ИЛЬЯ АЗАРДЫҢ РЕПОРТАЖЫ - 2
Орыстілді ғаламторды шарлап жүрген журналист Илья Азардың репортажын тілімізге тәржімалап қойғанымызды айтқанбыз. Бастапқы тарауын жария да еткенбіз: http://abai.kz/post/view?id=1997 Еліміздің Шығыс өлкесіне өзінше «саяхат» жасаған ол ШҚО-ны орыс жері, Ресейдің Алтайдағы аймағының бір пұшпағы деп жазады. Азардың репортажын жариялаудағы мақсатымыз – ел ішінде алакөбең көңіл күй тудыру емес, ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне мән бермейтін биліктің назарын аударту екендігін қайталап еске саламыз.
ОРЫС ТІЛІНІҢ ПРОБЛЕМАСЫ
Шығыс Қазақстандағы орыстарды алаңдататын тағы бір мәселе – жер-су атауларының қазақша атауларға алмастырылғаны екен. Мәселен, Усть-Каменегорск қаласын қазақтар Өскемен деп атайды.
«Ол орысша атауға тілі келмеген адамның шығарғаны, ешбір мағынасы жоқ қой» дейді «Русский мир» бірлестігінің өкілі Плахотин.
Google картасы және «Яндексте» Өскемен әлі орысша аталса, көршілес Семипалатинск — енді тек қана Семей деп аталады. «Олар тіпті ең көне орыс мекені Фыкалканы Бекалқа деп алмастырды, ал, оның нені білдіретін ешкім де білмейді», — деп мұңын шағады орыс бірлестігінің төрағасы Масленников.
Плахотиннің пікірінше, қазақтар шығыс жерінің өздеріне тиесілі екенін барынша дәлелдеуге тырысуда. Оның әріптесі «Ладтық» Навозов «Мұнда баяғыда шаруашылықтар құрылып жатқан тұста бірде-бір қазақша атау жоқ болатын, шағын ауыл болса, қазақша аты сақталған-тын. Мәселен, мысалға, орыс-қазақ стансасы Кокпектинскаяның орнында Көкпекті ауылы болған болса, ал, Георгиевка станицасында жел үрлеп тұратын жапан дала еді, бірақ, бұдан екі жыл бұрын Қалбатау атауымен алмастырды (ескертпе: шын мәнісінде 6 жыл бұрын —„Медуза“). Әр бұрышта осындай дүниелер орын алып жатыр» дейді.
Назарбаевтың Қазақстанды «Қазақ елі» деп атау туралы ойы Шығыс Қазақстан орыстарының тіпті ашуын қоздырған. Президенттің ұстанымын Плахотин былай түсіндіреді: «Бұл қазақтың жері болған соң орыстарға тыныш отыр дегенді ыммен түсіндіргісі келеді. Сендер-ақ жайларыңа отырыңдаршы, орыс отаршылдары, сендерден жақсылық көрмедік, жоқ болсаңдар Қазақстанның жағдайы одан да жақсы болар еді дегенді айтқысы келеді».
* * *
Украинаның оңтүстік шығысындағы орын алған әскери қақтығыстың ең басты ақтауы «фашистік хунтаның орыс тіліннің мәртебесіне қол сұғуы» (бірақ, президент м.а. Александр Турчинов орыс тілін аймақ тілінің мәртебесінен айыру заңнамасына қол қойған жоқ) болып саналады. Ал, Қазақстанда әзірше «фашистік хунта» жоқ, бірақ Плахотин: қазақтар орыс тілінің ресми тіл болып қала беруімен келіскілері келмейді деп мәлімдейді. 1995 жылғы Қазақстан Конституциясында және 1997-ші жылғы «Тілдер туралы» заңда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiнде, ұйымдарында, меншiк нысанына қарамастан, статистикалық-есеп, қаржы және техникалық құжаттама жүргiзу мемлекеттік тiлде және орыс тілінде қамтамасыз етiледi» деп айтылған. Бәрі тап бұрынғыдай сияқты, бірақ та Плахотин, Навозов және Масленниковтар түйіндеудің астарында орыс тілінің мәртебесін түсіру бұғып жатқанына сенімді.
Шын мәніснде, не Донбаста, не Қырымда орыс тілін қолдануға қатысты ушыққан ештеңе орын алған жоқ. Әрі бұл Қазақстанның шығысында да орын алып отырған жоқ. Усть-Каменогорскіде кез келген орыстілді мейман өзін кез келген провинциалды ресей қаласында жүргендей сезінеді. Бұндағы көптеген кафе мен дүкендер — «Большевик», «Святослав» немесе «У Ивана» сынды орыстық атауларға ие. Жергілікті ТV жаңа хабарларын жарнамалайтын биллбордта оның жүргізушілері —қоңырқай қазақ серісі мен ақсары орыс аруы мен мұндалайды. Тіпті қабырғалардағы граффитиде көбіне орыс тілінде шимақталған.
