Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін 9709 1 пікір 4 Ақпан, 2016 сағат 09:36

ЗІКІРИЯ ЖАНДАРБЕКОВТЫҢ АДАСҚАН АХИДАСЫ

НЕМЕСЕ ТЕРІС ТӘФСІРІНІҢ ТАМЫРЫ  ҚАЙДА ЖАТЫР?

Құрметті Абай порталы!  Қазақта «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген сөз бар. Егер қазақылыққа берік болсаңыздар бұл датым жарық көрер, болмаса жазған бір мақала болып қалар. Мен сіздерге жазбас едім, егер соңғы кезде сіздер «дінбұзар» мақаласымақтарды жариялауды жиілетіп жібермесеңіздер. Сол «дінтүсінбестердің»  дінбұзар шайхының өзі болмаса да сайқымазақ ахидасы басқалардың мақаласы болып,  жиі-жиі осында жарияланып келеді. Осы сөздің бір мысалы Зікірия Жандарбековтың «ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ДІНІ ИСЛАМҒА ҚАЙШЫ МА?» (http://abai.kz/post/view?id=6517) деген мақаласы болып отыр.

Егер адами тілмен айтсақ Зікірия кім болмаса сол болсын, бәрібір біздің бір ағамыз. Сондықтан мен бірнеше рет ол кісінің бұндай адасқан ахидаларына байланысты білгендерімді жаздым да. Ол кісі оларды аса «қатты» қабылдады. Шыр етті. Мен туралы «айтып-айтып» тастап жатты.

Басқа тақырыпта мен ол кісіге еш мән бермес едім. «Кім не демейді...» деген сөз ғой. Ал дін тақырыбында үндемей қалу Құдай алдындағы күналардың күнасы деп білемін. Біздің ахидамыз осы: «Алла пенделеріне не берсе солардан сұрайды». Бізден бізге нелерден берсе соны сұрайды. Ал, бергені Жаратқанның Өзінің дін Исламият еді.

Сіздер жариялаған мақаласында Зікірия ағамыз біреулерге: «Енді мені сынаушылар маған қандай кінә артып отыр сол мәселеге кезек беріп көрелік. Біріншісі, менің Құран аяттарын бұрмалап отырғандығым туралы сындар. «Құран аяттарында баяндалатын «рух» сөзінің рухқа ешқандай қатысы жоқ, Жебірейіл періште», деп сынайды. «Бақара» сүресінің 87 және 153 аяттарында «Уә айаднаһу би рухи-л қудус» - «Біз оны пәк Әруақпен, қасиетті Әруақпен қолдадық» деген аятты, мұндағы «рухи-қудус» Әруақ емес, Жебірейіл періште еді», - деп менің Құран аятын бұрмалағанымды алға тартады» деп мұң шағады. Сол сынаушылар мен сын айтушылардың бірі мен едім.

Ол кісі осы құсасында: «Біздің тарапымыздан ҚМДБ атынан уағыз айтып жүрген А.Қуанышбаев мен А.Смановтарға қарсы жазылған мақаламыздың түп мақсатын біршама кісілер дұрыс түсінбегенге ұқсайды, ал кейбіреулері уаххабилік уағыздардың құрығына ілікені соншалықты, қазақы болмыс дегенді түсінуден қалғанын байқадық» деп те жалаулатып қояды. Бұны оқығанда мен «Жалған тарихат пірі Қ.Ахметов аузына түкірмеген ба екен?» деп ойлап, сол ойыма өзім  күліп жібердім. Бұл кісі оның диуанасы болмаса керек. Оның диуаналары бұндай сұңқылды Эйнштейннен бастайды.

Зікірия ағамыз кімді қалай күстаналап, кімге жала жауып, кімнің сыртынан іркілген қаннан құсқанынша ғайбат айтсын, бірақ Құдай десе сол сыншыларының ішінде мені уаххабилықпен айыптай алмасы анық. Себебі бір Алла мен мені танитындардың бәріне аян болса керек.

Бірақ тап осы сөздерінде Зікірия ағамыз адасқаны сол, діннен шығып кетудің қарсы алдынан өзіне орын әзірлейді. Аллаға шүкір, қазір замана кең. Барша философтар мен тарихшыларға аян бір шындық бар, заманында ибн Рушди ислам әлемінің ең ірі ойшыл-данышпаны болды. Барша ғалымдар да, имамдар да оның данышпандығына бас иді, «Алланың кереметі» деп тәнті болды. Осы кісі  тамағына 300 грамм қорғасын ерітіліп құйылып өлтірілді. Бар күнасы Құранның бір аятын дұрыс мағыналамағаны еді. Себебі, ілімдарлықтың соңы, егер Иман болмаса шайтандыққа апарып соқтырады. Бұл туралы «Жүніс» сүресінің 32-аятында: «...Шындықтан(ақиқаттан) кейін адасудан басқа не бар? Қалай бұрылып бара жатырсыңдар?» деп ескерткен.

Дін Ислам ұстанымдарының баршасына ортақ талап: «Құран мен хадисті өз көңіліне бұра тартқан адам ешқандай да ғалым емес, бұл нағыз бейқам, екіжүзді мұнафықтың ісі. Надандық. Зікірия мойындамайды демесек, нахышбандиялық сопылардың кітабында пайғамбарымыздың с.ғ.с «Кім көп сөйлесе күнәсі көп болар. Кімнің күнәсі көп болса қалыбы өледі. Кімнің қалыбы өлсе тамұққа кіреді» - деген хадис айтылады да, осыған орай: «діл байор, даст бакордан»-яғни, «қолың жұмыста, жүрегің Аллада болсын» деген өкім беріледі. Оның үстіне «Каһф» сүресінің 103-104 аяттарында «Қылмыстары жағынан ең зиян тартатындардың кім екенін айтып берейін бе? Олар тіршілік дүниесінде істегендерінің бәрі жоққа шығарылған, бірақ, өздерін «өте ізгі іс істедік» деп ойлайтындар » деп ескерткен. Кімде кім өзі үшін(атақ, даңқ, мәртебе, бедел, ақы, т.т.), болмаса бір топтың мүддесі үшін Құран аяттарын бұрмалап, өзі білмегенді білдіге санап, өзі үшін «ізгі іс істедім» деп ойласа, оған осы аяттың өкімі беріледі.

