Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2463 0 пікір 20 Мамыр, 2010 сағат 15:21

Интернет-конференция (Басы)

Құрметті Нұртай Салихұлы!
Сізді ел арасына ең көп шығатын депутат деп естиміз. Демек, елдің жайын өзгелерден гөрі жақсы білуіңіз керек. Бүгінгі қазақ ауылының жайы қалай? Елдің ертеңгі күнге үміті бар ма? Ауылда алдымен қандай мәселе шешілуі тиіс деп ойлайсыз?
Адырна

- Өзім Шығыс Қазақстан облысының елді-мекендеріне, шалғай жатқан ауылдарына жиі барып, тұрғындармен кездесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен әруақытта танысып жүремін. Бүгінгі таңда ауылды жерлерде шешімін таппаған әлеуметтік, экономикалық мәселелер бар. Олардың ішінде тізбелеп айтар болсақ: жұмыссыздық, мәдениет үйлерін салу, жөндеу, ауыз су, мектеп ғимараттарын, авто жолдарды жөндеу, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау, зейнеткерлік жас, зейнетақы мөлшері, мұғалімдердің еңбек ақысы, халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын, көлемін арттыру, елді-мекендердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге қаражат бөлу және т.б. мәселелер. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын өндіріс орындарын ашу мәселесі де жиі көтеріледі. Осы айтылған мәселелерді шешу жолдары да қазір қарастырылып, қаржы бөлінуде. Бәріміз де елдің ертеңгі күніне зор үмітпен қараймыз.   


Құрметті Нұртай Салихұлы!
Сізді ел арасына ең көп шығатын депутат деп естиміз. Демек, елдің жайын өзгелерден гөрі жақсы білуіңіз керек. Бүгінгі қазақ ауылының жайы қалай? Елдің ертеңгі күнге үміті бар ма? Ауылда алдымен қандай мәселе шешілуі тиіс деп ойлайсыз?
Адырна

- Өзім Шығыс Қазақстан облысының елді-мекендеріне, шалғай жатқан ауылдарына жиі барып, тұрғындармен кездесіп, ауылдың тыныс-тіршілігімен әруақытта танысып жүремін. Бүгінгі таңда ауылды жерлерде шешімін таппаған әлеуметтік, экономикалық мәселелер бар. Олардың ішінде тізбелеп айтар болсақ: жұмыссыздық, мәдениет үйлерін салу, жөндеу, ауыз су, мектеп ғимараттарын, авто жолдарды жөндеу, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қолдау, зейнеткерлік жас, зейнетақы мөлшері, мұғалімдердің еңбек ақысы, халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын, көлемін арттыру, елді-мекендердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге қаражат бөлу және т.б. мәселелер. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын өндіріс орындарын ашу мәселесі де жиі көтеріледі. Осы айтылған мәселелерді шешу жолдары да қазір қарастырылып, қаржы бөлінуде. Бәріміз де елдің ертеңгі күніне зор үмітпен қараймыз.   

-    Өткенде біреулермен айтысып-тартысып жүргеніңізді осы порталдан оқыған едік. Сол мәселе не болды? Жалпы біздің қоғамда азаматтардың бір-бірімен соттасу қатты белең алып тұр деп ойламайсыз ба? Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Тағы бір сұрақ - біздің қоғад әлі күнге дейін домалақ арыздың дәурені жүріп тұр. Құзырлы орындардың домалақ арыздарды да қарап, сол бойынша түрлі шаралар қабылдауына депутат ретінде не айтасыз?

-    Кез келген адам өзінің құқығын қажет болған жағдайда сот арқылы қорғай алады. Әрине, белгілі бір дау-дамайды сотқа дейін шешу жолдары бар, дау сотқа жетпей келіссөз арқылы шешіліп жатса құба құп. Өткендегі дауға қатысы мәселеге байланысты сот отырысы жауапкер Т.Ахметовтың өтінішіне, оның сот отырысына келмеуіне байланысты кейінге қалдырылды. Ал домалақ арызға келетін болсақ бұл совет дәуірінен келе жатқан жағымсыз нәрсе.  Қолданыстағы заңға сәйкес аты-жөні көрсетілмеген домалақ арыздар қаралуға жатпайды.  

