Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 5123 0 пікір 8 Ақпан, 2016 сағат 16:36

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА ҚЫТАЙЛЫҚТАРДЫҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

Жақында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Қазақстанның еңбек нарығындағы бос жұмыс орындары мен еліміздегі шетелдік еңбек мигранттарының саны туралы баяндаған. Бұл туралы «Абай-ақпарат»  «Bestnews.kz»-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2015 жылдың қорытынды есебі бойынша, Қазақстанның еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарында қызмет ету үшін 32 мыңнан астам шетелдік азаматқа рұқсат берілген. Ал 2016 жылдың 1-қаңтарындағы есеп бойынша, қазіргі таңда 32 363 шетел азаматы түрлі салада еңбек етуде.

Соның ішінде 1987 азаматқа бірінші деңгейдегі, яғни директорлық және орынбасарлық лауазымдарға тағайындауға рұқсат етілген. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 5958 шетел азаматына бөлім меңгерушісі, кіші құрылымдық нысандарда жетекшілік етуге құқық берген.

Сондай-ақ, үшінші категория бойынша (арнайы мамандар) – 13968 адамға, төртінші деңгейлі рұқсат қағазы (квалификациялық қызметтер) – 10450 адамға берілген.

Министрлік таратқан ақпараттарға сүйенсек, қазіргі таңда 1592 жұмыс нысандары тіркелген. Аталмыш нысандарда 468 мыңнан астам шетел азаматы жүр. Бұл жалпы қызметкрелердің 93,3%-ын құрайды.

Еліміздің бұл нарығындағы еңбек  мигранттардың басым пайызын Қытай азаматтары құрайды. Доғал деректерге сүйенсек, Қытай – 13373 адам, Түркия – 4844, Украина – 1620, Өзбекстан – 1303 және Үндістан азаматтары – 1235-ті құраған.

Сонымен қатар, 2015 жылда ҚАЖ (құрылымдардағы ақпараттық жариялылық) шетелдік еңбек мигранттарын қазақстандық жұмыссыздармен алмастыру үшін, қосымша 25447 жаңа жұмыс орындары ашылған. Ал алдын ала дайындық курстарынан 5428 қазақстандық азамат өтіп, түрлі деңгейлерге даярлықтан – 12639 адам өткен. Ал бірінші категория бойынша 55 шетел азаматы қазақстандық азаматтармен алмастырылды.

Тақырыпқа тұздық:

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда, өнер­кәсіптік байланыс қазір нығаймаса, тұралаған жоқ. Отандық сарапшы мамандар «Қытай Қазақстанды қарусыз-ақ басып алады» деген­ді алға тартады. Мұның рас-өтірігін ешкім дөп басып айта алмайды. Бірақ, мұның да астарында «сайқал саясат» жатуы әдбен мүмкін-ақ.

Саясат­танушы Расул Жұма­лының айтуынша, қазірде әлемнің 140 елінде 80 млн. қытайлық өмір сүреді.

2000 жылдардан бері қарай Қазақстанға табан тіреп жатқан қытайлықтар бола тұра, олардың үлес салмағы соңғы он жылдықта аса көп есепке бармаған-мыс. Бұл ресми дерек. Ал бейресми ше?  Соңғы кездері Қытай сарапшылары Қытайдағы барлық таби­ғи­ ресурстар 20 млрд. қана халықты­ қамтамасыз етуге жетеді деп дабыл қағуда. Енді есептей беріңіз, қазір­дің өзінде 1,5 млрд.-қа таяп қал­ған қара қытай алдыңғы 10 жылда біз ойлаға­н саннан да асып түсуі ықтимал­.

Он­сызда олардың қазір «ақ» дегені – алғыс. «Аламын» десе, қитқұрқы тактикасы дайын. Қытай Қазақстанды көші-қон саясатымен емес, экономикалық «байламы» арқылы «жаулауға» қауқарлы. Қайсыбір жылдары қытайлықтар Батыс елдерінің құны төмен аудандарын сатып алып, нанын жүргізгендері бар еді. Кейін АҚШ жер сатуды доғарып, тосқауыл қойды. Қазақстан жерінен де Маңғыстау, Қызыл­орда, Торғай мұнай кеніштерін сатып алды.     Қытайлықтар қазірдің өзінде біз жаққа қарап аранын ашып отырғаны рас. Енді тос­қауыл болып көр Қытайға. Айдаһар жүгенін сырапса, қазаққа ақырзаман келеді деген рас болса керек...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434