Ендеше Зікірия ағамызға не болды, неге ол осынша өрекпіп, дін иесі – ілімді имамдардың балағынан шалып, етегінен тартып, өзін де, өзіне сенген шәкірттерін де шерменде етіп отыр? Оған оны шатастырып, адастырып ««Бақара» сүресінің 87 және 153 аяттарында «Уә айаднаһу би рухи-л қудус» - «Біз оны пәк Әруақпен, қасиетті Әруақпен қолдадық» деген аятты, мұндағы «рухи-қудус» Әруақ емес, Жебірейіл періште еді», - деп» кім оқытып, кім үйретіп жүр?

Зікірия көкеміз бұл тақырыпты тым саяз зерттесе керек. Аталған аятқа, жалпы «Бақара» сүресіне жасалған тәфсірмен қазақ тілінде толық сұқбат жасап жүргендердің ең ірісі Ерсін Әміре. Қараңыздар: Құран тәпсірі. 24. «Әл бақара» сүресінің 87-90 аяттарының тәпсірі - Ерсін Әміре  /www.azan.kz/ (

). Аталған аят туралы 2 минут 50 секундтан басталады.  9 минут 48 секундта «Рухуил құдыспен қуаттадық» деген аятқа келеді: Ол барша тәфсіршілер тоқтаған тәфсірлер бойынша «уәәтәйнә ъиисә бнә мәрйәмәл бәйинәти уәәййәднәһу бируухил қудус» деген тұстағы «байинат» деген сөзді талдап береді. Ол бойынша «бір ғұламалар мұғжизалар(өлгенді тірілту, ауруды сауықтыру, т.т.) дейді, бұлар рухул құдыс дегенді «Інжіл» деп түсіндіреді. «Біз оны  інжілмен қуаттадық» деген мағына береді дейді» деп, Ерсін олай болуы да мүмкін екенін атап өтеді. Себебі дейді ол: «Құранда біздің кітап Құран туралы да «Біз сендерге Рухты уахи еттік» делінген». Бұл тәфсіршілер «Адам тірі болу үшін рух керек болса діннің тірі болуы үшін де рух керек, ол Алланың калам кітабы(біз үшін Құран)-дейді. Ал, екінші пікір бойынша Ерсін барша дін ғұламаларының «рухул құддыс – Жебірейіл ғ.с. дегенін» айтады да, ешбір дін ғалымдары «рухул құдыс аруақ деп айтпаған» дейді. Сосын 12 минуттан бастап Қазақстанда сопылықтың дұрыс емес түрін уағыздап жүрген Құрбаналының сандырағын мысалға алады. Ерсін осы жерде тәфсірлерді қарап көргенде «ғалымдар олай айтпаған» дейді. Ерсін Әміре осы сұқбатында  бұдан өзге де «Рухул құдыс» туралы ұстанымдарға толық тоқталған және біздің ахида ғалымдары Рухул құдыс деп Жәбірейіл ғ.с. айтылатынына дәлелдерді атап өтеді. 

Яғни, Зікірияның Құрбаналы Ахметовтың ахидасынан алынған дінбұзар тәфсірді ең дәлелді және жойқын сынға алатын ғалым тек тізімдегілер ғана емес және басқалар. Мысалы – Ерсін Әміре.

Бірақ маған Құрбаналы Ахметовтың Зікірия Жандарбеков жалаулатып жүрген адасқан ахидасын танытқан кісілер бұлар емес. Ол менің өзім танымайтын, Қазақ рудағы сұқбаттасым Серік Әбенұлы деген азамат еді.

Мен ол тұста Құрбаналы Ахметовтың жанды жаршысы, қорғаушысы, насихатшысы едім. Себебі ол бірінші кездескенде-ақ «Мазхабым Имам ағзам Абу Ханифа, Ахидам – Матрудия, тарихаттағы сүлігім – Нахышбандия» деп ант берген еді. Мен одан сан сұрасам да ол Ерсін Әміре жоғарыдағы сұқбатында айтқандай «2012-жылы ақырзаман болады» деп жұртты алдап, үй-жайын сатқызып, ақшасын өзі жинап алғанын еш мойындамап еді. Мен ол сөзді естіген сайын сұрадым, Құрбаналы мойындаған емес. Ұстап алмаған соң амал жоқ, мен ол кісінің сөзіне сендім. Басқа өтіріктеріне де сендім. Қашан оның Құран аяттарын бұрмалағанын көргенде, оны «Мазхаб мәнісі» деген кітабынан оқығанда жалғаншының жарапазаншысы болғанымды ұқтым. Ол кісіден тәубасына келуін, қатесін түзеуін, адасқан ахидадан бас тартуын талап  еттік. Ол тағы да түлкібұраңға салды. Содан соң біз одан іргемізді аулаққа салдық.

Енді Зікірия Жандарбековтың «ахида» ұстазы Құрбаналы туралы сонда Серік Әбенұлы былай жазып еді(мағынасын еш нұсқансыз ішінара ықшамдап, ішінара редакцияладым):

Құрбанәлі өз өтіріктерін өз пікірін дәлелдеу үшін тағы бір аятты бұрмалайды. Ол аятта «Уа лилләһи жундус самауати уәл - арз(Аспан – жерді басқаратын Алланың әскерлері бар)»-деген.  Осыны Құрбаналы «Пайғамбарымыздың нұры, рух Аллаһтың әскерлері болады», – деп мағыналаған. Тағы да «Аллаһу тағала «аруақпен сендерді қолдаймын» деп айтқан» деп өтірігінің үстіне май шашып ,шатастыруын лаулата түседі.

Оған жауап. Бұл аят «Фатх» сүресінің 4-аяты. Аяттың тура мағынасы «Көктердегі және жердегі әскерлер Алланікі» деп аударылады. Мұнда да «Аспан – жерді басқаратын» деген сөз мүлде жоқ. Мұнда да Құрбанәлі Құран аятына өз қалауынша тағы да бір «басқаратын» деген сөз қосқан. «Аруақпен сендерді қолдаймын» деген деп Құран аяттарын теріс мағыналағаны өз алдына ол(Құрбаналы) тағы да: «Олар Уаһабилер тек қана баяғы «Аллаһ басқарады» деген аятты алады. «Аллаға серік қоспа» дегенді алады, ортадағы аяттары жоқ (инкар) қылады.Уаһаби халықты осылай адастырып жатыр» деп байбалам салады. Ондайларға «Ей батпақ! Сен өзің ширіксің, өзің мүшріксің, өзің кәпірсің» деп айтыңыздар!» –деп жазыпты.

