Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 8517 0 пікір 23 Қаңтар, 2015 сағат 10:31

NOMAD: ДЕШТІ-ҚЫПШАҚҚА ҚОНЫС АУДАРУ

XI ғ. бірінші жартысында көшпелі тайпалардың Дешті-Қыпшаққа қоныс аударуы

Ғылыми әдебиетте кундар, кайлар мен басқа да тайпалардың Дешті-Қыпшаққа қоныс аударуы осал зерттелген. Кезінде С.М.Ахинжанов аталған мәселеге өз монографиясының бір тарауын арнаған [3,184-197]. Ол қоныс аударудың келесідей кестесін жасаған: Каилар-Кундар-Шары-Туркмендер-Печенегтер [3,185-186]. С.М.Ахинжанов Сарылар мен Қыпшақтарды теңдестіреді [3,193-195]. Ол кезең тайпаларының қоныс аударуы туралы негізгі деректердің бірі Марвазидің шығармасы: «Олардың арасында Қытай ханынан қорқып, Қытай жерінен келген «кун» деп аталатын адамдар тобы бар. Олар несториндық бағыттағы христиандар. Олар өз жерлерін жайылымдық жердің тарлығынан тастап кеткен. Олардың ішінен Акинджи ибн Качугар Хорезм-шах. Оларды кай деп аталатын халық қудалаған. Олар көп және күштірек. Оларды сол жайылымдардан қуып жіберген. [Сол сәтте кундар] шарлар жеріне қоныс аударып, ал шарлар түркімендер жеріне кеткен. Түркімендер гуздардың шығысына [жеріне], ал туздар Қара теңізге жақынырақ печенегтер жеріне қоныс аударған. Оларға [түріктерге] кырғыздар жатады. Бұл көп халық. Олардың баспанасы солтүстік-шығыс пен солтүстікте [орналасқан]. Қимақтар олардан солтүстікке [өмір сүреді]. Ягма мен қарлұқтар батысқа қарай. Каджа мен арак – оңтүстік-батыс пен оңтүстік аралығында» [11,212]. Сондай-ақ, Марвазиде жазылған: «олар (сарлар) көсемінің есімімен белгілі, ал ол - басмыл» [5,139].

Сонымен қатар, Марвазидің мәліметтерін Маджма ал Ансаб деген (1330 жж. жазылған еңбегінде) Мухаммед Шебангараи қайталайды: «Түріктердің бірінші тобын (фирке)- кундар деп атаған. (Олар) жайылымдық жердің тапшылығынан, өз мекендерін тастап, X. Та елінен шыққан. Түріктердің екінші тобын (фирке)- каилар деп атаған. Түріктердің алдыңғы тобына қарағанда, бұлардың саны көбірек. Оларды өз жерлерінен ығыстырғанда, олар Армян теңізінің жағалауына жақын печенегтер жеріне қашық Сарылар еліне бас салады... Кимиктар солтүстікке қарай мекендейді, ал ягма мен сарихтер... Сарих (коум) халық. Олар (сарихтер) тауды мекендеген, ал бұл Алтын тау. Олар өз патшасына қарсы шығып, Түркістан елінен кеткен. Олардың кейбіреулері ислам еліне келді. Олар тоғыз халықтан(коум) тұрды: үш (топ) дж. к. ли, үш (топ) хайтли, бір (топ) б. дав, бір (топ) кукин мен бір (топ) к. с. р» [10, 23-24].

Мухаммеда Шебангараидің бұл мәліметтері жаңалық емесі түсінікті, оның үстіне ол оны басқа авторлардан алуы мүмкін. Мәліметтерден Мухаммед Шебангараи Сарих халқы туралы жазғанын көреміз. Ұқсас үзіндіні біз Марвазиден де көреміз: «Оларға [түріктерге] қарлұқтар жатады. Олар Тунис [Тулис]тауында мекендеген, ал бұл тау алтыннан. Олар тоғызоғыздардың құлы болып, оларға қарсы бас көтерген. Олар түргештер еліне шығып, оны басып алған. Олар оны бағындырып, олардың билігін құлатқан. Одан олар мұсылман елдеріне шығады. Олар тоғыз топ:Үш [топ] — джигиль, үш— баскиль, бір— бұлақ, бір — кукыркин мен бір тухси» [11,213]». Сарих халқына қатысты Шебангараи пікірінде жазылғаны: «Марвази бойынша: харлух (карлук), ал Ауфи мен Шюкруллаху бойынша да, сарих», оның үстіне дерек [7,408а] [12,67а] пен оның аудармасына сілтеме берілген [1,106] [2,174].

