Көлік бақылаушылар жемқорлықтан таза
Алматы облысындағы судағы, темржолдағы көліктер мен барлық автокөлік құралдарындағы қатынас және тасымал заңдылықтарының сақталуын бақылайтын басты орган – Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Елбасының биылғы наурыздағы Жолдауында және «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде жүктеген тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, үлкен жұмыстар атқарып жатқан көрінеді. Соның ішінде жемқорлықтың алдын алу мен анықтау және мемлекеттік қызметке осы тұрғыда кір келтіргендерге қатал шаралар қолдану күн тәртібінен түспейді екен.
Алматы облысындағы судағы, темржолдағы көліктер мен барлық автокөлік құралдарындағы қатынас және тасымал заңдылықтарының сақталуын бақылайтын басты орган – Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы Елбасының биылғы наурыздағы Жолдауында және «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде жүктеген тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, үлкен жұмыстар атқарып жатқан көрінеді. Соның ішінде жемқорлықтың алдын алу мен анықтау және мемлекеттік қызметке осы тұрғыда кір келтіргендерге қатал шаралар қолдану күн тәртібінен түспейді екен.
– ҚР Көлік және коммуникциялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің төрағасы Әділет Барманқұлов пен осы комитеттің Алматы облысы бойынша инспекциясының бастығы Саймасай Әлмұхамбетовтың тікелей тапсырмалары мен бұйрықтарына сәйкес, жемқорлыққа қарсы күрес кешенді түрде жүргізіледі. Деректердің көліктік базасы ақпараттық-талдау жүйесінің іске қосылуы автокөлік қатынасының бірде-бірін назардан тысқары қалдырмауға мүмкіндік берді. Осының арқасында комитеттегілер еліміз аумағында онналасқан әрбір көлік бекетінің жұмысын қадағалайды. Ал жылжымалы бекетттер комитетпен бекітілген кестеге сай, прокуратура органдарына тіркелгеннен соң барып тексерулерге шығады. Осындай жаңалықтар мен талаптар көліктік бақылау инспекциясындағы жұмыстардың негізін құрайтын автокөліктегі бақылауды заң ауқымында жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, жең ұшынан жалғасуды мүлде жоққа шығарды.
Темір жол көлігіне келер болсақ, инспекциядағы осы сала жөніндегі бөлім жоспарлы тексерулерді уақытында жүргізіп отырады. Жыл басынан бері темр жол көлігінде назар аударатындай заңсыздықтар мен жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтар тіркелмеген. Ал су көлігіне қатысты жыл сайын кеме қатынасы басталар кезде Қапшағайда облыстық инспекцияда тіркелген барлық су көліктерінің иелері, құқық қорғау және әкімдіктің жауапты тұлғаларының қатысуымен жиналыс өткізіліп, тиісті заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріледі, – дейді басқарма бастығының орынбасары Шыңғыс Байқадамов.
Инспекцияда облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының, әкімдіктің жауапты өкілдерінің қатысуымен жемқорлыққа қарсы күреске қатысты арнайы басқосулар өткізіліп, түсінік жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, қызметке алу кезінде мемлекеттік қызметшіге қойылатын барлық талаптардың сақталуы назарда ұсталады. Кірістері туралы мәлімдемелерді тапсыру дер кезінде орындалды. Сондай-ақ, азаматтардан инспекцияға келіп түскен өтініштері мен арыз-шағымдары дер кезінде қаралып, анықталған жағдайларға байанысты тиісті шаралар қолдану жолға қойылған. Мәселен, биылғы алғашқы тоқсанда барлығы 353 өтініш түссе, оның 146-сы заңды тұлғалардан келген. Олардың барлығына дерлік заңмен белгіленген мерзімде қаралып, басым бөлігі қанағаттандырылып, жөнсіздері кері қайтарылған. Осындай жұмыстар арқасында болар, үстіміздегі жылдың төрт айында көліктік бақылау инспекциясында жемқорлық сипаттағы қылмыстар мен заң бұзушылықтар тіркелмепті.
Өнеркәсіптегі жағдай ойдан шықпай тұр
Алматы облысындағы еңбек нарығында тұрақтандыру шараларын қолдану мен жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермеу мәселелерін жедел қарау жөніндегі жұмысшы тобы – дағдарысқа қарсы шаралар бойынша штаб құрылғанын және ондағылардың белгіленген мерзімдерде бас қосып, қалыптасып отырған жағдайды талқылайтынын бұдан бұрын да жазған едік. Жақында осы штабтың жетекшісі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталовтың төрағалық етуімен жұмысшы топтың кезекті отырысы болды.