Уаһабисінде шаруам жоқ, ол өз алдында өзге тақырып, Құрбанәлі өзгелердің қателігін жіпке тізгенше өз сөзіне, Құран аяттарына берген теріс мағыналарына пірадарлары және халық алдында жауап беріп алсын. Одан соң біреуді түзей жатар. «Құлап жатып сүрінгенге күліптінің» кейпін кешіп жүрген мына жүріс не жүріс? Жәнеде бір адамға «кәпір» деп айтылған сөз сол екі адамның біріне міндетті түрде тиесілі болады, сондықтан мұсылмандар бір-біріне «кәпір» деген терминді нақты дәлелсіз қолданбағаны абзал. Барша дін ғалымдары, тәфсіршілер, мысалы Әл Мунтахаб, ибн Касир тафсирлерінде бұл аяттағы «әскерлері» деген сөзге  «періштелері» деп мағына берген(бұл туралы тағы жазылады).

Одан соң «Уа айяднаһум бирухул қудус(Пәк аруақпенен мен сендерді қол
даймын, медет берем, әрекетке келтірем)» деген»-деп Құрбанәлі «Бақара сүресінің 87-аятына тағы да өз көңілімен теріс мағына бере салады(Міне, қараңыздар, Зікірияның Құраннан айнуының басы осы тұстан басталады).
Оған жауап. Бұл аятта «Исаға ғ.с. кереметтер бердік, оны қасиетті рухпен жебедік» деген мағына ғана бар. Мұнда «Мен сендерді пәк аруақпен қолдаймын, медет беремін, әрекетке келтіремін» деген сөз де, мағына да жоқ. Құрбанәлі бұл аяттың да өзіне керек екі – үш сөзін ортасынан жұлып алып, өз өтірігін дәлелдеу үшін пайдаланған. Негізі бұл стиль Уаһабистер мен еврейлерге тән қасиет.

Исаға ғ.с. келген қасиетті «Рух» деп аталған Жәбрейіл ғ.с. періштені алып тастап, оның орнына «пәк аруақ пен сендерге медет береді, қолдайды, әрекетке келтіреді» деуі тіпті надандық. Бұл аяттағы рухуль қудус – қасиетті рух туралы тафсир әл – Жәләләйнда «Уа һуа жибрилу литохоратиһи(Ол таза Жәбрейіл ғ.с.) деп жазады.  Ал ибн Касир тафсирінде «Әл Қуддус – һуаллаһу тағалә ау қудус – рухиһи Жибрил ғ.с.(Қуддус – ол Аллаһу тағала немесе қудус – рух Жәбрейіл ғ.с.) екендігі жазылған. Құран аяттарын қалай болса солай өз қалауынша мағыналау үлкен күнәға алып келетінін ұмытпағандарыңыз жөн. Пайғамбарымыз с.ғ.с. «үндемеген құтылады» деуші еді, білмеген адам айға шаппай ақ, тыныш жүрсе екен.

«Хақ жолы» газетінің 2007-жылғы 13-ақпанның № 3-санында «Адамзат табиғаты» немесе «Біздер неге аруаққа сиынамыз» атты Құрбанәлі Ахметтің осы мәселе туралы тағы да мақаласы жарияланған. Бұл мақалада да Құрбанәлі өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу үшін тағыда мағынасы бөлек аяттарды, хадистерді көзбе – көз теріс мағыналап тағы да сауатсыз халықты дәйегі жоқ дәлелдермен алдаусыратпақшы болған.  Онда ол: «Қазіргі үлкен мәселелердің бірі аруақ мәселесі, бұл мәселені тура түсіну немесе қателесу мұсылман – кәпірге немесе адасушы діндерге кіріп кетуіне себеп болады. Бұл мәселені Құран кәрім, хадис, тәфсір, ғұламалардың сөздері, халықтың аузынан естілген сөздері арқылы түсінуге әрекет жасаймыз» – дей келе, Ибн Касирдің тәфсірінің 359-бетіндегі «Исро» сүресінің 85-аятына жасалған тәфсіріндегі: «Ей, Мұхаммед! Сенен ол яхудилер «рух» жайлы сұрайды. Оларға айт, ол рух менің раббымның әмірінен болған бір әмір. Және сендерге бұл туралы кем ілім берілді»-деген сөздерді өз өтірігінің айғағы ретінде пайдаланады. Осы аятқа Құрбанәлі былай деп мағына береді: «Ол – рух, адамзаттың аруағы; Ол – Жәбрейіл періште; Ол – жаратылған әлемнен де үлкен болған періштелер тобы; Ол – адамзатты бағалап тұратын періштелер тобы. Адамдар періштелерді көре алмайтындығы сияқты періштелер де ол рухты көре алмайды; Ол – рух ауа сияқты көрінбейтін нәрсе, ағаштың бойындағы минерал суы сияқты – дененің барлық жерінде. Құранды тәфсір қылған ғұламалар осы мағыналарды берген» деп жазады.
Бұл тәпсірде рухқа тура осылай мағына бергені рас. Тағы да ол тәпсірде ол періштенің түр сипатын, таспих – зікірінде толық сипаттаған. Бұған ешкімнің де таласы жоқ.

