Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3004 0 пікір 24 Мамыр, 2010 сағат 03:38

ҰБТ бизнес көзіне айналып барады

Биыл ҰБТ сынақтары жетінші мәрте өткізілгелі жатыр. Бір дөкей көкеміздің: «алғашқы бес жылдан аман шыққан жобаның ғұмыры ұза-аақ болады» деген сөзі бар еді, сірә, тестілеудің бұл түрі мектеп бітірушілерді «өткелектен» өткізудің ұзақ мерзімді тәсіліне айналатын шығар. Алғашқы жылдардағыдай емес, тест алушылар да, тапсырушылар да бұл іске әбден маманданып алды. Құп делік. Алайда маманданып үлгерген тағы бір топ бар. Ол - ҰБТ-ны бизнес көзіне айналдырып алғандар.

Әңгімені әдеттегіше әріден бастайық. Басында білім бар бала қандай болсын, емтиханнан сүрінбей өтеді. Дегенмен «баламның есте сақтау қабілеті нашарлау, мазмұнын білгенмен, нақты деректерден сүрінеді-ау» деп қауіптенген ата-аналардың жалған құжат дайындап, өз баласының орнына «есте сақтау жадысы - 2 гегабайт» адамдарға сынақ тапсыртқандары да болды. Рас, алғашқы жылдары. Олардың ішінде әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылғандары да болды. Ал кейінгі жылдары мұндай оқиға тіркелмесе де, ауыл арасында «адам салдым» дегендерді естіп қаламыз. Бірақ «көзбен көріп, қолмен ұстамағандықтан», ресмилемей-ақ қоялық, айтқымыз келетіні, бұл - тестіні бизнеске айналдырудың алғашқы тәсілі болатын...

Алғашқы жыл - қашанда тәжірибелік жыл. Келесі жылы талап күрт күшейді, тест өткізу кезінде үміткерлерді бақылауға тек Ішкі істер органы мен білім қызметкерлері ғана емес, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жергілікті әкімшілік биліктің қауіпсіздік қызметі де тартыла бастады. «Адам салу» қиындай түскендіктен, ата-аналар тестке дайындайтын қосымша курстарға бере бастады. Әдетте мұндай факультативтік курстар бір пәнді тереңдетіп бүге-шігесіне дейін үйрететін болса, ендігілері тек тестке ғана дайындай бастады. Басқаша айтқанда, балалар кешенді білім алуға емес, тек нақты деректен ғана құралған бір бағытта ғана білім жинай бастады. Мұның оң-терісін таразыға өзіңіз, саларсыз, оқырман! Біздің айтпағымыз, бұл - әлгі бизнестің екінші түрі болғаны... Ең қызығы, тағы бір-екі жыл өткенде мұндай курстардың да маңызы төмендей бастады. Өйткені республика мектептерінің барлығы дерлік 11-сыныпты ескі бағдарламадан ауытқып, тек тестке дайындалу негізінде жүргізіле бастады. Аралық емтихандар, ауызша, жазбаша сынақтар жайына қалды, тек қана тест, тест және тест. Сөйтіп, жоғарыда аталған ақылы факультативтік курстар сабақ уақытына ауысты да кетті. «Бизнесмендерге» бұл ауыр соқса да, мойыта алмапты. Алғашқы жылдары, есімізде, үміткерлер дайындалатын тест кітапшаларын таппай, қандай әдебиет қарарын білмей, әбден әуре-сарсаңға түскен еді. Ал қазір ше? Тесттен көп дүние жоқ. Кез келген кітап дүкеніне кірсеңіз де, соңғы алты жылдағы тест кітапшаларынан бөлек, «Биологиядан - 1000 тест», «Қазақ тілі пәні бойынша тестке дайындық» деген секілді түрлі кітаптар толып тұр. Олардың ішінде мемлекеттік баспалардан бөлек, атын баспагерлердің өзі білмейтін, жеке, жасырын баспаларда жарық көрген кітапшалар да толып тұр. Әрине, кітаптың көп болғаны дұрыс қой, бірақ жекенің аты - жеке. Олардағы тест жауаптарының дұрыс-бұрыстығы күмән келтіреді. Өйткені оны бақылау баспаның өзіне ғана беріліп қойылған. Ал баспа басында 12 пәнді «шемішкеше шағатын» данышпан отыр дегенге кім кепілдік бола алады?..

Жә, кітаптарды құзырлы органдар қолға алса, ретке келтірер. Ал ғаламтордағы көшірме, көпірме сайттарды қалай реттейміз? ҰБТ-ға қатысты кез келген сайтты ашсаңыз да, тест сұрақтары мен дайын жауаптар толып тұр. Одан бөлек, студенттер тілінде «шпаргалка» аталатын көмек құралдарын да саудалай бастапты. Мәселен, «www.іnformatіk.kz» сайтын ашып көріңіз. Сайттың алғашқы бетінде дайын дипломдық, курстық жұмыстар, рефераттардың қатарына «ҰБТ тесттері» бөлімі де қосылыпты. Бұл бөлімдегі «ҰБТ шпаргалкалары» парақшасында әр «шпаргалканы» жүктеп алу үшін 150 теңге төлеуіңіз қажеттігі көрсетілген. Қазақстан тарихы, математика, химия пәндері бойынша жасалған және ұялы телефонға арналған кейбір «шпорлар» алдыңғыдан екі есе қымбат тұрады, яғни олардың құны 300 теңгеге бағаланған. Министрліктің жыл сайын талапты күшейтіп отырғаны баз біреулерге әсер етпейтін сыңайлы...
Бүгінде жыл бойы кітап ақтарғаннан гөрі тестке бірер ай қалғанда «шпор» сатып алуды немесе дайындауды қол көретіндер көп. Шынайы білімді саралайтын тестілеуде «шпаргалка» деп аталатын көмекші құралды қолданып көрмеген түлек аз шығар. «www.skydreamer.ucoz.kz», «www.myrepetіtor.kz» сайттарында мектеп бітірушінің «шпаргалкаларды» тегін жүктеп алуына мүмкіндік берілген. Бірақ ондағы жауаптардың дұрыс-бұрыстығына тағы ешкім кепілдік бермейді. Жауаптар қате болған жағдайда оны пайдаланған талапкердің «аяғы аспаннан келді» дей беріңіз. Өкінішке қарай, сапалы маман болып шығуға ықпал ететін «шпаргалкалар» әлі жасалмаған.
Жалпы, «шпаргалка» қай қоғамда да теріс тәрбие құралы болып есептеледі. Кез келген оқушы не студент үшін «жедел жәрдем» қызметін атқаратын «шпорлар» жастарды ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүруге тәрбиелейді. Бойкүйездікке ұрынған білімгерлер көбейген сайын мемлекеттің сапалы кадрлар дайындау мүмкіндігі де шектеле түсетіні белгілі. Сондықтан «шпаргалкалар» даярлайтын орталықтарды бақылауға алу қажеттігі туындап отыр.
Қашанғысынша, «Біреуге бас қайғы, біреуге мал қайғы». Бірақ пайда табамын деп, баз біреулер болашақ студенттің тамырына балта шаппаса екен. Біздің «тобықтай түйін» осы болсын...

Нұрболат Аманжол,
Роза Әрен

«Айқын» газеті, 22.05.10.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397