Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4850 0 пікір 20 Қазан, 2015 сағат 19:09

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыстық ар­да­герлер ұйымы мен облыстық тіл басқармасының ұйым­дас­ты­руымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған об­лы­с­­тық ғылыми-танымдық конференция өтті, - деп жазады Алматы облыстық "Жетісу" газеті.

Елімізге танымал та­­рихшы ғалымдар мен өңіріміздің зиялы қауым өкілдері баян­дама оқыған конференцияға республикалық ардагерлер ұйы­мының төрағасы Өмірзақ Озғанбаев арнайы қатысты. Ал ша­ра­ны облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ардақ Сы­дық жүр­гізіп отырды.

Тартымды, мағыналы, сали­қа­лы ой айтылған жиналыстың ал­ғашқы құттықтау сөзін облыстық мәслихаттың хатшысы Ермек Ке­лем­сейіт айтты:

– Қымбатты қауым, кадір­мен­ді көпшілік!

Мемлекеттік деңгейде аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Алтай мен Каспий, Атырау мен Ала­таудың арасындағы ұлан-ғайыр дала қазақ баласының ата­қонысы. Біз Ұлы Дала елінің ұрпақ­та­ры рухы күшті, өр намысты ха­лық­пыз. Елбасы Нұрсұлтан На­за­р­баев: «Біздің қасиетті жеріміз ықы­лым заманнан көш алған, ба­ба­ла­рымыз Ұлы даланың ұрпақтары. Біз солардың жалғасымыз. Ұлы да­ланың бүгінгі мұрагерлеріміз», – деп атап көрсетті. Бүгінде еркін­дік­ті аңсаған батыр бабалардың арманы орындалып, еліміздің тәуелсіздік таңы арайлап атты. Осыдан 550 жыл бұрын Керей мен Жәнібек сұлтандар Шу мен Талас өзендері арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені маңызды оқиға болды. Дарқан халқымыз ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен дала­мыз­ды шапқыншылық тегеуіріннен сақ­тап қалумен қатар елдігімізді мәң­гілік етті. Ұлан-байтақ өңірді ме­кендеген қазақ тайпаларының ба­сын қосып, шоғырландырса, қа­зақтың кең аумағын біріктіріп, өз ал­дына ел болып қалыптасу жағ­дайын аяқтау да аса маңызды рөл атқарды. Хандар мен сұлтандар, ба­тырлар мен билер бізге бір­лік­тің, ынтымақтың, тұтастықтың үл­гісін көрсетіп кетті. Қазақ хан­ды­ғы­ның ең тағылымды маңызы осын­да болса керек. Қазіргі таңда тә­уел­сіз Қазақстан өркениетті ел­дер­дің қатарына қосылып, ба­қыт­ты ұрпақтың мақтанышына айна­лып отыр. Әлі талай биік белес­тер­ден көрініп, елдің даңқын асы­ра­тын­дығына сенімдіміз, – деді ол.

Қазақ хандығының 550 жыл­дық тойы аясында өңірімізде бір­талай көлемді шаралар ұйым­дас­тырылды. Атап айтар болсақ, об­лысымыздың Алакөл, Сарқан, Ақ­су, Көксу, Қарасай, Жамбыл, Ең­бек­шіқазақ аудандары мен Тал­ды­қор­ған қаласында «Ұлы дала елі» ат­ты экспедиция ұйым­дас­ты­рыл­ды. «Орбұлақ шайқасы» өткен жер­де осы шайқасқа орай ме­ди­а­форум, Талдықорған атшабарын­да облыс жастарының белсен­ді­лі­гімен тарихи қойылым көрсетілді. Ас­тана мен Тараз қалаларында өт­кен Қазақ хандығының 550 жыл­­дық мерейтойында об­лы­сы­мыздың делегациясы Жетісудың та­рихы мен мәдениетінің, өнерінің биік үлгісін көрсетіп, жұрт­шы­лық­тың ризашылығына бөленді. Атал­мыш шараға облыстың арда­гер­лері де өз деңгейінде үлес қосып, осы­ған дейін жазба ақындар мү­шәй­расын, қолөнер және қыл­қа­лам шеберлерінің көрмесін, бата­гөйлер байқауын, тағы да басқа шараларды тамаша атқарып, ме­рейлі тойға жетісулықтардың қол­таң­басын қалдырды. Аталған кон­ференция да мерейтойлық ша­ра­ның заңды жалғасы.