Мұндағы кешірілмес қателіктер Құрбанәлінің осы аятқа ары қарай өзі толықтырған сөздерінде. Құрбанәлі одан әрі: «Демек, ол тек қана Жәбрейіл періш те де емес екен. Ол барлық мақлұқаттар мұқтаж болатын үлкен бір нұр, немесе періште. Аятта айтылған сөз яғни, ол раббымның әмірі және рух. Бұл жерде Аллаһтың әмірі бір бөлек бір нәрсе де, рух бөлек бір нәрсе. Аллаһтың әмірі – Аллаһтың пәк сипаттарынан болған бір сипат. Ол махлұқ емес, махлұқ болмайды да. Рух болса мақлұқ, жаратылған нәрсе. 18 мың әлемдегі үлкен – кіші нәрсенің барлығы осы екеуінің байланысынан тұрады. Аллаһтың әмірісіз ештеңе жаратылмайды, рухсыз болса бұл жоқтық әлемде Аллаһтың әмірі заттық әрекетінде, жандық құдіретінде көрінбес еді. Егер біз «уаһабий» түсінігіндегі сияқты Аллаһтың әмірі рухсыз тек өзі заттық, әрекеттік жандық көріністе(бейнеде) болады десек, екі түрлі шіркке жол берген боламыз. Әуелгісі – Бұл дүние Аллаһ затының бір бөлігі болып қалады, бұл үлкен шірк. Екіншісі – Аллаһтың әмірін жоқтық, мақлұқтық деңгейге түсірген боламыз. Бұнда, Аллаһтың затына, сипаттарына, әміріне айыптау балшығын жабыстырған боламыз. Біздің ғұламаларымыз бұл нәрселерді мұқият іңкәр қылған. Ал Аллаһтың әмірінсіз нәрселер пайда болады деп түсінсек, онда, материалистер, атеистер сияқты Құдайсыз кәпір боламыз. Бұл әлемде Аллаһтың әмірі рухтан ажыратылмайды, ол үлкен қателік. Пайғамбарымыздың с.ғ.с «(Аллаһ тағала) «Мен сыр ілімдер қазынасымын. Өзімді, затымды, құдіретімді танытуымды қаладым, сол үшін мақлұқатты жараттым » - деген хадисі бар. Бұл хадистен мәлім болған нәрсе Аллаһ тағала мына жоқтық әлемінде өзінің барлығын көрсетуі үшін, есім сипаттарының қасиет – құдіретін көрсетуі үшін өз әмірімен бір нұр жаратты. Ол нұрға өзінің сипаты мен реңін, құдірет – қасиетін ендірді. Ол нұр тіршілікке ие болды, көруші, естуші, сөйлеуші, ақылды , парасатты, құдіретті және әрекет қылуға ие болды. Ол нұр Аллаһтың әміріне қызмет қылып Аллаһтың әмірін заттық, әрекеттік, рухани, мағнауи пікірлер бейнесін
де көріну үшін қызмет қылу рөлін атқарады. Соның үшін жаратушы нұр деп атаса да болады. Ол нұр Аллаһтың әміріменен көруші, естуші, тірі жанға айналғаны үшін рух деп аталды. Ақылға, еріктікке ие болғандығы үшін ақыл деп аталды. Ажырамас тікелей Аллаһтың әміріне байланыста тұрғаны үшін «қалам» деп аталынды. Пайғамбарымыздың с.ғ.с: «Аллаһ әуелі менің нұрымды жаратты, әуел рухымды жаратты, әуел ақылды жаратты, әуел қаламды жаратты» деген төрт хадис жоғарыдағы сөздердің дәлелі болады - деп жазған.

Бұл жалғандыққа жауап:

а) Құрбанәлі «Исро» сүресінің 85 аятының тәпсірін айта келе өзі ол аятты өз пікірімен «Ол барлық мақлұқаттар мұқтаж болатын үлкен нұр немесе періште»- деп мағыналаған.  Ибн Касирде «Ол адамзаттың да, періштелердің де рухы» деп келеді. Онда « Мақлұқаттар мұқтаж болатын үлкен нұр» деген сөз атымен жоқ. Демек, бұл пікір Құрбанәлінің пікірі. Естеріңізде болсын! Сол нұрдың өзі Аллаға мұқтаж болған сол мақлұқаттың бірі ғана. 

ә) Құрбанәлі тағы да Құранның сөзін бұзып отыр. Нақты айтсақ, Құран аяттарының әріптерін алып тастап, орнына өз пікіріне тура келген «әріпті» қоя салып, Құран аятының мағынасын бұрмалап, аяттың түпкілікті мағынасын бұзып өзінің шығармашылық туындысына айналдырған. Араб тілінде бір әріптің тіпті бір қарекеттің аусыуы мен бір сөйлемнің түбегейлі өзгеріп кететінін ұмытпаған жөн. «Исро» сүресінің 85-аятындағы «қулиррух мин амри робби» деген аяттағы «мин» деген жалғауды алып тастап, орнына «уа» деген жалғауды ауыстырып жазған. Яғни, «Оларға айт, ол рух менің раббымның әмірінен болған бір әмір» деген аятты көрер көзге қолма қол «Алланың әмірі және рух» деп «Алланың әмірі бір бөлек, рух бір бөлек нәрсе» деп, Құран аятын өзіне тиесілі әкесінің сөзіндей өз көңіліне қарай бұрмалап мағыналай салады. Бұл жерде осылай деп теріс мағыналамаса онда бір әріптерді ұмытқан шығар деп қорытынды жасай салуға болар еді, бірақ, өкінішке орай ол бұл сөзді әрі қарай осы мәтінде түсіндіргісі келгенінен біздер оның бұл аятты қасақана - әдейі бұрмалағанын анық білеміз. Пайғамбардың с.ғ.с «Кімде-кім Құранды өз көңіліменен мағыналаса орнын тозақтан дайындапты» деген хадисінен қорықса нетті.

б) Құрбанәлі «Аллаһтың әмірісіз ешнәрсе жаратылмайды, рухсыз болса бұл жоқтық әлемде Аллаһтың әмірі заттық әрекетінде , жандық құдіретінде көрінбес» – деп жазған. «Олай болса сол рухты жаратып заттық әрекетке айналдырғанда Аллаһ рухты жаратуға нені себепші қылыпты»-айта қойсыншы? Құранда анық айтылғандай сол рух Алланың әмірінен тысқары емес. Сондықтан рухты Аллаһтың әмірінен бөліп-жарып бөлектеп қарауға болмайды. Құранда не хадисте не бір аят, не бір хадис жоқ «Бұл әлемде Алланың әмірі рухтан ажыратылмайды» деген. Құрбанәлінің өз өтірігін дәлелдеуге келтірген аят және хадистерінің тікелей мағыналары Құрбанәлінің жазған шариғатына, сөздеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Керсінше, Құранда «Аллаһ жаратушы» деп 30 аятта, «Аллаһ қалағанын істейді (Ирода )» - деп 14 аятта, «Алладан өзге тәңір жоқ» - деп 80 аятта, «Алланың әр нәрсеге құдіреті жетеді» - деп 51 аятта хабар берген. Бұл аяттардың тікелей не жанай тәпсірлерінде «Аллаһтың әмірі тек рух пен ғана іске асады» деген мағына таба алмайтынымыз анық. Керсінше, сол соңғы 51 аяттың бірі «Бақара» сүресінің 117-аятында «Егер Алла бір нәрсені жаратқысы келсе, Бол дейді – бола қалады » десе, «Ясин» сүресінің 82 аятында «Бірер затты жаратқысы келсе, (Аллаһ) – «Бол» – дейді, - болады» деп Оның жарату ісіне ешкімнің және ешнәрсенің араласа алмайтындығын анық етіп, ашып айтады. Бұлардың ешқайсысы да мағыналауды керек ететін күңгірт, тұспал аяттар емес. Бұл жерде де Құрбанәлі өз мақсаты үшін Алланың Хаалиқ – Жаратушы деген сипатын адамдардың іс - әрекетіне ұқсатқысы келген. Құрандағы Аллаһу тағала сендер
ұқсата алатын ешнәрсеге де ұқсамайды деген аятты ол тіптен ұмытқан да сыңайлы.
Бұлай дейтініміз, Құрбаналы Аллаһ тағала «Мен сыр ілімдер қазынасымын. Өзімді, затымды, құдіретімді танытуымды қаладым, сол үшін мақлұқатты жараттым» - деген құдси хадисті былай теріс мағыналайды: «Бұл хадистен мәлім болған нәрсе Аллаһ қасиет – құдіретін көрсету үшін өз әмірімен бір нұр жаратты. Ол нұрға өзінің сипатымен реңін, құдірет – қасиетін ендірді. Ол нұр тіршілікке ие болды, көруші, естуші, сөйлеуші, ақылды, парасатты, құдіретті және әрекет қылуға ие болды. Ол нұр Аллаһтың әмірін заттық, әрекеттік рухани, мағнауи пікірлер бейнесінде көріну үшін қызмет қылу рөлін атқарады. Соның үшін жаратушы нұр(Астафыралла!) деп атаса болады» деп мағыналаған. Яғни, Аллаһ өзі бір мақұлық жаратып, оған өзінің барлық қасиетін беріп «Сен де жаратушысың» деп айтуы, ашықтан-ашық Аллаға серік қосу!!! Қай-қайдағы мақлұқты жаратып, тәрбиелеуші Аллаға теңеу кешірілмес үлкен күнә. «Зумар» сүресінің 65 аятында «Егер сен тәңірге басқа бірдеңені тең етсең, істеген амалың бекер болады, сөйтіп зиян тартасың» - дейді. Ал «Хашр» сүресінің 24 аятында «Аллаһ – жаратушы, жоқтан бар етуші, бар нәрсені кейіптеуші, (мү
сіндеуші), ол ең сүйікті көркем есімдер иесі» деп хабар берілген. «Аллаға сиыныңдар. Оған ешнәрсені серік етіп қоспаңдар» - деп Құранда 104 аятта қатаң ескерткен. «Шуғара» сүресінің 213 аятында «Аллаһ тұрғанда сен оған теңдес, басқа тәңір іздеме, онда сенде қаһарға ұшырайсың» - деген аятты әсте естеріңнен шығармағайсыздар!? 

