Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 3171 0 пікір 17 Мамыр, 2010 сағат 04:38

Төлеген Жүкеев: Саяси миссиямды атқардым

Төлеген Жүкеев Нұрлан Ерімбетов басқаратын «Aйт-PARK»  клубында қонақта болды. Бір кездегі азуын айға білеген, сөзі мірдің оғындай деп жүретін саясаткердің пікірін естуге келгендер аз болмады.

Екеуара әңгіме 1 сағат 46 минутқа созылды. Саясаткер нағыз өз кәсібінің білгір маманы боп шықты. Көп сөйледі, бірақ ештеңе айтқан жоқ. Пікірі де жұмсарып қалыпты

Нұрлан Ерімбетов: Сізге сұрақты төтесінен қойғым келіп тұр. Жүкеев мырза, неге жоғалып кеттіңіз?
Төлеген Жүкеев: Мен өзімнің саяси миссиямды атқардым. Менің идеям екі партияны қосу болды. Бұл жобаны жүзеге асыру оңайға соқпады. Бір жылдан аса уақытымды сарп еттім. Бірақ саясаттан кеткен жоқпын. Күш-қайратым жеткенше, айналыса беремін. Ал қазір жаныма жақын жұмыспен айналысып жүрмін.   

Төлеген Жүкеев Нұрлан Ерімбетов басқаратын «Aйт-PARK»  клубында қонақта болды. Бір кездегі азуын айға білеген, сөзі мірдің оғындай деп жүретін саясаткердің пікірін естуге келгендер аз болмады.

Екеуара әңгіме 1 сағат 46 минутқа созылды. Саясаткер нағыз өз кәсібінің білгір маманы боп шықты. Көп сөйледі, бірақ ештеңе айтқан жоқ. Пікірі де жұмсарып қалыпты

Нұрлан Ерімбетов: Сізге сұрақты төтесінен қойғым келіп тұр. Жүкеев мырза, неге жоғалып кеттіңіз?
Төлеген Жүкеев: Мен өзімнің саяси миссиямды атқардым. Менің идеям екі партияны қосу болды. Бұл жобаны жүзеге асыру оңайға соқпады. Бір жылдан аса уақытымды сарп еттім. Бірақ саясаттан кеткен жоқпын. Күш-қайратым жеткенше, айналыса беремін. Ал қазір жаныма жақын жұмыспен айналысып жүрмін.   

Нұрлан Ерімбетов: Мен сізбен келіспеймін. Жассыз, тәжірибеңіз де мол. Неге партияның жұмысын дөңгелетпейсіз? Сіз орындаған миссия мүмкін, өз межесіне жетпеген шығар?  
Төлеген Жүкеев: Жоқ. Мен өзімнің көздеген мақсатыма қандай жолмен жетуді білетін адаммын.   
Нұрлан Ерімбетов: Оппозициялық партияның қадамы нық деп айта аласыз ба? Ертең сізге: «Төке, біз «ажырасып» жатырмыз, не істейміз?» - деп жүрмей ме?    
Төлеген Жүкеев: «Азаттықтардан» ондай сөз шығады деп ойламаймын. Себебі, мұндай мәселелер алдын ала қарастырылған. Тараптардың талаптары да көңілден шыққан.    

Нұрлан Ерімбетов: Жақында бір топ Мәжіліс депутаттары Елбасы мәртебесін заңдастыруды ұсынды. Бұл ұпай жинаудың бір түрі ме, әлде қолдан жасалған жоба ма? Сіз бұған қалай қарайсыз? 
Төлеген Жүкеев: Мүмкін, бұл бүгінгі қазақстандықтар үшін маңызды мәселе шығар. Біреулер үшін бұл тақырып қызықты болуы да мүмкін.    
Нұрлан Ерімбетов: Оны Президент қабылдай ма?
Төлеген Жүкеев: ...Бір беделді басылым «қазақ ұлты - империялық ұлт» деп жазыпты. Бұл - өте қауіпті сөз. Біз ұлттық мемлекет құру жағдайында емеспіз қазір. Мен мұны соңғы жылдары көп айтып жүрміз. Империялық мемлекет баяғыда келмеске кеткен. Империялық мемлекет құру идеясын ұсынып жүргендер - ұлт алдында жауапкершіліктен жұрдай адамдар. Тағы қайталаймын, мұндай идея біздің дамуымызға, көршілермен болатын қарым-қатынасымызға қаяу түсіреді. Бұл бізге жараспайды.        

Нұрлан Ерімбетов: Меніңше, шегіну шалдардың әдеті. Ал тек алға жүру жастарға тән мінез. Біздің жігіттер шалдар секілді көшеге шықпай қойды. Неге соңына дейін күреспеді?
Төлеген Жүкеев: Көшеге шықпауды бір ғана Жанболат Мамайдың өзі шешпеген шығар. Студенттер де бар ғой. Әрине, бұл көпшіліктің наразылығын тудырды. Жоқ дегенде көшеге 40-50 адам шығып, неге қарсылық акциясын ұйымдастырмағанын түсіндіру керек еді. Қазір біз шу шығаратын жағдайда емеспіз. Билік сіздің әрекетіңізге тыйым салғанға дейін өзіңіздің жұмысыңызды істей беріңіз. Кім сізге кедергі келтіруде?    