Облыс әкімінің өнеркәсіп саласы бойынша орынбасары Болат Тәкенов, облыстық деңгейдегі барлық басқармалар мен департаменттің жетекшілері, аудан, қала әкімдерінің өнеркәсіп саласына жауапты орынбасарлары, облыстағы ірі-ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысқан отырыста негізінен өнеркәсіп өндірісі көлемінің төмендеуіне жол бермеу бойынша қолданылып отырған шаралар туралы сөз болды. Отырыс төрағасының қысқаша кіріспе сөзіннен белгілі болғандай, дәл бүгінгі күні облыстағы дағдарысқа қарсы жүргізіліп жатқан шаралар ойдағыдай дегенімізбен, өнеркәсіп өндірісінде белгіленген жоспарлар орындалмай қалыпты. Бұған негізінен бірнеше аудан мен Талдықорған қаласындағы өнеркәсіп өндірісіндегі кері кетулер себеп болып отырғанға ұқсайды. Жалпы төрт айдағы облыстағы өнеркәсіп өндірісінің бары мен жоғы, жетістігі мен кемістігі жайында облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының бастығы Төлеген Шойымбеков мырза егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуына қарағанда, дәл қазіргі жағдай дабыл қағарлықтай. Төрт айдың қорытындысы бойынша облыстағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 83 млрд. теңгені құраған және бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытындағымен салыстырғанда 6 млрд. теңгеге төмен. Өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бойынша ел көлеміндегі облыстар арасында үшінші орында тұрсақ, нақты көлемнің индексі бойынша 12-ші сатыда екенбіз. Ашығын айтатын болсақ, бұл дабыл қағарлық келеңсіз көрініс. Тез арада бірлескен шаралар қолға алынбаса, жартыжылдық қорытындысы бойынша жоспарланған көлемді орындай алмауымыз әбден мүмкін. Аудандар мен қалалар бойынша айтар болсақ, Ұйғыр, Қаратал, Алакөл және Іле аудандары ғана былтырғы деңгейден көрінген. Қалған аймақтардың барлығында өнеркәсіп өндірісі құлдырауда. Әсіресе, Талдықорған, Текелі, Қапшағай қалалары мен Ескелді, Жамбыл, Талғар аудандарындағы өнеркәсіп өндірісінің жағдайы тым нашар. Соның ішінде Талдықорған қаласындағы кері кету тым күрделі. Өткен жылдың төрт айындағы көрсеткішпен биылғының арасында 3,5 млрд. теңге айырмашылық бар. Қала бойынша бір кәсіпорын толықтай, алты өндіріс орны жарым-жартылай тоқтап тұр. Облыстың басқа аймақтарымен салыстырғанда облыс орталығы жұмыстан қысқартылған қызметкерлер, өз еркімен босатылғандар және толық емес жұмыс күнімен қамтылғандар саны бойынша да басқалардан алда келеді.
Өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасы жүргізіп отырға апта сайынғы мониторингке жасалған талдау көрсеткендей, кәсіпорындардың басым бөлігінің басты проблемасы – дайын өнімге сұраныстың төмендеуі болып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында мемлекеттік ұйымдар мен ұлттық компаниялардың сатып алуларындағы қазақстандық үлесті барынша көбейтуге қатысты жұмыстарды тез арада күшейту керек.
Ақпан айының соңында облыстағы тауар өндірушілер мен министрліктер және ұлттық компаниялар арасында өзара ынтымақтастық жөнінде жалпы сомасы 19150 млрд. теңгенің 66 меморандумына қол қойылған болатын. Содан бері бірнеше айдың өтіп кеткеніне қарамастан бүгінгі күнге дейін сол қомақты қаржының 428 млн. теңгесін қамтитын сегіз ғана келісамшарт жасалыпты. Тендерлер өткізуге қатысты талаптар күшейтілгенмен, жергілікті кәсіпорындардың оған қатысуы мен жеңіске жетуіне байланысты шешімін күткен проблемалар да жетерлік. Мәселен, елімізде кабельдік өнімдер шығаратын 3 зауыт бар. Оның біреуі – «Талдықорған кабель» ЖШС. Осы үш кәсіпорын да «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырған тендерге қатысқандарымен ештеңеге қол жеткізе алмады. Сондай-ақ, осы ұлттық компания ұйымдастырған тендерге қатысқан еліміздегі ірі тігін фабрикалары арасында болған «Ажар» ЖШС мен онымен иық теңестіретіндердің жолы болмады. Тендерде олардың бірде-біреуі жеңіске жете алмай, Талдықорған қаласындағы бес адамдық тігін цехының айы оңынан туғанын да түсіндіру қиын. Алматы облысында негізгі құрылыс материалдарының 50-ден астам түрі шығарылады. Алайда, оларды өндіретін кәсіпорындар тендерлерге тікелей қатыса алмайтындықтан көбіне шетқақпай қалады. Осындай келеңсіздіктер өз кезегінде өнеркәсіп көлемі мен сауда көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болатыны мемлекеттік сатып алулар мен тендерлер өткізуде кемшіліктің жетіп артылатынын байқатса керек, – деген басқарма бастығы тағы басқа мәселелерге де кеңінен тоқталып, өз тарапынан оларды оңалтуға байланысты тиімді деп санаған бірқатар ұсыныстарын да білдіре кетті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты екінші болып жиналғандар алдына көтерілген облыстық статистика депратментінің бас маманы Аида Әлімбердиева өткен жылғы көлемдерді ай сайынғы қайта есептеу мен үй шаруашылығы секторы бойынша статистикалық есептерді жинау әдістемесі мен мерзімділігі туралы хабарлама жасады. Мұнда да біраз кереғарлықтар орын алып келгені жайлы сауалдар қойылып, олардың барлығына бас. маман тарапынан нақтылы жауаптар қайтарылды.