Енді қараңыздар, Құрбанәлі Мұса ғ.с. пайғамбардың Тур тауындағы көргенін не деп түсіндіреді? 

в) Құрбанәлі одан әрі ендігі жерде сол нұр нақты «Мұхаммедтің нұры» деп атап айтып, оған хадис тауып, өз сөзіне тағы да дәлел тапқандай болады да, дәлелі лағып далаға кетеді. 

- біріншіден, манағы «Исро» сүресінің 85 аятында ол нұрды Мұхаммедтің нұры еді деген сөз мүлде жоқ.

- екіншіден ден Пайғамбарымыздың с.ғ.с «Әуелі менің нұрымды, рухымды, ақылды, қаламды жаратты» деген хадисті «осының бәрі де пайғамбар с.ғ.с. нұрының дәлелі» деп далбасалайды. Нұр мен рух пайғамбарға тиесілі нәрсе болғанымен ақыл мен қалам екі бөлек нәрсе. Оны кез келген сауатқан, кітап оқыған қарақты адам анық біледі. Жоғарыдағы хадисте де әр нәрсенің бөлек зат екенін атап айтып тұр. Ол хадистер Құрбанәлінің сөздеріне дәлел бола алмайды. «Әли Ғимран» сүресінің 18 аятында «Бір тәңірден басқа күшті де, ұлы ешбір құдірет жоқ екендігіне Алла да, періштелер де, әділетке табан тіреген ғұламалар да куәлік береді. Аллаһ ұлы одан асқан данышпан жоқ» -деп өзге құдіреттің болуы мүмкін еместігін айғақтайды.

Құрбанәлі одан әрі шатастыруын шиеленістіре былай деп жазады. Пайғамбарымыз с.ғ.с «Аллаһ тағала әуелі менің нұрымды жаратты, бүкіл әлемді менің нұрымнан жаратты» деген хадисі бар. Бұған «Нұр» сүресінің 35 аятында «Аспан – жерлер Аллаһтың нұры» , - деген аяты дәлел – деп жазған.
Бұған жауап: Естеріңізде болсын! Атақты алты сахих хадистердің бір де – бірінде де «Әлемді Мұхаммед пайғамбардың нұрынан жаратты» деген хадис жоқ. Құрбанәлінің өз сөзіне дәлел ретінде алған аяттың негізгі мағынасы тіптен бөлек, ол аяттың мағынасы мен Құрбанәлінің айтқан сөздері үш қайнаса сорпасы қосылмайды. «Нұр» сүресінің 35 аяты сөзбе-сөз «Аллаһ аспанның да жердің де нұры» деп аударылады. 

1-ден Құрбанәлі бұл аятты да керсінше «Аспан, жерлер Аллаһтың нұры» деп керсінше теріс мағыналаған.

2-ден Бұл аятта «Жерлер» деген сөз жоқ. Құрбанәлі мұнда да «жерлер» деп Құран сөзін оп – оңай бұза салған.

3-ден Аспан жерлер Аллаһтың нұры депті. Керсінше, аспан мен жерге нұр беретін Аллаһ. Аллаһ аспанмен жерді жарық етіп нұрландырғандықтан да Аллаһ аспанның да жердің де нұры деп тұспалдап жазылған. Бірақ, бұл аяттың тәпсірінің ұғымы бөлек. Уаһабилер бұл аятқа «Аллаһ тікелей аспан мен жерді өз нұрымен нұрландырып жарық беріп тұр» - деп мағыналайды. Соларға ұқсап, тіпті одан да әрмен сорақысын шығарып Құрбанәлі «Аспан мен жер Аллаһтың нұры», «Пайғамбардың нұры» деп мағыналаған. Әрине, бұл екі түсінікте тәпсір ілімі және асбаб ан - нузул бойынша теріс түсінік, теріс тәпсір болып табылады.

4-ден Құрбанәлі осы аяттағы «Нұр» сөзін тағы да Құдайдан қорықпай бұрмалап «Ол нұр пайғамбар нұрының дәлелі» деп Құранға өз көңілімен мағына бере салады да, тәпсір іліміне жүгінбейді. Тафсир Әл – Жәләләйнда бұл аяттағы «Нұр» сөзіне Құранды алғаш тәпсірлеген ибн Аббас р.ғ. пен Анас ибну Маликтің р.ғ. «Аспан мен жерді жарық ету үшін берген Алланың бұл сый – нұры күн мен ай» - деп мағына бергені айтылады. Осы аяттың арғы жағын оқысаңыздар ары қарай сол нұрдың, яғни, күн мен айдың жарық беру сипатын толықтыра сипаттап анық та, ашық сөздер мен айтады. Құран аяттарын кез келген жерден бас – аяғын тастап, керегін жұлып алып мағына бере салу көргенсіз надандардың ісі. Кез келген тәпсір ибн Аббастың р.ғ. алғашқы берген мағынасынан ауытқымауы шарт. Ибн Касир мен Әл-Мунтахаб тәпсірлерінде де Ибн Аббастың р.ғ. «Ол нұр күн мен айдың нұры» деп мағыналанған. 