ШҚО (тіпті барша Қазақстанның да) ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілі болып қалып отыр. «Қазақ зиялы қауымының өзі қазақша білмейді, сондықтан орыс тілі әлі де бұрынғыша жұмыс және ресми тілі саналады» — деп мәлімдеді зерттеуші Дубнов. Тіпті, Парламенттің өзі қазақша сөйлемейді. Бұл кейбір жергілікті саясаткерлердің ашу-ызасын қоздырады деп өз теориясын бекемдей, әңгіме көйітті «Русский мирлық» Плахотин. Мысалға, саясаткер және ақын Мұхтар Шаханов таяуда егер де парламент пен үкімет өз тілінде сөйлегісі келмесе оны тарту керек деген талаппен қазақ тілін қорғау үшін шеру өткізуге тырысты. Шахановқа шеру өткізуге рұқсат берген жоқ, ақын ұстанған позицияны Қазақстан билігі «жасырын қолдайды» дегенге Плахотин кәміл сенімді.
Қос тілділік жағдайының ушыққан оқиғалары да кейбірде орын алуда. Усть-Каменогорскінің бұрынғы мәслихат депутаты Любимов қалтасынан трамвай билетін алып шықты, онда бір ауыз орысша сөз жоқ. Сатушы Сергей қазақтандыру процесінің кеңістігінің кеңейтудің тамыры тереңде деп мені сендіре сөйледі. «Олар барлығын жұрттың қимылы қандай болатын бағып жүзеге асыруда. Міне, таяуда облыстық сот жаңа ғимаратқа кірді, ал, онда орысша бірауыз сөз жоқ. Егер сен онда бара қалсаң, әрі соқыр, әрі мақау болып қаласың, — дейді Сергей. — Одан соң, „Защита“ станциясында (ескерпе: Усть-Каменогорскідегі вокзал тап осылай аталады —„Медуза“) жөндеуден кейін „Өскемен-1“ деп атайтын маңдайша пайда болды».
Сергейдің айтуынша сот пен вокзалға «жұрт бас шұлғи келіссе», хоккей аренасы бойынша бәрі керісінше орын алды. «Біздің Спорт Сарайында атақты Борис Александров өз спорттық жолын бастаған еді. Ол қайтыс болғанда аренаны оның атымен атауға ұсыныс түсірілді. Қазақтар ұзақ қарсыласты, содан кейін ғана барып, хоккеишінің есімі тек қазақ тілінде пайда болды. Жұрттың бұл ашу-ызасын келтіріп, сотқа шағым да түсірді, билікпен әр кездескен сайын осы мәселені көтерді», — деп әңгімелейді Сергей. Оның айтуынша, сол кезде ғана билік өздерінің «қатты кеткенін» түсініп, орыс әріптерін қосыпты. Депутат Каримов мәлімдеуінше, қосарланған орыс жазбасы құр әшейін «ғимараттың ұсқынын кетіріп тұр», әрі Усть-Каменогорскідегі жаңа жеңіл атлетика стадионы бірден қазақстандық спортшы Ольга Рыпакованың (Лондонда өткен Олимпиада-2012 үш қарғып секіруден алтын медаль иеленген) құрметіне оның есімін иеленді.
Оның үстіне Қазақстан ресми құжат айналымын қазақ тіліне көшіруге асығар емес (тіпті, 1997 жылы орыс тіліндегі құжат қазақша көшірмесінсіз қолданылмайды деп шешілген). Кинотеатрларда орыс фильмдері түпнұсқадан көрсетіліп, орыс тілді газет пен телеарналар қызмет жасауда. «Ал, Украина қатты күшке салып жіберді. Мысалға, билік органдарының сайттары тек украинша, бізде олай емес», — деп мақтанышпен сөз етеді депутат Каримов.
Орыс бизнесмені Александр Чиликин (Усть-Каменогорскідегі «Изумрудный Алтай» туристік компаниясының қожайыны) айтуынша, Шығыс Қазақстанда «қазақ тіліне өтудің проблемасы бар», бірақ ол байыпты оптимизм сақтап: «Біздің билік Украинадағы жағдайлардан сабақ алып, орыс тілін ресми тіл деп мойындайды деп сенем. Бұлай дегенім күнә да шығар, дегенмен Украинада осындай оқиғалардың болғаны да дұрыс сияқты, ресми тілдерді мойындаған Канада немесе Дания сияқты елдер де бізге жақсы ой салды».