Конференция аясында рес­пуб­ли­калық ардагерлер ұйымының тө­рағасы, тарих ғылымдарының док­торы, профессор Өмірзақ Оз­ған­­баев Қазақ мемлекеті тари­хы­ның жарқын беттеріне тоқталса, Л. Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев мемлекеттік идея мен қазақ атауының сыры туралы біраз жайдың басын ашып берді. Ал Ш. Уәлиханов атындағы тарих-эт­нология институтының жетекші ғы­лыми қызметкері, тарих ғы­лым­да­рының кандидаты Әлімғазы Дәу­лет­хан түрік халықтарындағы мем­ле­кетшілдік идеяның бастау көз­де­рі туралы тамаша пікірін ортаға сал­ды. Алматы технологиялық уни­вер­ситетінің проректоры Қалтай Бат­холдин Қазақ және Сібір хан­дық­тарының қарым-қатынасын жіктеп берсе, І. Жансүгіров атын­дағы Жетісу мемлекеттік универ­си­тетінің профессоры, тарих ғылым­да­рының докторы Зарықбек Слам­бе­ков Қазақ хандығының құрылған жерінің құпиясын ашуға тырысты. Об­лыстық тіл басқармасының бас­шы­сы Ахмет Кендірбекұлы Қазақ хандығы тұсындағы қазақ тілінің рөліне тоқталып, толғақты ойларын ортаға салды. Сол ретте еңсесі биік елордалар тақырыбында оқыл­ған баяндама да көпшіліктің көңілінен шықты.

Мәдениет сарайына лық тол­ған көпшілікке баяндамашылар ел­дік пен ерліктің үндестігі, тарих пен бү­гіннің сабақтастығы туралы өз­дерінің ойын жеткізуге тырысып бақ­ты. Айта кетерлігі, залдағы кө­рер­меннің ынта-ықыласы да кө­те­рің­кі болды. Осыған қарап-ақ, та­ри­хи танымға деген талпыныстың жастар арасында өріс ала бас­та­ға­нын аңғардық. Кезінде америкалық үн­дістердің басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір киноре­жиссерге «байлық – бақыт болып са­нала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Өзімде және өзгелерде бар бүкіл байлықты халқымның бір күндік тәуелсіздігіне берер едім», – деген жауап қатыпты. Осы тұр­ғы­дан келгенде сол үндістермен та­ри­хы қатар өрілетін, тіпті салт-сана, мәдениеті жағы да көп жағдайда ұқсастау болып келетін қазақ халқы да тәуелсіздікті ерекше бағалайды. Өйткені бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына орайлас келді. Оны сақтау бәрі­міз­дің парызымыз. Баян­да­ма­шы­лар­дың ойы да осыған сайды.

Олардың айтуынша, тә­уел­сіз­дік­ке қол жеткізгеннен бергі ширек ғасырға жуық уақытта еліміз бір­неше жиырма жылдарға тұрар­лықтай кезеңді басынан өткеріп, адам танымастай өзгерді. Ол өзге­ріс­тер қоғамдық қатынастардан бас­тап әлеуметтік өмірдің барлық са­ласын қамтыды. Тәуелсіз елдің жаңа, жас буыны өсіп-жетіліп, олар­дың өздері ел ішіндегі қай­на­ған қызу өмір мен үдемелі үде­ріс­терге белсене араласа бастады. Отан­дық тарих ғылымы осы жыл­да­ры сан­дық жағынан да, сапалық жа­ғынан да анағұрлым биікке кө­те­рілді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты отан­дық тарих ғылымы да идео­логиялық шырмаудан құтылып, сол тарихқа жасаған халықтың өзіне қызмет етуге бет бұрды. Соның нә­ти­жесінде біз өткен тари­хымыз­да­ғы кейбір ақтаңдақты айқын­дау­ға көш­тік.