Тағы да бір нәрсе, Құрбаналы: «Тәпсірдегі «рух» ол адамның аруағы, Жәбрейіл періште деп айтылды. Рух адам болып та көрінеді, Жәбрейіл болып та көрінеді. Үлкен періште болып та бүкіл әлемді меңгере алады.. Бірден бұл дүниені де, ақіретті де меңгере алады деген сөз. Рух деген сөзге кемінде осылай түсінуіміз керек. Адамдар рухтың мағынасын таба алмағандықтан оны жоққа шығарып «Уаһабий» болып кетіп жатыр»-дейді кезекті сөзінде.
Бұған жауап:  Құрбаналы жұрттың бәрін «уаһаби боласың» деп қорқытып, өзі қандай рухты халыққа танытқалы жүр? Бұл кісіні мен мүлде түсінбедім. Ол «рух адам болып та, Жәбрейіл болып та, үлкен періште болып та көрінеді» дегені несі? Рух ол – жан. Ал, жаратылыстың барлығында болғанымен ешкімге ешнәрсе болып көрінбейді. Тән мен жанды шатастырмайық. Өзі бір рух болса, ол бүкіл адамдарда, Жәбрейіл де, үлкен періште де, пайғамбар да болса, оның бәрі бір зат деп түсіндірілсе ол не болғаны сонда? Періште мен пенденің әсілі екі бөлек нәрсе болғандықтан олардың жандары да өздеріне сай әр түрлі болатындығы түсіндіруді керек етпейтін аксиома. Осы Құрбанәлі аруақты әсірелеймін деп жүріп, айтар сөздерінің бас-аяғын жинай алмай қалды – ау, сірә. Құран да «Білмеген нәрселеріңе неге таласасыңдар?» деп ескертпеді ме? Білмейтін нәрсесіне көз қылып, ойдан тауып алған уаһабилерімен таласып, өз сөзін, пікірін дәлелдемек бо
лып, ол үшін Алланың сөзі құран аяттарын бұрмалап, пайғамбар айтты деп пайғамбар атына жалған хадис тоқып, пайғамбарды «жаратушы нұр» деп тәңірге теңеп, жанды жалдап Құрбанәлінің басына сонша ма не күн туды екен?!

Мен осы тұсқа дейін, мағынасын өзгертпей Серік Әбенұлының құрбанализм ахидасына жасаған талдауын келтіріп берді. Серік Әбенұлының бұл хаттарында оның өзінің де Құрбаналыны жақсы танитыны, аралас болғаны анық көрініп тұрады.

Әлбетте, қазақ «»жеті өлшеп, бір кес» дейді. Серіктің жазбалары осы ғана емес, әлі біраз бар. Бірақ мен бұл мақалада оның тек қана аруақ туралы жазғандарын ғана келтірдім.

Осы уақиғалардан соң мен Құрбаналының диуаналарымен көбірек кездесіп, аралап, тікелей сұқбаттаса бастадым. Да, адасқан ахидалары мен теріс патуаларына өзім куа болдым.

Приозерск қаласындағы бір мешітте Құрбаналының бір диуанасы имам екен. Бірақ осы мешітке бес уақыт намаз былай тұрсын, жұма намазға ешбір диуанасы бармайды екен. Себебін сұрасам: «Тақсыр біздерді мешітке барудан тиған, бара алмаймыз» дейді.

Шындығына келгенде Қожа Бахуаддин Нахшбанди піріміздің ең ұлық ісі, мешіттен безіп, бет-бетімен тәркідүниешілдік пен адасушылыққа салынып кеткен тарихат адамдарын, сүліктерін жинап әкеліп мешітке қайта кіргізгені. Ол «кімде кім жамағат ішінен жамаған құрса біздің аһлімізден(қатарымыздан) емес» деді. Жамағат ішінен жамағат құрушы сопы тұрмақ тарихатшы тұрмақ, тура жолдағы мүслім де емес, фитнақор(бүлікші, арандатушы).

Мен Құрбаналыға осыны айттым. Ол сол жерде диуаналарына мешітке баруға тапсырма берді. Мен Приозерсктен кетіп болмай, сыртымнан «Ол үкіметтің адамы, сосын айттым, мешітке бармаңдар» деп сөзін қайта жұтыпты.

Бұл уақиғаның бәрі ойлануға мәжбүр етті. Оның ақыры Құрбаналыны ұғу үшін оның кітабын оқымақ болдым. Кітабының аты «Мазхаб мәнісі».

Зікірия мырзаға да адасуға компас болып отырған кітаптың басы осы – «Мазхаб мәнісі» екені сөзсіз. Қараңыздар: Құрбаналы Ахмед, «Мазхаб мәнісі», Алматы -2012, 94-бет.

Сірасында, осы кітапты шығарушы шәкірттері оның бр данасын ұстаздары Зікірияға тарту етсе керек. Олай дейтін себебім, Ерсін Әміре де, Зікірия сынаған имамдар да, Серік Әбенұлы да, бәрі де бірауыздан шындықты айтып отыр, Құрбаналы Ахметовтан басқа Рухул Құддысты – аруақ деп, оны Аллаға серік қылып қосатын бірде бір ғалым тұрмақ, нақұрыс жоқ!

Құрбаналы Ахметов бұл кітабында шектеншығушылықтың ең биік шыңына әбден көтерілгені сол: «Құран кәрімде 210 жерде «Инна жағална» - «Біз жасадық, біз жәрдем бердік, біз медет бердік» деп айтылған. «Мен жасадым» деп айтылмаған. Демек Алла тағала әлемді тікелей Өзі емес, жәрдемшілері, көмекшілері, періштелер, аруақтар арқылы меңгеретініне аяттар түскен. Осы жерде уахабилердің пікірлері мүлдем қиыс кетеді» деп қыртады. Астафыралла!!! Бір сөзде не масқара? «Алла мұқтаж, Алланың сансыз серіктері бар, ортақтары бар!!!»-деген не сұмдық?