Сонымен, сарих пен Карлұқ атаулары синоним ретінде қолданылатынын көрдік. Қарлұқтардың ру-тайпалық құрамы өте қызық: 3 топ Чигиль, 3 топ Баскиль (Марвази, Ауфи мен Шебангараиде айтылмайтын бұл тайпаны біз Басмыл тайпасымен теңестіреміз, яғни Сарих халқына енетін Баскиль, бұрмаланып жазылған Басмыл, Ауфиде Баскиль бұрмаланып Х.ски деп жазылған), Булак, Кукыркин, Тухси. С.Г.Кляшторный мен Д.М.Насилов қарлұқтардың құрамына Чигили, Ягма, Тухси мен орхон түркілерінің қалғандары кірген деп санайды [9,307]. Худуд ал Аламның мәліметтері қызығушылық танытады: олардан батысқа қарай халлухтардың шекарасы (ягма елі). Булак – бұл Ягма руы [14]. Сондай-ақ, Худуд ал Аламда Ягма, Чигиль, Тухси мен Карлук [13] бөлек сипатталған, бұл Чигиль, Ягма мен Тухси қарлұқтардың құрамдас бөлігі деген мәліметке қайшы келеді.

А.Г.Малявкиннің мәліметін сай, Қарлұқтар үш рудан құралған: Моуло (Моула), Чисы, Таши (Ташили) [6,41].Бұл жерде Моула мен Булакты (М-ның Б-ға ауысуы түркі тілдерінде жиі кездесетін құбылыс), Чис пен Чигил, сондай-ақ, Ташил мен Тухсиді теңдестіруге болады. Сонымен қоса, Үш қарлұқ (үш карлук немес үш қарлұқ руы) тұрақты сөз тіркесі екенін атап өту қажет[8,249].

Екінші Түрік қағанаты құлағаннан кейін, Отюкен аймағын мекендеген құрлұқтар ұйғырларға бағынып, ал Алтай тауы мен Бешбалық төңірегіндегі құрлұқтар өздеріне өзі Ябгу тағайындағанын А.Г.Малявкин жазған. Кейін олар он тайпа қағанының жеріне қоныс аударып, Суяб, Талас және басқа қалаларды иемденді [6, 1]. Құрлұқтардың 751 жылы Талас шайқасына қатысқаны мәлім. Сонымен, қарлұқтардың бір тобы Ұйғыр қағанатының құрамында қалды, ал екінші тобы Түргеш қағанатының орнына Жетісуға келіп, Қарлұқ қағанатын құрды деп болжай аламыз.

Сондай-ақ, Ябагу-құрлұқтар туралы Гардизидің мәліметтері де қызығушылық танытады: «Халлухтар туралы айтқанда, бұл Халлух түрік басшыларының бірі болған. [Бұл түріктер] бір жерден бір жерге ауыса ерген; Халлухтың шешесі аттың үстінде отырған. Аймақ шөлейтті, Нөкерлерінің бірі Халлухтың шешесіне келіп, оған зорлық көрсеткісі келгенде, әйел оны қаһарланып қуып жібереді; түркі әйелдерінің өте инабатты екені мәлім. Мұны көріп, қорыққан малай қашып, тоғызоғыз еліне хаканның иелігіне келеді. Хакан адамдарының бірі оны аңшылық жерінде екі киізбен жамылған суық жерден тауып алып, оған Ябагу есімін берді. Сосын ол оны хаканға алып келіп; хакан оның қылығын біліп қойып, бұрын өзінің иелігінде болған Халлухтың барлық адамдарын жинап, оларға осы Ябагуды басшы етіп тағайындайды; ал бұл тайпаға ябағу-халлух атауын береді. Осыдан кейін тоғызоғыз тайпасына Түркістаннан бір адам келіп, Ябағу тайпасының бір қызметшісіне ғашық болып, ұрлап, оны Түркістанға алып кетеді. Түркістан ханы одан бұл қызметші-малайды тартып алып, оған жақсы қарап, оның туыстарына ұрланғаны туралы хат жазып, оларды өзіне шақырады. Олар келгенде, ол өңделген жердің телімін беріп, тайпаның қалған бөлігін де өзіне шақырады. Бұл хабар тайпаның қалған бөлігіне жеткенде, барлық тайпа осында келді. Олардың саны көбейген соң, патша оларды өз иелігінде шетелдіктер ретінде жайғастырып, оларға ... берді., Олар осы жағдайда Түркістандықтар Хакан халқына шабуыл жасағанға дейін өмір сүрді; олар бұл халықтың арасында танымал 12 басшыны өлтірді, хакандықтар патшалығының барлығы халлухтардан шыққан Чунпанның (?)қолында қалды. Хакандықтардың ішінен соңғы болып Хутуглан-хакан өлтірілді; халлухтардың ішінен бірінші болып таққа Илмалмасын(?)-джабгуе отырды. Билік халлухтардық қолында қалды. Түркістанда осы ябагу-халлух тайпасынан тарайтын тайпалар көп, алайда олар туралы мәлімет  хабарсыз» [4,42-43].

