"ҮЛКЕН ҚАЗАҚ" ҰЛТЫНА ҚАЛАЙ АЙНАЛАМЫЗ?
Экономикасы кенжелеген ел ілгерілеп дамымайды. Экономикалық өсім әлеуметтік ахуалға негіз салады. Экономикалық дамудың кепілдігі, экономикалық дамудың мотивациясын қалыптастырады. Бұл жағдайды қамтамасыз ету үшін тиісті экономикалық модельді таңдау жауапты іс. Адамзат тарихында бірнеше дамудың альтернативалық жолы белгілі. Ол классикалық нарық моделі, жартылай (паллиативтік) нарықтық қалып және нарықты бөтенсітетін – нарықсыз модель.
Аталаған жағдайларға мысал келтірейік. Алғашқы модель Спарта мемлектінің моделі – бұл әскери әкімшілік модель. Спарта мемлекеті нарықтық принциптерден бас тартқан. Нарықтық принциптердің орнына бұл мемлекетте идеологиялық және әскери-милитаристік жол болды. Спарта мен Афинаның бәсекесі нарықты және нарықсыз мемлекеттердің бәсекесі болды: біреуі біздің дәуірімізден бұрынғы 5-ғасырдағы плюралистік демократияның сол заманадағы үлгісі болса, екіншісі – авторитарлық құл иеленушілік, яғни әскери демократия. Кейіннен үшінші модель сол тарихи бәсекеге кірісті – ол азиаттық өндіріс жолы болатын. Азиаттық өндіріс амалы аталған екі модельге антипод еді. Бұл модель абсолюттік милитаристік монархияға қарсы тұрды. Геродот Афина мен Спартаның моделін сипаттаумен қатар олардың шығыс деспотиямен қақтығысын көрсетті. Әлем тарихына енген Грек-Парсы соғысында басы бұрын бірікпеген гректердің полис - мемлекеттері сол тұста өз егемендігін сақтап қалды. Себебі олар Персиямен салыстырғанда саяси тұрғыда еркіндеу еді. Екіншіден, гректер өз егемендін, елдігін қорғады. Гректерде заманына сай түрлі географиялық, технологиялық ерекшеліктер мен артықшылықтар болды. Саяси және экономикалық еркіндік технологиялық артықшылыққа конвертацияланды. Азияда жеңімпаз болған Дарийдің әскери жорығы сәтсіздікке ұшырады. [1]
КСРО іс жүзінде коммунистік режимде болды. 1917-1920 жылдары Ленин және оның үзенгілестері нарықсыз, ақшасыз, ешбір еңбекақысыз қоғам орнатпақ еді. Бірақ бұл эксперимент азамат соғысына ұласты. Жаңа экономикалық саясат (1921-1930 жж.) шала нарытық экономикалық механизм қалыптастырды. Олар сол шаруашылық механизмді социализм деп атады.
Бұл экономикалық модель факторын төмендегі мысалмен түсіндіруге болады. КСРО-ның индустриаландыру нәтижесі өте қаркынды еді. КСРО-ны индустриаландыруды, шикізат өндіру және машина жасаумен айналысуы әкімшілік бағыттағы милитаризмді үдетті. Директивті- жоспарлы экономика кеңес үкіметінің басты саясатына айналды. Осының нәтижесінде халық тұтынатын тауарларға ұдайы жарымай отырды. Халықтың тұрмысы нашар, күнделікті тұтынатын тауарлар қат (дефицит) болды. Аса көп ұзамай нарықтың бұл шала түрі толық пәрменсіздігін көрсетті. Экономикалық қарқын бәсеңдеп тоқырауға әкелді. Тоқырау экономикалық коллапсқа тіреді. Мұнай бағасының құлдырауы сол экономикалық дағдарысты алдымен әлеуметтік дағдарысқа, кейін саяси дағдарысқа әкелгені белгілі. Сонымен КСРО құлады.
1991 жылы посткеңестік мемлекеттер пайда болды. Прибалтика елдері бірден саяси және экономикалық реформаларды жасап классикалық нарыққа кірді. Сонымен қатар олар NATO мен Еуро Одақ бірлестігіне кірді. Бұлардан басқа мемлекттер арасында сәтті экономикалық реформа жасаған Ресей мен Қазақстан еді. Қазақстанның реформалары Ресейден озығырақ болатын. Айталық, пенсиялық жинақ қорлары жүйесі бір ізге түсті. Бірақ аталған екі мемлекет те бірте-бірте нарықтық принциптерден тая бастады. Әсіресе бұл үрдіс 2007 жылдан айқын байқалды. Нарықтың сара жолынан таюға мұнай факторы қатты әсер етті. Мұнайдан түскен қаржылар халықтың тұрмысын еселеп жақсартты.