-    Аяқ-астынан Парламент тарап кетсе қандай не істер едіңіз? Жалпы депутаттық өкілеттігіңіз аяқталған соң немен айналысуды қалар едіңіз?
-     Мамандығым бойынша жұмыс істеймін экономист, бухгалтер немесе заңгер болып. 

-    Құрметті Нұртай Салихұлы!
1-сұрақ. Депутаттық қызметтен кеткен соң, қартайғанда алатын 25 мың пенсиядан қорықпайсыз ба? Сіздің кейбір әріптестіріңізді осы қатты алаңдатады, ал Сізді ше?
-     2-сұрақ. Жеке басыңызға байланысты сұрақ, өз атыңызға тіркелген қандай мүліктер, иеліктер, жер учаскелері бар?
-
-    3-сұрақ. Депутаттық өкілеттігіңіз біткен соң, Сенатор болатын мақсатыңыз бар ма?
Алдын ала рахмет

-    1-сұраққа: жоқ,  қорықпаймын. Бұл мәселе мені алаңдатпайды, өйткені қарапайым халықтан ешқандай артықшылығым жоқ.
-    2-сұраққа: Алматы қаласында көп қабатты үйде екі пәтерім, Астана қаласында көп қабатты үйде бір пәтерім бар. 3 жауапершілігі шектеулі серіктестіктерде үлестерім де бар. Ол үлестерімді шарт арқылы сенімді басқарушыға бергем.  Жеке жер үйім, жер учаскілерім, автокөлігім, шетелде мүліктерім, банктерде ақшаларым жоқ. Мен депутат болып сайланғанға дейін экономист, бас бухгалтер, аудитор болып еңбек етіп, жеке кәсіпкерлікпен де айналыстым. Бүкіл тапқан табысымнан салық төленген. Бұл мүліктер сол тапқан табысқа алынған. Дәлелдейтін құжаттарым да бар. Сонымен қатар,  депутат ретінде өзіме және жұбайыма жыл сайын жеке табыс және мүлік салығы декларациясын тапсырып тұрамын.   
-    3-сұраққа: Мәжілісте депутаттық өкілеттігім біткен соң сенатор болу ойымда жоқ.

-    Сәлемесіз бе, сізді бұрында демеушілік жасағаныңызға қарап қазаққа жанашыр тұлға ретінде қатты сыйлайтын едім, өткенде сіз туралы дау-дамайды оқып көңілім қалыңқырап қалды. Депутат ретінде қазаққа қандай қайырымды іс қылдым деп ойлайсыз, нақты атап көрсете аласыз ба және осы жылы меценат ретінде қандай қайрымдылық шараларын жасадыңыз?
Ақ-Ару
1. Ол дауға байланысты «Жас Қазақ» газетінің 14.05.2010 жылғы №18(278) санында сұхбат бергем және сол сұхбат Abai.kz порталында да шықты. Оқып шығуыңызға болады.

2. Депутат ретінде елге, қазаққа қайырымды іс – бұл халыққа адал қызмет ету. Парламент заң шығаруды жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган болғандықтан –заң жобаларын талқылау кезінде халықтың ой-пікірін, көтерген мәселелерін ескере отырып,  ұсыныстар жасауға көп көңіл бөлемін. Парламент Мәжілісінің депутаты болғалы бес жарым жылға аяқ басыпты. Осы уақыт аралығында маған 5 мыңға жуық хаттар мен өтініштер келді. Олардың бәріне нақты, тиянақты жауап берілді. 1 мыңнан аса адамға тікелей қолдауымды көрсетіп, мәселелерін шешуге қол жеткіздім. Шығыс Қазақстан облысының 300-ге жуық елді-мекенінде тұрғындармен кездесу өкізіп, олардың көтерген мәселелерін, айтқан ұсыныстарын Үкіметке, тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, оларға қолдау көрсеттім.  
Қазақтың өнерін, тілін, мәдениетін, спортын қолымнан келгенше қолдап, қол ұшын беріп келемін. 
Жалпы, заң қабылдау, халықпен тығыз байланыста болып, олардың мәселелерінің шешілуіне атсалысу – бұл үлкен жауапты іс.  
Ал, осы 2010 жылы меценат ретінде қайырымдылық шараларыма тоқталатын болсам: 120 азаматқа, 12 орта мектепке, 3 бала бақшаға  менің тарапымнан қаржылай, материалдық демеушілік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, отбасылық, әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жыл сайын 10 студентке (соның ішінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің 4 студенті, Семей педагогикалық институтының 2 студенті және де екі колледж бен екі институт студенттері) стипендия тағайындап, 10 студент баланың ақылы оқуын төлеп беріп отырмын. Сонымен қатар мәдени іс-шараларға да, талантты спортшыларға да, жас көркем гимнастикамен айналысатын мектеп оқушысына да өз тарапымнан қаржылай көмек көрсетіп отырмын. Мұны мен өзімнің азаматтық борышым деп есептеймін.