Нұрлан Ерімбетов: Доктринаның соңғы нұсқасы кімнің пайдасына қабылданды?
Төлеген Жүкеев: Доктринаның алғашқы нұсқасының әлсіз екенін уақыт дәлелдеп берді. Ал соңғысы жан-жақты қамтылған құжат болды. Жаман болды деп айта алмаймын. Себебі, оның басы-қасында болған жігіттер өте сауатты.    
Нұрлан Ерімбетов: Осы құжатты талқылау кімге керек болды? Дөңгелек үстел ұйымдастыру, қонақ үй жалдау, мұның бәрі шығын ғой. Халық доктринаға дейін өмір сүріп келді. Одан кейін де өмір сүре береді. Біреуге өзге ұлт өкілімен сөйлесу керек болса, оның: «Тоқтап тұр, доктринаны қарап алайын, не жазылыпты, қалай қарым-қатынас орнату керек?» - дейтініне күмәнім бар. 
Төлеген Жүкеев: Жоқ. Мен сізбен келіспеймін. Зиялы қауым осы құжат арқылы өзінің талабын билікке орындатқызды.        

Нұрлан Ерімбетов: Қыс - бос уақыттың мезгілі. Не істерін білмей отырған халықтың назарын аударту үшін талқылануға әдейі ұсынылған құжат емес пе бұл?  
Төлеген Жүкеев: Осы отырған журналистердің жұмысын алайық. Жазады, айтады. Бірақ онсыз да халық бәрін біледі. Ол халыққа қызық емес. Бәрі бір нәрсені айтады. Қай газет қайтіп жазатынын да біледі. Бірақ -мәселе онда емес. Бұл - шығармашылық жұмыс. Біреу бұл кәсіппен нан тауып жатыр, біреу жазушы болып жатыр. Нобель сыйлығының иегерлері жұмысын журналистикадан бастаған. Бұл жаман ба? Сол секілді, біреу доктрина туралы азаматтық көзқарасын білдіріп жатса, кім мұны жамандыққа балайды?       
Нұрлан Ерімбетов: Сіз билікте біраз қызмет еткен адамсыз. Қазір де олармен араласып тұратын шығарсыз. Біз білмейтін бүгінгі биліктегі адамдар туралы не айтасыз?
Төлеген Жүкеев: Олардың көзқарасы айқын. Менің де көзқарасым айқын. Бір-екі жігіттер бар. Халыққа пайдам тисін дейтін. Бірақ олар ештеңе істей алмайды. Азаматтық көзқарасын да білдіре алмайды. Өздері де мұны мойындайды. Бұрынғы әріптестеріме: «Ей, сендер не істеп отырсыңдар, ең болмаса өздеріңе есеп берсеңдерші», - деймін. Олардың жауабы дайын: біздің қолымыздан не келер дейсің.

Журналист сауалы: Жақында қазақ ұлтшылдарының құрылтайы өтті. Бірақ басқосуда біз «Азат» партиясының өкілін көрмедік. Неге?
Төлеген Жүкеев: Бұл құрылтайды ұйымдастырғандардың кемшілігінен. Мұхаңның (Мұхтар Шаханов - ред.) атүсті әрекетінен. Мұхтар Шаханов -   сезімнің адамы. Ақындар осындай қызба келеді. Ол шалт мінезді. Бірақ саяси тұлға емес. Бізге мұндай адамдар да керек шығар. Бірақ әр нәрсеге шынайы көзқараспен қарау керек қой.
Журналист сауалы: Бүгінгі қазақ қандай жолды таңдауы керек?
Төлеген Жүкеев: Қытай өркениеті мүлдем басқа әлем. Түріктерден үлгі алуымыз керек. Түріктер Батыспен байланысын арттырып, жақсы таңдау жасады. Қазір Еуропамен иық тіресіп кетті. Себебі, ұзақты көздеді, қадамын нық басты. Ресейдің қатып қалған саясаты бар. Еуропаға мойын бұрғысы келмейді. Бірақ бұл бізге сабақ емес. Ореке, кешір, біздің таңдаған өз жолымыз бар. Мүддеміз бар. Болашағымыз басқа. Қазақстан Каспий арқылы Еуропаға жол тартуы тиіс. Батыс басымызды сипай қоймас. Бірақ бұл өтпелі кедергі. Менің ойымша, болашақ - Батыста.     

«Жас қазақтың» сауалы

Жас қазақ: Демократия ұшпағына шыққан елдерде биліктен дәмесі барлар алдымен оппозицияға барады. Одан соң билік... Ал бізде алдымен билік, одан «жерісе» ғана барар жері - оппозиция. Осы ерекшелік біздің саяси жүйемізге ғана тән патология ма, әлде басқа да бір себептері бар ма? 
Төлеген Жүкеев: Бұл - қате пікір. Өмір болған соң, біз күтпеген әртүрлі жағдайдар болады. Мысалы, мен жас кезімде бірлескен кәсіпорындардың бас инженері, сосын директор болдым. Біраз дәрежеге жеткеннен кейін оппозицияға келдім. Керісінше, кейбіреулер өзінің саяси өмірін оппозициядан бастайды. Сосын билікке келеді. Бұл - өмірдің заңдылығы.       
Жас қазақ: Биліктің өзгермейтінін сын садағына жиі алатын оппозициялық партия басшылары өз орындарын неге жас жігіттерге босатып бермейді?
Төлеген Жүкеев: Оны өздерінен сұрағаныңыз дұрыс болады. Олар үшін жауап бермей-ақ қояйын. Мен өзімді мысалға келтіргім келмейді (күледі). Менің ойымша, олар өздерін маңызды адаммын деп сезінетін шығар. Бірақ бәрі халыққа белгілі ғой. Бастарын кішірейткісі келмейтін адамдардың жаман әдеті ғой бұл.

 

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ

 

«Жас қазақ» , 14.05.2010

0 пікір