ОРЫС ТІЛДІ, БІРАҚ, ОРЫС МЕКТЕБІ ЕМЕС
Қазақстанға қарағанда Украинаның шығысында орыс тілінде білім беру өте нашар болды. 2012-ші жылы Донецк облысындағы жалпы білім беретін 1058 мектептің 402-сі украин тілінде білім беру мәртебесіне ие, украин-орыс мектептері саны – 478, ал, толық орыс тілдісі — 178 деп ВВС мәлімдеген еді. Донецк облысындағы жоо білім беру тек украин тілінде жүргізілді.
Қазақстанның шығысында мүлдем бұлай емес. Білім беру көптеген мектептер мен университеттерде орыс тілінде жалғасуда деп әңгімелейді Усть-Каменогорскідегі экономика және қаржы колледжінің оқытушысы Светлана Панкратова. «Біз орыс оқулықтары бойынша оқимыз, ал, онда қазақ оқулықтарына қарағанда жауаптарда қателіктер жоққа тән», — дейді оқытушы. Каримовтың айтуынша, қалада қазақ мектептері пайда болуда, бұл табиғи процесс, қазақтар арасында туу көрсеткіші жоғары, ана тілінде оқытпау дегеніміз – ұлттық кемісітушілік. «Әлбетте, кейбір орыс мектептерін қазақ лицейлеріне айналдырды, оның себебі орыс тілді балалардың санының кемуі», —, Ермак Тимофеевич атындағы Орыс-қазақ жерлестігінің атаманы Валерий Чмутов (осы бозбас қолына өмірі қару алмаған, Тәңірлік дін сөзін ұстанған пірәдар Жармақтың не Қазақ хандығына, не Көшім хандығына, не Мәскеуге бағынбаған ариан Керейдің дінбасысы болғандығын біле ме екен өзі. Одан орыс және қазақ тарихы бірі – жаулаушы, екіншісі – қорлаушы мифтік образын жасап шықты – Ә.Ә.Ә.).
Жергілікті Достық үйінің директоры Эльдар Төлеубековтың айтуынша, қаладағы 52 мектептің 9-ында ғана сабақ қазақ тілінде жүргізіледі екен. «Жақында бір мектепті толықтай қазақшаға көшірмекші болып едік, онымыздан түк шықпады. Қазір қайтадан орыс мұғалімдері қайтып келді, — дейді Толеубеков. «Абай атам айтқандай «Біз мәдениетті Ресей арқылы танимыз» дейді Эльдар Толеубеков. Бұл мәселе жоғары оқу орнына да байланысты. «Маған өзге бөлімдерден балалар жиі ауысып келеді, олар орыс тілінде білім алғысы келеді» дейді Өскемен экономика және бизнес колледжінің Светлана Панкратова. Бұдан басқа проблема: орыс оқытушылары қалған жоқ, қалғаны тек зейнеткерлер. Дегенмен, «Русский мир» қоғамдық бірлестігінің өкілі Плахотин «Мектептер орыстілді болғанымен, онда орыс әдебиетіне, Ресей тарихына орын берілмейді. Әлемдік тарих пен әдебиет сабағында Ресейге бірнеше сабақ қана арналады. Орыс тілінің сағаттарын азайтып жатыр. Бұл сағаттарсыз орыс тілін толық қанды игеру еш мүмкін емес . «Соғыс және бейбітшілік» сияқты үлкен романды бір сабақта ғана өтіп кетеді» дейді ол. Әлгі оқытушы «Орыстардың мұнда болашағы жоқ. Мен өзімнің жаныма жақын тілде сөйлегім келеді. Бірақ біз орыстар бара-бара азайып барамыз. Сондықтан мен туған қаламда өзім түсінбейтін қазақ тілін көбірек еститін болдым. Мен барлық қазақты жақсы көрем, құрметтеймін, бірақ маған бұл ыңғайсыз»-деп өз ойын қосты Масленников.
Орыс ұйымдарының өкілдері қазақ жағдайының украиндарға қарағанда әлдеқандай жақсы жағы бар екендігін ұғынады. «Юлия Тимошенко украин мектептерінде үзіліс кезінде орысша сөйлеуге тыйым салған болатын. Бізге тек үйде ғана орысша сөйлеуге тыйым салынбаған. Дегенмен қысым көрсету бар», — деп айтады Плахотин.
ОРЫСТАРДЫҢ КЕТУІ
«Орыстардың бұл жерде болашағы жоқ, — деп айтады оқытушы Панкратова. — Мен өзім қалаған тілде сөйлегім келеді, бірақ та, біз бірте-бірте азайып барамыз, біз өзіміз түсінбейтін қазақ сөзін өте жиі естиміз. Мен барша қазақты жанымдай сүйемін, бірақ бұл жерде өзімді бөтен үйге кіргендей сезінемін».