Зікірияға осы далбаса жақса керек.

Ол тіпті Құрбаналының өзінің сандырағын мойындамағандардың бәрін қиыс кететін уахабилер деп айыптап отырғанын да ұнатып қалса керек. Зікірия мырзаның «біршама кісілер дұрыс түсінбегенге ұқсайды, ал кейбіреулері уаххабилік уағыздардың құрығына ілікені соншалықты, қазақы болмыс дегенді түсінуден қалғанын байқадық» сөздеріне қарағанда бұл кісі де Құрбаналыдан  аз «үлгі-өнеге» алмаған сияқты. Бірден өз қарсыластарын «уахабилеп» тастапты.

Сонымен, біз тағы бір қарап көрелік, «Бақара сүресінің 87-аятындағы «рухул құддыс» деген бір ғалым бар ма екен? Қазақша кітаптарға оқырмандардың барлығының қолы жетері анық.  Олар міне:

 

Құранның қазақша түсіндірме аудармасы

 «Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік те, одан кейін пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Және Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға да мұғжизалар беріп, Жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Әрқашан сендерге бір пайғамбар көңілдерің қаламаған нәрсе келтірсе, тәкаппарланасыңдар. Олардың бір бөлімін (Ғиса, Мұса Ғ.С. ды) жасынға шығарып, (Зәкерия, Яхия Ғ.С.) бір бөлімін өлтірдіңдер. (87)»

Абай кз сайтындағы Мұратбек деген пікіржазушы  бұны былай жазады:

(87) уәләқад әтәйнә муусәл китәбә уәқаффәйнә мин бәъдиһи биррусули [cалә] уәәтәйнә ъиисә бнә мәрйәмәл бәйинәти уәәййәднәһу бируухил қудус [қалә] әфәкулләмә жәәкум рәсуулун бимә лә тәһуә әнфусукуму стәкбәртум фәфәрииқан кәз̃з̃әбтум уәфәрииқан тәқтулуун
(87) Расында Мұса (Ғ.С.) ға кітап бердік те, одан кейін пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Және Мәриям ұлы Ғиса (Ғ.С.) ға да мұғжизалар беріп, Жебрейіл (Ғ.С.) арқылы қуаттадық. Әрқашан сендерге бір пайғамбар көңілдерің қаламаған нәрсе келтірсе, тәкаппарланасыңдар. Олардың бір бөлімін (Ғиса, Мұса Ғ.С. ды) жасынға шығарып, (Зәкерия, Яхия Ғ.С.) бір бөлімін өлтірдіңдер.
Міне осы аяттағы рух деген сөздің Жәбраил ғ.с. екендігі 1 сыныптың баласына да түсінікті.

 

Ал, енді орыс тіліндегі тәфсірлерде ше? Зікірия мырзаға күдік, обал болмасын, оларды да солардың түпнұсқасы түрінде келтіре кетелік. Қараңыздар:

1. Абд ар Рахман бин Наср ас-Саади, Тафсир(толкование) Священного Корана ас-Саади, Сура Бакара, 87-аят:

 

Мы даровали Мусе (Моисею) Писание и отправили вслед за ним череду посланников. Мы даровали Исе (Иисусу), сыну Марьям (Марии), ясные знамения и укрепили его Святым Духом (Джибрилом). Неужели каждый раз, когда посланник приносил вам то, что было вам не по душе, вы проявляли высокомерие, нарекали лжецами одних и убивали других?

Толкование аята:

Всевышний напомнил сынам Исраила о милости, которая была оказана им, когда Аллах отправил к ним пророка Мусу – пророка, который беседовал с Господом и принес им Тору. Вслед за ним были отправлены другие посланники, каждый из которых принимал решения на основании Торы. Последним из них был пророк Иса, которому Аллах даровал ясные знамения. Их было вполне достаточно для того, чтобы люди уверовали в него. А наряду с этим, Аллах поддержал его Святым Духом. Большинство комментаторов считали, что речь идет об ангеле Джибриле. Согласно другому толкованию, Святым Духом является вера, посредством которой Аллах поддерживает Своих рабов. Несмотря на эти многочисленные милости, которые даже невозможно оценить, израильтяне надменно отказались уверовать. А причина этого в том, что Божьи посланники приносили то, что было им не по душе. И тогда одних посланников они нарекали лжецами, а других убивали. Они отдали предпочтение своим низменным желаниям перед верным руководством, а мирской жизни – перед жизнью будущей. Безусловно, упоминание об этом является суровым порицанием и осуждением сынов Исраила.

2.Аль-Мунтахаб 

.2:87. Вы, иудеи, знаете, что Мы дали Мусе Книгу — Тору — и вслед за ним Мы послали нескольких посланников, в том числе Ису (Иисуса), сына Марйам (Марии), и даровали ему ясные знамения для того, чтобы вывести людей из темноты и суеверий, дать им Свет для ума и духовного и умствен-ного прозрения. Мы подкрепили его Духом Святым — Джибрилом (Гавриилом) — да будет ему мир! Невероятно, что каждый раз, как посланник направлялся к вам с Божественными заповедями, которые ваши души отвергали, вы заносились. Одних посланников вы объявляли лжецами, а других вы убивали.

3.КУЛИЕВ. Э.:

87. Мы даровали Мусе (Моисею) Писание и отправили вслед за ним череду посланников. Мы даровали Исе (Иисусу), сыну Марьям (Марии), ясные знамения и укрепили его Святым Духом (Джибрилем). Неужели каждый раз, когда посланник приносил вам то, что было вам не по душе, вы проявляли высокомерие, нарекали лжецами одних и убивали других? 

4. ПОРОХОВА.В.:

87. Мы дали Мусе Книгу (Откровений), И вслед за ним посланников Мы слали; Мы дали Исе, сыну Марйам, знаменья ясные И Дух Святой для укрепления его. Но всякий раз - не вы ли, Когда являлся к вам посланник,
(Неся) вам то, что ваши души не желали,Преисполнялися гордыни - Одних лжецами объявляя,Насильственно мертвя других?

4.ШАМИЛЬ АЛЯУТДИОВА:

«Нет сомнений в том, что Мусе (Моисею) Мы дали Писание [Тору] и вслед за ним [уже после его смерти] посылали [избирая из сынов человечества] новых посланников. 
‘Исе (Иисусу), сыну Марьям (Марии), Мы [говорит Господь миров] дали знамения [подтверждающие истинность его пророческой миссии, как-то: оживление мертвых, исцеление прокаженных и слепых] и укрепили его Святым Духом [ангелом Джабраилом (Гавриилом)].
И каждый раз, когда приходил к вам посланник Божий с тем, что вам не нравилось, вы начинали проявлять тщеславие, надменность: кого-то обвиняли во лжи, а кого-то [за всю историю человечества было несколько подобных случаев] — убивали».