-    Нұртай аға, демеуші ретінде де, депутат ретінде де қарапайым халыққа қол ұшын беріп келесіз. Әділетсіздікті де бастан өткерген кезіңіз болды. Түңіліп кеткен жоқсыз ба? Қазаққа қалай жағуға болады? "Жас Алаштағы" мақалаларды оқып отырып, оқырман ретінде сізге жаным ашыды. Десе де үлкен табыстар тілеймін. Отбасыңыз аман болсын!
- Азамат ретінде, депутат ретінде қарапайым халыққа мүмкіндігімше қол ұшымды беруге тырысамын. Ал сұрағыңызға тікелей жауап берер блосам:  жоқ, еш нәрседен түңілген жоқпын, түңілуге тиісті емеспін. Ниетіңізге көп рахмет. 

-    Нұртай мырза, 1986 жылғы 16-желтоқсан көтерілісінде қатты дыбыстағышпен бірнеше рет суретке анық түсіп қалғансыз. Сондай-ақ теледидардан да сол көрінісіңіз көрсетіліп жүр. Мұндағы сұрамағым -- соншалық белсенділік танытқан сіздің КГБ-ның әлемдегі ең қырағы көзінен және ең ұзын құрығынан аман құтылып кеткеніңіз көңілге түрлі ой салады. Неге суретке түспегендер тұтылып, сіз құтылып кеттіңіз? Екіншіден осы желтоқсан көтерілісімен шұғылданып жүргендерден Мұхтар Шахановтың сөзіне көп сенесіз бе әлде, Хасен Қожа-Ахметтің сөзіне ме? Қайсысы  желтоқсаншылардың нағыз қамқоры?
-    1986 жылғы 16 желтоқсанда көтеріліс болған жоқ. Ол күні Қазақстан компартиясының Пленумы өтті. Желтоқсан көтерілісі  1986 жылғы 17-18 желтоқсан күндері болды. Біз Алматы халық шаруашылығы институтының (НАРХОЗ) студенттері осы Пленум шешіміне, тоталитарлық жүйенің саясатына қарсылығымызды ашық білдіріп, қазақ халқының намысын қорғау үшін бұрынғы Л.Брежнев атындағы орталық алаңға шықтық, 2 күн бойы күрестік. 17 желтоқсанда сол алаңда қазақ жастары мені көтеріп, дыбыс күшейткішпен сөйлеп тұрғанымды арнайы органдар түсіріп алған екен. Желтоқсан көтерілісінен 2 ай өткеннен кейін іздестіру жұмыстары арқылы сол фото суретпен арнайы орган қызметкерлері мені тауып алды. Мен де сергелдеңге түсіп, 6 айдай тергеуде болғанмын. Қаншама қысым, қиндық көрсем де шыдап бақтым. Маған сол қиындықта жүргенде көптеген азаматтар, студент-достарым қол ұшын беріп, қолдау көрсетті. Дегенмен де, Желтоқсан көтерілісінен кейін кейбір оқытушыларым бұрын үздік студент деп қараушы еді, енді ұлтшыл студент деп қарайтын болды. Сол кездегі Лениндік стипендияға үміткерлер қатарынан, құрмет тақтасынан алынып тасталдым. Үздік студент ретінде сол институттың бухгалтерлік кафедрасына оқытушы ретінде берілген жолдама да маған бұйырмады.
Ал, Желтоқсан көтерілісімен шұғылданып жүрген азаматтарға оң көзқарас танытып, олардың атқарып жатқан жұмыстарына қолдау көрсетуіміз керек.    

