылдың наурыз айынан бастап, «Азат» партиясының облыстық филиалына барып арызданып, көмек сұрадық. Сол уақыттан берi «Азат» партиясының заңгерi келiп, кеңес берiп, талай былықтың басын ашып көрсеттi. Осы партиядан басқа ешкiм бiздiң жағдайымызға көңiл бөлмейдi. Сарыағаштықтардың тартып отырған тауқыметiн осы партия арқылы республикалық деңгейге көтерiп, жоғары билiкте отырғандарға ескерту жасау үшiн келдiк».

Ал тағы бiр зардап ше­гушi Оралай Әжiханова: «Бiз округтегi 500 отбасының атынан келiп отырмыз. Егер құзырлы мекемелер бiздiң талабымызға құлақ аспаса, аудандық және облыстық әкiмдiктiң алдында қарсылық шарасын өт­кiзiп, ел-жұртты көтеремiз», - дейдi.

Оның сөзiн Нұрлан Шахабаев қостады: «Су тасқынынан кейiнгi бiздiң көрген азабымыз Қызылағашта да қайталанбауы үшiн арнайы келiп отырмыз. Жергiлiктi жерде құрылған комиссия ешқандай мәселенi шеше алмайды, бұл жағдай үкiмет тарапынан бақылануға тиiс».

Сарыағаштан келген­дердiң сөзiнiң жаны бар, жергiлiктi жерде құрылған комиссияның құрамында арнайы құрылыс мамандары жоқтың қасы, су тасқынының зардабын сараптап-есептеу үшiн де кәсiби бiлiктiлiк қажет. Сол себептi де су тасқынынан кейiн қалқиып, су сорған саман үйдiң қабырғасының сылағы түсiп, iргетасы отырып, жөн­деу­ге келмейдi. Комиссия жәрдем ақшаны үйдiң уақытша қалқиған кейпiн сырттай қарап бағалап, шығарыпсалма шешiм шығара салған. Осындай сауатсыз, бiлiгi жоқ комиссияның тұжырымы бойынша жасалған әрекеттiң кесiрiнен 500-ден аса тұрғынның баспанасы қауiптi жағдайда тұрған көрiнедi.

Мемлекеттiк әлеуметтiк шиеленiстердi қарастыру және шешу жөнiндегi қоғамдық кеңестiң төрағасы Нұрлан Нығматуллинге жазған өтiнiш­терiнде бұдан бұрын да «Нұр Отан» партиясына арыздан­ғандарын, бiрақ еш нәтиже болмағанын атап өткен. Осы өңiрдегi 500-дей отбасының жағдайын шешудi, әрi округте көшпелi отырыс өткiзудi талап еткен. Осы өтiнiштен кейiн нәтиже болмаса, жағдай ушығып кетпеуi үшiн алдарына соңғы рет келiп отырғандарын ескерткен.

 

ЕГIНСУЛЫҚТАР ЕҢIРЕП ЖҮР

 

Осы баспасөз мәслихатында «Азаттың» төралқа мүшесi Маржан Аспандиярова Егiнсу ауылының 400-ден астам тұрғыны қол қойған өтiнiш-хатты Алматы облысының әкiмi Серiк Үмбетовке де, баспасөз өкiлдерiне де тапсырды. Өтiнiштi оқырман назарына ықшамдап ұсынып отырмыз: «Қызылағаш су қоймасынан зардап шеккен Егiнсу ауылы туралы неге мемлекеттiк деңгейде айтылмайды? Бүкiл бұқаралық ақпарат құралдарында наурыздың 13-iнен бастап көрсетiлiп, басылып жатқан суреттер: шатырына дейiн су батып тұрған үйлер, суда қалған көлiктер, Төтенше жағдай министрлiгiнiң тiкұшақпен халықты көшiрiп жат­қан телеарналардағы көрсетiлiп жатқан бейнекөрiнiстер - Егiнсуда болған жағдай. Титрд­е: «Қызылағашқа көмек берiңiздер», - деп жазады. Мұндай көзбояушылық кiмге қажет? Қызылағашты топан су бiр түннiң iшiнде шайып өтiп, таңғы сағат 9-да Егiнсуды суға батырды. Бiзге көмек қашан келедi? Әрине, Қызылағаштағы қырғынмен Егiнсуды салыстыруға келмейдi, онда адамдар өлiмi орын алды. Олардың арасында бiз сияқты аман қалғандар бар ғой, бiздi бөлiп-жармай, бәрiмiзге бiрдей көмек көрсетiлуге тиiс. Осы су қоймасының кесiрiн бiз де тартып отырмыз. Сөзiмiздi ешкiм естiмейдi, облыстық «Жетiсу» арнасының журналистерi: «Бiзге нақты тапсырма берiлген, тек қана Қызыл­ағашты түсiремiз. Түсiргенде де, облыс әкiмi С.Үмбетовке алғыс айтылуға тиiс, «негатив» керек емес», - дейдi.

Ал 20-25 күн суда қалған үйде қалай тұрамыз? Ортасынан қақ бөлiнген сарай, монша туралы айтпай-ақ қоялық. Ғылыми-зерттеу институтынан келген мамандар: «Егiнсудағы үйлердi қайтадан салу керек», - деген қорытынды жасады. Ал аудан, облыстан неше рет келген комиссия шешiмдерiн бiрнеше рет өзгерттi. Тұрғын үйлердiң жартысын «Қазақстан темiржолы» салып беретiн болды десе, ал олардың есебiне кiрмеген 72 үй бойынша шығарылған шешiм күнде өзгерiп жатыр. Басында 25 үйдiң бұзылып, қайта салынатыны айтылып едi, ендi ол үйлер саны 16-ға кемiдi. Жергiлiктi билiк Ақсу ауданындағы банктiң есепшотына түскен қаржы тек Қызылағашқа жұмсалатынын айтады. Егiнсулықтарға кiм қол ұшын бередi? Мiне, бүгiн осындай азапқа шыдамай, бiр адам асылып өлдi, бәрiмiздiң өлгенiмiздi күтiп отырсыздар ма? Бос уәде, құр сөзден шаршадық».

(Егiнсу ауылының 400 тұрғыны қол қойған).

Бақытгүл МӘКIМБАЙ,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT»15 (52) от 14 апреля 2010 г.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531