 Әрине, шетел асып, ондағы шаң басқан көне архивтерді ақ­та­рыстырып, аңыз бен ақиқаты ара­ла­сып жүрген дәуірлердің шын­дығына бойлап: «Мынау сенің хал­қыңның мемлекеттігі», – деп тайға таң­ба басқандай нақтылап беру – біраз жылдың еншісіндегі шаруа. Десек те, тәуелсіздік жылдары осы ақтаңдаққа нүкте қою үшін біраз шаруа атқарылды. Сол қа­тар­да, Елбасы Жарлығымен 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының жы­лы» деп жарияланып, көптеген мұ­рамыз түгенделіп, жоғымыз та­был­ды. Өткен жылы Елбасының бас­та­масымен «Халық тарих тол­қы­нын­да» айдарымен тарихшы ға­лым­дар­дың біраз еңбектері ел на­за­рына ұсынылды. Бірақ осы қа­дам­дар біздің тұтас тарихымызды то­лығымен түгендеп бере алған жоқ. Ал қой жылы осы барыстағы біраз жұмыстың басы қайырылып, ше­шу­сіз сұрақтардың жауабы табы­лып, ұрпақ жадында сақталған салиқалы ойдың қайта жаңғырар тұсы болатын сияқты. Себебі, Елбасының биылғы Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы кең ауқымда той­ла­на­тыны тайға таңба басқандай көр­­сетті. Осы тойдың салтанаты Ас­­танада басталып, Таразда түйін­дел­­генін жұрт біледі. Осынау бір ай­лық тойдың дүбірі қазақ тари­хы­мен бірге өрілетіндігіне күмән жоқ.

Конференция аясында облыс­тық ардагерлер ұйымының бас­та­масы мен, облыс әкімі Амандық Ба­таловтың қолдауымен жарыққа шық­қан «Елдіктің алтын тұғыры» ат­ты кітап көпшілікке ұсынылды. Рау­шан Құрманғалиева құрыс­тыр­ған аталмыш туынды Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз» тақы­ры­бын­дағы Тараз қаласындағы Қазақ хан­дығының 550 жылдық ме­рей­тойында сөйлеген сөзімен бас­та­лып, облыстық ардагерлер ұйы­мы­ның төрағасы Ардақ Сыдықтың орамды ойымен жалғасады. Сон­дай-ақ, туындыға Ө. Озғанбаев, М. Ма­ғауин, Б. Аяған, Х. Әбжанов, Ж. Ар­тықбаев, Ә. Дәулетхан, Е. Қуан­дық, Ө. Күмісбаев, Д. Мың­баев, Қ. Батхолдин, А. Закариянов, Е. Пірімбетов, Қ. Андас, Т. Тәшенов сия­қты авторлардың Қазақ хан­ды­ғының 550 жылдығына арнап жаз­ған тартымды дүниелері енгізілген. Ай­та кетерлігі, кітапқа енген мақа­ла­лар ғалымдар, тарихшылар, жазу­шылар, қоғам қай­рат­кер­ле­рі­нен құрылған комиссияның сүз­гісінен өтіп, мақұлдауымен беріліп отыр. Ең бастысы, аталмыш туын­ды өңірімізде мерейтойға орай шық­қан бірінші және еліміздегі осындай мақсатта шыққан са­наулы кітаптардың бірі. Оның құны күн өткен сайын артып, келешек ұр­пақтың еншісіне қалатын бағалы еңбек болатындығы сөзсіз.

Қажет Андас

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475