-    Сәлеметсіз бе, Нұртай Салихұлы? "Мәжілістің 99 депутаты халықтың атынан сөйлеп, Назарбаевқа "ұлт көшбасшысы" атағын алып берді" деген әңгіме гулеп кетті. Сол 99-дың ішінде сіз де барсыз ба?
-    Иә, бармын.

-    Құрметтi Нұртай мырза! Жақында сiзге катысты дау дамай туындады. Сайлаушыларынызды сотқа берiп жатқан көрiнесiз. «Жас Алаштың» жазуына карағанда түкке тұрмайтын нәрсе.
1 сұрағым: «Мұның бәрi тапсырыспен жасалған» депсiз. Сонда олардын артында тұрған кiм? Нақты атаңызшы.
2 сұрағым: «Ұлт көшбасшысына» қатысты заңды қолдап дауыс берген 100 депутаттың 1-еуi қалыс қалыпты. Сол сiз емес пе?
3 сұрағым: Сiз әркiммен бiр соттасып жүрсiз. Қалай ойлайсыз осы сiзге абырой әпере ме?

-     «Жас Алаштың» жазуына қарағанда «түкке тұрмайтын» мәселе болса, оны «Жас Алаш» газеті неге жазады?! Сіз туралы шындыққа сай келмейтін мағлұматтар газет бетінде жарық көрсе, Сізге басқа біреулер жала жапса Сіз қалай қарайтын едіңіз?! Мен сайлаушыларымды сотқа беріп жатқан жоқпын, мен өзімнің ар-намысымды, іскерлік беделімді қорғап жатырмын. Ол дауға байланысты «Жас Қазақ» газетінің 14.05.2010 жылғы №18(278) санында сұхбат бергем және сол сұхбат Abai.kz порталында да шықты. Оқып шығуыңызға болады.
Мен әркіммен бір соттасып жүрген жоқпын. Кей кезде сотқа жүгіну абырой жинау үшін емес, ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау үшін қажет. Бұл қолданыстағы заң нормаларында қарастырылған. Менің ойымша жала жабу, халықты дүрліктіру біздің қоғамға жат нәрсе. Оған тосқауыл қоюымыз керек.

-    Нүреке, Сiз алдыңғы шақырылымда депутаттыққа өте алмай калдыныз. Кейiнгiсiнде сiздi «Нұр Отанның» тiзiмiмен өткiзген партиянын сол кездегi төраға орынбасары Амангелдi Ермегияев деседi. Бұған не дейсiз?
-    Мен алдыңғы шақырылымда, яғни Парламент Мәжілісінің 3-ші шақырылымына 2004 жылдың 19 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Жарма, Үржар аудандарынан №25 сайлау округі бойынша депутат болып сайландым.
Ал, 2007 жылғы 18 тамызда Парламент Мәжілісінің 4-ші шақырылымына «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша депутат болып сайландым.    

-    Нұртай мырза! Жастар банктерден  кредит алып төлей алмаған соң, отбастарынан айрылысып тіпті фаниден бақиға өздеріне қол жұмсап кетіп жатыр . Осы мәселе туралы ҮКІМЕТ жеңілдіктер жасаса,  қанша жас отбасы,  тепсе темір үзетін азаматтар аман қалушы еді? Ал АУЫЛДЫҢ жағдайын  былайда жақсы білетын шығарсыз?!.
-    Ипотека мәселесін, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы мәселені азаматтардың өтініштеріне байланысты Үкіметке, атқарушы органдарға, тиісті министрліктерге депутаттық сауал, хаттар арқылы жеткізіп жатырмын. Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасына сәйкес ипотека арқылы алған несиелер қайта қаржыландырылды, көптеген үлескерлердің мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлерді қаржыландыруға бюджеттен қаражат та бөлінді. Тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы көлемінде жас отбасыларын, басқа да азаматтарды тұрғын-үйлермен қамтамасыз ету жүзеге асырылып жатыр.        
Ауылға барып, жұмыс істеймін деген жас мамандарды тұрғын-үймен қамтамасыз ету мақсатында атқарушы орган арқылы 15 жылға арналған пайызсыз несие беру көзделген. Ал, ауыл жағдайына қатысты мәселелерді жоғарыда айтып өттім.