 Тайпалардың қоныс аударуы туралы мәселеге оралып, Махмуд Қашғари бойынша, қоныс аударуға және мұсылмандармен соғысқа қатысқандар: Басмылдар, Джумулы, Каи және Будрадж жылан халқының өкілдерімен бірге Ябагу тайпасы екенін атап өткен жөн [1,190].

 С.Г.Кляшторныйдың айтуынша, Ябагу – бұл шашы немесе жүні шатасып қалған адамдарды немесе малдарды атайтын лақап [5,140]. Біздің пікірімізше, Ябагу-қарлұқ бұл ұйғырларға бағынып, кейін XIғ. Дешті-Қыпшаққа тайпалардың қоныс аударуына қатысқан қарлұқтардың бір бөлігінің атауы. Махмұд Қашғари бойынша, Ябагу-құрлұқтар деп жай Ябагы аталады. С.Г.Кляшторныйдың ябагу халқын кундармен теңдестіруі [5,140] аз дәйектелген.

Сонымен, XI ғ. миграциясына қатысқан қарлұқтарды әртүрлі деректерде әртүрлі атайтынын көреміз: Қарлұқтар, Сары (Сарих), Ябагу. Сонымен қоса, Басмылдар (Марвази бойынша Баскиль, Ауфи бойынша Хски) Сарылар (Сарих) құрамыа енгенін атап өткен жөн. Жоғарыда айтылғанның барлығын түйіндей келе, XI ғ. бірінші жарт. миграцияға қатысқан тайпалардың кестесін жасауға болады (қимақтар мен кайлардың сәйкестігін біз алдында қарастырғанбыз):

 

Марвази

Ауфи, Шюкруллах, Шебангараи

Махмуд ал Қашғари

Матфей

Қытай деректері

Кай

Кай

Кай

«жылан халқы»

Бай Си (ақ си)

Кимак

Кимак

Йемек

 

Кумоси (Кумохи, Си, Хи)

Кун

Кун

Джумулы?

 

Хунь (телес тайпасы)

Карлук

Сарих

Ябагу (Ябагу-карлук Гардизи бойынша)

«Сары»

Гэлолу (Карлук)

Баскиль, қарлұқ құрамына енетін

Хски (Ауфи) Хайтли (Шебангараи), Сарих құрамына енетін

Басмыл

 

Басими

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Hammer I. Sur les origines russes St.-Petersbourg, 1825.

2. Hazai G. Les manuscrits, conserves a Sofia, des remaniements medievals de Marvazi et Aufi. — Acta Orientalia, t. VIII, fasc. 2-3, Budapest, 1957.

3. Ахинжанов С. М. «Кыпчаки в истории средневекового Казахстана» Алматы. Гылым, 1995. 296 c.

4. Извлечение из сочинения Гардизи "Зайн ал-ахбар". Приложение к "Отчету о поездке в Среднюю Азию с научною целью. 1893-1894 гг." // Академик В. В. Бартольд. Сочинения, Том VIII. Работы по источниковедению. М. Наука. 1973. С. 23-62.

5. Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи древней Евразии. Серия: Исторические исследования Санкт-Петербург Филологический факультет СПбГУ 2005. 346 с.

6. Малявкин А.Г. Танские хроники о государствах Центральной Азии. Тексты и исследования. Новосибирск. Наука. 1989 г. 432 с.

7. Мухаммад Ауфи. Джами’ ал-хекаят ва лавами ар-риваят (на перс, языке). Рукопись библиотеки им. М. Е. Салтыкова-Щедрина, ПНС-232.

8. Насилов Д.М. Карлуки у Махмуда Кашгарского// Тюркологический сборник. 2009-2010: Тюркские народы Евразии в древности и средневековье. Восточная литература. Москва. С. 249-258.

9. Насилов Д.М. Пять языков у Махмуда Кашгарского// Тюркологический сборник. 2011-2012. Политическая и этнокультурная история тюркских народов и государств. Восточная литература. Москва. С. 285-310.

10. Новое известие о средневековых тюрках (перевод Агаджанова С.Г.) // Известия АН ТуркмССР. Серия общественных наук, № 6. 1965

http://www.vostlit.info/Texts/rus17/Schebangarai/text2.phtml?id=12992

11. Шараф ал-Заман Тахир Марвази. Глава о тюрках (перевод В. Храковского) // Труды сектора востоковедения, Том 1. АН КазССР. 1959. C. 208-218. http://www.vostlit.info/Texts/rus17/Marvazi_Tahir/frametext1.htm

12. Шюкруллах Ибн Шихаб-ад-Дин Ахмед. Бахджат ат-таварих (на перс, языке). Рукопись Института народов Азии, С-1818.

13. http://odnapl1yazyk.narod.ru/hududalal.htm

14. http://odnapl1yazyk.narod.ru/yagma.htm

 

Жақсылық  Сабитов.

 

 Абай.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364