Орыстар көршілес Барнаул, Омбы, Новосібір, Томбы немесе Мәскеу қалаларына жиі көшеді екен. Негізінен жастар білім алуға кетеді екен. Сол үшін ғана емес, өйткені Ресейдегі жалақы Қазақстанға қарағанда 30-40 пайызға жоғары деп мәлімдейді Золотарев. Усть-Каменогорскі өзіне ұнаса да Панкратовада жақын аралықта кетуге қамданып отыр: «Мен өз өлкемді сүйемін, мен осы жерде тудым, өз әріптестерімді жанымдай жақсы көремін, мен колледждің құрметті қызметкермін жүктемем мен жалақым да тәуір, қоғамда мені құрмет тұтады. Еш нәрсеге ғапылым жоқ, бірақ қызым Ресейде білім алуда».
«Ресейге қазақтар да жиі қоныс аударады. Орыс тілі – өмірге берілетін жолдама сияқты, өйткені, орыстың білімі тереңірек» дейді Плахотин мақтанышпен.
«Ой көші-қоны» проблемасына жергілікті билік те назар аударуда. «Бірде біздің әкім шекаралас Ресей қаласында болды. Орынбасарларымен бірге микроавтобусқа отырып, өзімен бірге сырнайшыны алып, газелдің жартысына қазы [жылқы шұшығы] мен водка тиеп алды. Академ қалашыққа [новосибирдегі] келіп, студенттермен жүздесіп: Здравствуйте! Біз Қазақстаннанбыз, онда Усть-Каменогорск деген қаладанбыз! Аудиторияның жартысы орындарынан тұрып, қолдарын көтеріп: о-о-о, біздің туған қаламыз! Оған мың сәлем! деп айқайлайса, қалған жартысының ширегі: ал, біз Павлодарданбыз деп жар салады. Әкім абдырап таңқалып: бұлай болуы мүмкін бе? Сіздер неге осындасыздар? Қазақстанға оралыңдар? Жоқ оралмаймыз, біздің онда ешкімге керегіміз жоқ… Ол айран асыр болып еліне оралды», — деп әңгімелейді сатушы Сергей.
«Көптеген адамдар көшушілердің пәтерлерін сатуын, төлқұжаттарын рәсімдеуін төрешілдікпен кідіртеді деп шағынады, бірақ та, бұның барлығы кеткісі келгендерге тосқауыл бола алмауда», — дейді іс-сапармен жүрген Золотарев. Облыс басшылығы, депутат Каримовтың айтуынша, тіптен, жұмыс орындарын тауып беру немесе қайтып оралған орыс тұрғындарға пәтерлерін кері қайтару бағдарламасын жасап шыққылары да келмейді.
Ерте ме, кеш пе Қазақстан мемлекеттік тілге бәрібір көшеді, сол кезде орыстар Ресейге үдіре көшетін болады. Тіпті қазақ билігінің сойылын соғушы жергілікті баспагер, журналист Черкашиннің өзі «қазақ тілін үйренгенше Ресейге көшкенім жөн» дегенді айтады. Ал, «кәсіби орыстардың» осы процеске беретін өз анықтамалары бар: «Баяу геноцид жүруде, осыған дейін 5 миллионға дейін орыс кетіп үлгерді. Енді қоныс аударушылардың төртінші толқыны жүруде. Азаматтар баласына, немерелеріне кетіп жатыр» дейді жеріглікті орыс общинасының төрағасы Олег Масленников.
Ал, қалуға бел шешкендер Қазақстан тұру Ресейдегіден артық болмаса, кем емес дегенді айтады. Кәсіпкер Александр Савельевтің айтуы бойынша, Қазақстанда төрешілдік аз және де жеңілдік көп. «Мен, міне, 13% несие алдым, ал, оның 7% мемлекет өтейді, нәтижесінде мен оны 4–5% алып отырмын. Жер телімін алу үшін ешкімнің қолына пара ұстатпаймын, ал, сіздерде, қылт еткеніңе ақы сұрайды. ҚҚС біздерде 18% емес, 12», — деп айтады ол.
— Бір сөзбен айтқанда, ел тізгінін ұстап отырған жігіттер, бізді алақандарына салып аялаулары керек! — дейді бизнесмен Чиликин.
— Аялай ма? — деп мен нақтылай түстім.
— Ең құрығанда кедергі келтірмейді. Мен тау шаңғысы базасына жол салдым, ал, маған таудың бір шетін шекіп алу керек болды. Оған басы артық ақшам болмағандықтан әкімнен сұрадым. Осылайша үкімет қарымтасына ештеңке сұрамай маған өз қол ұшын берді.
Abai.kz