(Төмендегі бірнеше сұрақ Баянөлгейлік  Жанарбек Ақыбиұлынан келіпті. Сауалдарының бәріне  Нұртай Салихұлының тарапынан жауап болған соң түгел жарияладық)

Құрметті Нұртай Салихұлы!

Мен сізді баспасөз  арқылы жақсы танимын.
Өткен жылы Шығыс жақты аралағанымда бұрынан-ақ ақпарат құралдарынан алған сіз жайлы жағымды пікірлердің теріс еместігіне көзім жетті.  Сізді өзі сайлағын аумағыңыз керемет мақтан тұтады әрі қатты сыйлайды екен.  Сосын қанша айтқанмен Абай мен Шәкәрім,  Мұқтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділовтер туған топырақтың баласы емес пе текті болған соң ел қамын ойлап жан таласатын шығар деп маңымдағыларға өз қортындымды түйіндеген едім..
Мен енді Сізге тікелей өтінішімді білдірейін.
Өткен жылдың аяғында Шығыс өңірін араладым,  содан қорытқан ойларымды осы мүмкіндікті пайдаланып айтуды жөн көрдім. Сіздің құзырыңызға жатпайтын сұрақтар болса алдын ала кешірім сураймын.
Өмірімде алғаш рет шығыс өңірі және Абай ауылы Жидебайда болдым. Қатты әсер алдым,керемет жерлер олар..
Бұл жақ қазақтың рухани Астанасы, Рухты жер, ел деп көп айтамыз.  Иә, бұл жалғанда мәңгі қалар ештеңе жоқ.  Тозбайтын зат кем.  Уақыт өте мүжіліп отырады деседе адамдар қамқорлығына айландырса біраз уақыт сақтап қалуға болады.
Соның көп жері Абайға қатысы. Ана Қасқабұлақ, Күшікбай асуы, Абайдың төңірегінде болғандардың қамыры дейсің бе? т/б
жаңа заманға лайықты халықаралық туризім стандартына сай жобалар мен соларды қамқорлыққа алып керемет тарихи сәулетті кешендер салу жобаларын  қарастыру мүмкіндіктер бар ма екен?