Енді орыстілді сопылар мен тарихатшылардың, тасаууф ғалымдары рух, қасиетті рух туралы не айтады, оны да қарап көрелік. Бұл деректердің бәрін мен «Даруль фикр. Ру» сайтынан алдым:

АЛЛАНЫ РУХ, НҰР, СӘУЛЕЛІ ЭНЕРГИЯ, Т.Т ДЕУШІЛЕР ТУРАЛЫ

Если же человек исповедывал неверные убеждения по вопросу знаний об Аллаhе (к примеру, приписывал Ему подобие, место или образ, или перемещение, или же думал, что «Аллаh – это дух, или свет, лучистая энергия, или сила, или разум» и т.п.) или же колебался в основных вопросах Исламского Вероучения (например, думал: «Может быть, у Аллаhа есть место, а может быть нет», - к такого рода сомнениям не относятся мысли, появившиеся не по своей воле), то он перестал быть мусульманином (если прежде им был), и такомучеловеку необходимо вернуться к Вере, то есть
принять Ислам. Это необходимо сделать без промедления.

РУХТЫҢ АДАМ БАЛАСЫНА ҮРЛЕНУІ ТУРАЛЫ:

Все улемы единодушны во мнении о том, что вдувание духа в эмбрион происходит по истечении ста двадцати дней после сoвокупления родителей, что составляет ровно четыре месяца и относится к началу пятого. В том, что это действительно так, можно убедиться путём наблюдения, и это обстоятельство принимается в расчёт в случае возникновения необходимости обращения к установлениям, касающимся признания отцовства и обязательности несения соответствующих расходов. Это делается в том случае, когда есть уверенность в том, что плод уже начал двигаться. В этом и состоит смысл запрета на вступление женщины в новый брак до истечения четырёх месяцев и десяти дней после смерти мужа, ведь именно столько времени должно пройти, чтобы можно было удостовериться в отсутствии у неё беременности.

РУХ  ДЕГЕНІМІЗ  НЕ?

Духом является то, что даёт человеку жизнь, и это есть веление Аллаха, о чём Сам Он поведал в Своей великой Книге, сказав: "И они спрашивают тебя о духе. Скажи: "Дух - от веления Господа моего, а вам даровано знания лишь немного". (Ночное путешествие, 85.) 

ОСЫҒАН ОРАЙ ҰЛЫҚ ҰСТАЗДАР НЕ ДЕЙДІ?

В комментариях ан-Навави к "Сахиху" Муслима сказано: "Дух представляет собой тонкое тело, которое проникает в тело физическое и соединяется с ним подобно тому как сок дерева соединяется с зелёной ветвью ".

Что же касается аль-Газали, то в "Ихйа 'улюм ад-дин" он пишет: «Дух есть чистая сущность, полновластно распоряжающаяся в теле»

Сонда бұл жерде кім қателесіп отыр, кім қыртып отыр, кім оны не үшін жасап жатыр?

1.Құрбаналы Ахметов бұны ақымақтықпен, сауатсыздықпен, Құранды дұрыс түсінбегендіктен жасап отырған жоқ. Оның ілімінің соңы – аруақ. Бірақ бұл біздің дүниеден, қазақы ұғымнан тыс аруақ. Ол өзі жазғандай Құдайдың жаратушылықта серігі болған аруақ(Астафыралла). Бұл аруақтың аты – Құрбаналы Ахмед!

Қалғандары ақымақтық. Соның ішінде Зікірияның істеп отырғаны да «көрмегенге көсеу таң» дегендей көрметік пен білместіктің зардабы. Ол қалайда артық болғысы келеді. Сосын «атың шықпаса шөп өрте» деп Құранға ревизия жасап отыр.

Барша дін мұсылманның бір ғана діні бар, ол – Ислам. Кімде кім әр ұлттың өз Исламы бар десе қатты қателеседі. Құранда бұл туралы: «(Мұхаммед Ғ.С.) саған шынайы түрде Құранды өзінен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсіргенімен үкім қыл. Өзіңе келген шындықтан айрылып, олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба қойдық. Егер Алла қаласа еді, барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді. («Маида» сүресі, 48-аят)». Алла бізді қорлау үшін емес, бір бірімізбен жақсылықта жарысып, жақсылық иелері болу үшін әртүрлі жол мен мазхабтарға бөліп,  түрлі үммет етті. Бізге: «Әй адам баласы! Шүбәсыз сендерді бір ер, бір әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Шәксіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы («Хужурат» сүресі, 13 аят)» деді. Көрдіңіздер ма, бір-бірімізді даттау үшін емес, тану үшін ұлттар, рулар қылды. Ең ізгі адам не руынан, не тайпасынан, не тұқымы мен шыққан ұлтынан Алланың алдында артық болмайды. Алла осы аятта:  «Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың» деп ашып айтады.

Зікірия бауырымыздың өзі дін Исламға іріткі салып, дін мұсылмандар арасын жалған тәпсір, теріс ахидамен былықтырып отырып, қорғағысы келген ұлығымыз Қожа Ахмет Иассауи қазақ болғаны, немесе бүгінгі Қазақстан республикасының ішінде жерленгені үшін ұлық, Алланың досы емес, ол Алланың мағрифатына тақуалығымен жеткен адам.

Сондықтан онсыз да аз, әлі толық қуаттанбаған қазақ ұлтын дін ислам ішінен бөліп алып, оны оқшаулау, сол үшін Алланың барша адам ғ.с. ұрпағына ортақ еткен дінінен ажырату ізгі адамдардың емес, іріткі адамдардың ісі. Бұл надандар осы амалдары арқыры өздері отырған дарақтың түбін шауып, өз қораларына от тастап жатқанан ұқпайды. Құрбаналы ұқса жақсы ұғады. Бірақ оған крегі не Алла, не дін, не қазақ, не басқа емес, қампиған қарны мен көкірегін кренеген нәфсі қалаулары. Ол үшін неғұрлым топалаң болса соғұрлым пайда.

Мен бұл мақаланы Зікірия Жандарбеков бауырымызды не даттайын, не жамандайын деп жазғаным жоқ. Басты мақсат ағамыз алды мен артына қарап, оң мен солын ұмытпаса екен. Бәлкім өз қатесін ұғар!

Әбдікәрім Әбдімомынов

Abai.kz

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366