Өнеркәсіп өнідірісінің жағдайын дағдарысқа қатысты туындайтын мәселелерден бөлек қарауға болмайды. Өйткені, өндіріс өркендесе, жұмыссыздық азайып, халықтың тұрмысы да жақсарады. Осыған орай отырыстағы негізгі мәселенің үшінші бөлігі – жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермеу және жартыжылдық қорытындысы бойынша өнеркәсіптік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы аудан, қала әкімдерінің өнеркәсіп саласына жауапты орынбасарлары тыңдалды. Бірінші кезекте артта қалған төрт айдың қорытындысындағы көрсеткіштері көңілден шықпайтын, осы тұрғыда облысты кері тартатын қалалар және аудандар әкімдерінің орынбасарлары тыңдалды. Өкінішке қарай, олардың бірқатары өз міндеттерін дұрыс орындамайтындықтарын бірден байқатып алды. Тіпті өздері жатқа айтуға тиісті сандарды білмейтін лауазымды тұлғалардың біразы облыс басшылығы тарапынан қатаң сынға ұшырап, біраз терледі. Дегенмен өнеркәсіп саласындағы нақты жағдайдың жай-жапсарын дұрыс білмейтін, тізгінді босаңсытып алғандар бұл жолы да оңай құтылды. Штаб жетекшісі, алға жылжыған апталармен бірге қойылар талаптың да күшейіп келе жатқанын, соған сай алдыңғы кездері кемшіліктерін жөндемегендердің жауапсыздығы кешіріле берілмейтінін жасырған жоқ. Өнеркәсіп өндірісіндегі жағдайды дереу сауықтырып, дағдарысты кезеңнің зардабын азайтуға бағытталған шараларды барынша күшейтуге жауаптылар өз міндеттерін мінсіз атқарып, барлық мүмкіндікті осы бағытқа жұмылдырса ғана белгіленген жоспарлар орындалып, барлығы ойдағыдай болары сөзсіз. Облыс басшылары облыстық деңгейдегі басқармалар мен департаменттер жетекшілеріне, аудан, қала әкімдерінің орынбасарларына осыны қайта-қайта қайталай айтып, жауапкершілікті барынша жақсартуды тапсырды.
Төрт айда төрт қылмыстық іс қозғалыпты
«Достық» кеденіндегі ішкі қауіпсіздік бөлімі жеке құрам арасындағы жемқорлыққа қатысты кез келген көрініске қарсы тұруға қатысты белсенділіктерін барынша арттырып отыр. Сыбайластыққа қарсы күрес әдістері мен түрлерін жетілдіруге, жеке құрамдағы келеңсіз көріністерді жоюға және кеден органдарындағы сыбайластықтың алдын алу, анықтауға байланысты жұмыстарды ұйымдастыру және іс жүзіне асыру шаралары өзін ақтап отыр деуге болады.
Кеденге қызметке алынатындар тиісті тексеруден өткізіледі. Төрт айдың қорытындысы бойынша «Достық» кеденінде міндетіне адал емес қызметкерлерге қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге бір жемқорлық деректің беті ашылды. Аталған қылмыстық әрекеттерді басқа құқық қорғаушылар емес, ішкі қауіпсіздік қызметінің өзі анықтағанын айта кеткен жөн. Үш қызметтік тергеу жүргізіліп, олардың нәтижесіне сай тағы 2 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және анықтау мақсатында кеденшілер арасында жеке әңгімелесулер өткізіліп, құқықтық жаппай оқыту ауқымында сабақтар ұйымдастырылып, лекциялар оқылады. Сондай-ақ, жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін кеденде төмендегі жүйелер енгізіліп, іске қосылған: кедендік төлемдер мен салықтарды пост-терминал арқылы төлеу, тауарды алып жүру құжаттарын беру кезінде сейф-пакеттерді пайдалану.
Өтініштер мен арыздарды қабылдау және тіркеу ҚР Бас прокурорының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 6 бұйрығымен бекітілген «Оқиғалар, қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды, шағымдарды және тағы басқа ақпараттарды қабылдау, тіркеу және қарау туралы» Нұсқамалыққа сәйкес жүргізіледі. Кеденде ақпараттық-кеңес беру пункт жұмыс істейді. Мұндағылар кеден ісі саласы бойынша ақпараттық-кеңестік көмекті тегін негізде көрсетеді. Сондықтан кедендік рәсімдеулер барысында даулы немесе түсініксіз жағдайларға тап болған сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға бірінші кезекте ақпараттық-кеңестік пункттегі кеден қызметкерлерінен кеңес алғандарыңыз жөн демекпіз. Күні бүгінге дейін пунктке өздерін толғандырған мәселелермен келгендердің барлығының өтініштері қаралғанын және тиісті шешімдер қабылданған.
Болат Абаған, Алматы облысы.