-    Сұрағыңыз өте орынды. Мен де бірнеше рет осы Абай ауданында болып, тарихи жәдігерлерді өз көзіммен көрдім. Тарихи жәдігерлерді, мәдени ошақтарды сақтап, оларды болашақ ұрпаққа жеткізу баршамыздың парызымыз. Мемлекет тарапынан тиісті шаралар да атқарылып жатыр. Абай мұражайы, Абай мен Шәкәрім аталарымыздың кесенесі толық мемлекеттің қарамағында. Туристерді тарту үшін, оларға жағдай жасау үшін де Абай атамыздың кесенесінің мұражайының жанынан қонақтарды қабылдайтын кешен салу көзделген. Сол Абай кесенесінің басында жыл сайынғы өткізілетін Абай оқылымдары да болашақ ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор іс-шара болып табылады. Халық осындай игі шараларды көп өткізіп тұруды қолдайды.     
-    Ал, сол рухани жеріміз, еліміз дейтін Абай өңірінің көп жерінің атаулары орысша тіпті моңғолша атаулар да  жетіп артылады екен.
Қазақтың не бір ұлтық ұлы тұлғалары шыққан осы өңір еркіндік алғалы 20 жылдан бері сол ел мен жердің аттарын қайтарып алуға  әл дәрмені жетпеді ме деп қынжылдым.  Бұған не дейсіз?
-    Жер-су аттарын өзгерту, қайта қалпына келтіру жергілікті және республикалық ономастикалық комиссияның қарастырылуымен жүзеге асырылады. Оған ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар бірлесе отырып береді. Бұл жерде халықтың да ой-пікірі, ұсынысы ескерілуге тиіс деп ойлаймын.
-    Сіздер Мұзтау дейсіздер,  ал халықарлық картада «Белуха» атымен белгілі Алтай тау жотасының ең бигіне Қазақстанның Алтайына шыққым келді. Өскеменің туризім компаняларының бәріне  айтып көрдім,  сұрадым. Бәрі бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай,  «Бұл тау орыстың жері сондықтан Ресей жеріне өтеміз, сосын сол тауыңа шығамыз» деп жауап қайырды ..
Енді сұрағым: картада және ата бабамыздан қазақтың тауы боп келе жатқан бұл тауға туризім саласымен туристерді қаптатып Ресейдің тауы қып жүрген Өскеменнің сатқын туризім ошақтарын әкесіне тантып қояр немесе сол өлкеге қазақи туризім компаняларын ашу мүмкіндіктері өкіметте қарстырылған ба? Жалпы осы жайлы не дейсіз?
-     Бұл сұрағыңызға байланысты айтарым: жалпы туристік компаниялар жеке меншікке негізделген. Олардың қызметі қолданыстағы заңмен реттеледі. Сондықтан да туристік компаниялардың тарапынан қазақтың тауын Ресейдің тауы қып жүрген компаниялардың іс әрекетіне қатысты мәселелер туындап жатса, ондай мәселені тиісті органдарға жеткізуге болады.   
-    Өскемен жақта қара көздердің саны өте аз көрінді маған. Ал бары көпке еліктеп тілдері арамданған. Осы өңірге оралмандарды молынан тарту мұмкіндіктері қалай?
-    Және  бір өтініш есте жоқ ескі замандарда өскеменің Катон қарағайында 4 елдің қазақтары жәрмеңке ұймдастырып тұрған екен, осы жол қазір жабық.
Егер сол жол ашық болса, Моңғоляның Баян-Өлгийнен тура Өскенменге кіріп келетін жолдың ара қашықтығы 65 шақырым ғана болып қалар еді. Осы жолды Моңғоля қазақтары 20 жылдан бері ашып берсе деп Назекеңе өтініп келеді. Сіз қалай ойлайсыз,  бұл жол жайлы не айтасыз?
Егер бұл жол ашыласа,  Шығыс өңірде мал шаруашылығы жылдам көтерілер еді. Оның сыртында Өскемендегі металл өндірістері шикізат қорына кенелер еді. Қазқстаның бір талай ауыл шаруашылық өнімдерін сол жаққа экспортау мүмкіндіктеріне жол ашылар еді..
Бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау мамандығыңзға сәйкес талдап көріңізші ел пайдасы үшін дегім келеді.

-     Моңғолияға қатынайтын жол мәселесіне байланысты толық ақпаратты, мәселені жазып берсеңіз, оны Үкіметке қарастыру үшін сауал ретінде жіберуге болады. Толық мәліметіңізді мына мекен-жайға жіберуіңізге болады: 010000, Астана қаласы, Парламент үйі. Мәжіліс депутаты Н.Сабильяновқа.
-     Жалпы көші – қон мәселесінде қандай  нақты жоспар бар? Әлде өкімет «Келгенің квотаңды ал,  келмегенің өлмесең өмірем  қап» саясатымен отыра бере ме?
-    Шетелдерде тұратын қандастарымыздың Қазақстанға қоныс аударуына байланысты мемлекет тарапынан нақты іс шаралар атқарылып, қаражат та бөлініп жатыр. 2009 жылдан бастап  20 000 отбасына квота бөлініп отыр. Қазіргі таңда Парламент Мәжілісінде де «Көші-қон туралы» Заң жобасы талқылануда. Көптеген мәселелер осы заң көлемінде шешімін табады деп ойлаймын. 
-    Құрметті Жанарбек Ақыбиұлы ! Сізге қазақтың тарихына, мәдениетіне, ұлт болашағына байланысты осындай келелі мәселелер көтеріп, азаматтық ұстанымыңызды танытқаныңызға, сұрақтар қойғаныңызға шын жүректен рахметімді айтамын.

(Жалғасы бар)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419