Мемлекеттік, ұлттық, тілдік, халықтық өзінділігін сақтайтын этностар және сол сипаттардан айырылатындар кімдер?. Еуропа мен азия мемлекеттері үшін аталған сипаттардан айырылудың сандық критерийлері әртүрлі. Бүгінгі күнде әлемде 180-нен астам мемлекеттер бар. Мәселен, Эстонияда 1 миллионға жетпейтін төл халқы бар, олардың өзі азайып келеді. Себебі жас эстондықтар Еуропалық Одаққа мүше елдерде оқып, жұмыс тауып сол мемлекеттерге сіңіп жатыр. 2 млн. Латвия халқының 62% латыштар, бірақ олардың да саны азйып келеді, олар да Еуропада жүр. Армения халқының 98% армяндар, бірақ армяндардың абсолюттык саны азайып келеді. 1988 жылы Армения Әзірбайжанның Карабах өлкесін тартып алды. Бұл жағдай ресми түрде мойындалды[2]. Бүгінгі таңда Әзірбайжанның (ВВП ППС- Ішкі жиынтық өнімі және Сатып алу паритеті 98,776 млрд. долл. (70 - ші орында) Армения Ішкі жиынтық өнімі және Сатып алу паритеті 24,28 млрд. долл. (122- ші орында). Әзірбайжанның экономикалық қуаты Армениядан төрт есе артық, ал халқы үш есе артық. Олай болса бұл жағадайда әзірбайжандар армяндарды соғыспай экономикалық бәсекеде жеңеді, ал армяндар бұлай бола берсе өз жеріне ие бола алмай қалуы мүмкін. Өз елінен эмиграцияға жаппай бас ұру жақсылыққа апармайды. Көне Армения үш теңіз – Жерорта, Каспий, Қара теңізінің арасында 600 жылдай Ұлы держава статусын сақтаған (біздің дәуірімізге дейін 190 жыл - біздің дәуіріміздің 428 жыл) мемлекет. Кезінде Үш теңіз арасындағы Ұлы Арменияның бүгінгі күйін қараңыз. Олар бар болған тақыр таулы тастағы қазіргі Арменияға әрең ие болып отыр. Ұлы державашылдықты көп армяндар әлі күнге көксейді, бұл олардың көкірегіндегі құрт ауруы. Бұл ауру орыс ағайында да бар. «Орыс әлемі», КСРО-ны қайта қалыпқа келтіру, Ресей державасына басқа елдердің жерін қосу идеясы Ресей басшылығында да, қарапайым орыс көңілінде де бар идея. Бір жақсысы – қазақта ол ауру жоқ. Әйтпесе көне Алтын Орданы, Алты Алаш мемлекетін жоқтаймыз деп, ендігі опат болар едік.
Енді қарақалпақ пен Қарқалпақстан тағдыры туралы сөз қылайық. Қарқалпақстан Өзбекстан құрамында, тұрғындар саны -1711,8 мың адам. Республиканың ұлт құрамы өзбектер (32,8%) мен қарақалпақтар (32,1%), қазақтар (26%) және басқалар... [3] Қарақалпақ ұлтының тағдыры қыл үстінде. Бұл ұлт өзбек және қазаққа сіңіп барады. Қарақалпақ жері экологиялық дағдарыста, ал өздері Ресейде, Қазақстанда, Өзбекстанның басқа өлкелерінде шашылып жүр.
Қазақтың саны 11.5 млн., ол мемлекетті сақтауға, ұлтты өсіруге, тілді дамытуға жете ме? Сол биік мақсаттарды орындауға қандай шара қолдану керек? Ендігі әңгіме осында. Осы жылдары біз бірнеше маңызды істерді бітіруіміз керекті еді. Экономикалық бағытта: біріншіден, жеке меншік секторды 80-90% жеткізу, мемлекеттік сектордағы меншік пакеттерді инвесторға, не өзіміздің байларға аукцион арқылы немесе басқа жолмен жекешелендіру қажет болатын. Екіншіден, құрылымдық реформаларды, демонополизацияны жүргізуден кешіктік. Үшіншіден, еркін экономикалық, әлеуметтік бәсекелестікті жүзеге асыруда белсенділік таныта алған жоқпыз. Төртіншіден, Ресейлік Евразиялық одақтан басқа альтернативалық диверсификациялық ұжымдарды іздеу керек еді. Ең алдымен Қытай мен Европалық Одақпен байланысты күшейтіп, Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) бұрынырақ кіруіміз керек еді. Бесіншіден, Жергілікті жерде өзін өзі басқарудың жүйе реформаларын батылырақ жүргізсек жөн болар еді. Алтыншыдан, Азаматтық , Қылмыстық, Процессуалдық кодекстерін жетілдіріп, батыс сарапшырарының құптауынан кейін пакет ретінде жәриялауға тиіс едік. Жетіншіден, Ұлттық Банкіге теңгенін бағамын әкімшілік жолмен реттемеу, валюталық интервенциялармен теңгені ірі масштабта қолдамау саясатынан таймау қажет болатын. Сегізіншіден, айлық ешқашан еңбек өнімділігі мен қосымша құн мөлшерінен озбайды, керісінше біраз қалып отыруы керек. Аталған ұсыныстардың басым көпшілігі кешеуілдеп қолса да орындалды немесе орындалу үстінде.
Рухани, мәдени, тіл, ұлттық ұйысу үрдісі бағытында: Біріншіден, елімізде тіл диверсификация саясаты жүзеге асырылуы керек. Үш тіл саясаты дұрыс, бірақ пропорциялары төмендегідей болғаны абзал: 2020-ға дейін қазақ тілі салмағы 45% -тен 95% көтерілуі, орыс тілінің -80% тен 2% төмедеуі, ағылшын тілінің -1% тен 2% -ке көтерілуі , қытай тілі-1%-ке көтерілуі керек. Екіншіден, Елімізде бірнеше тиянақты мемлекеттік ұстаным болуы керек. Этноцентризмнен лингвацентризмге ауысу жолдарын қарастыру қажет. Президенттік «Жанашыр» бағдарламасы жасалып, қазақ емес ұлт өкілдері мен мемлекеттік тілдің жанашырлары қызметкерлер корпусын дайындауы қажет. Олар мемлекттік тілді айналып өткісі келетін қызметкелерді алмастырып, мемлекеттік тілдің қолдану ауқымын кеңейтеді және қазақ еместерді билікте көбейтеді. Олар орыстілді қазақтан гөрі ұлттық құндылыққа берік және мемлекетке лоялды болады. Үшіншіден, көпұлтты емес, көпэтносты емес Үлкен қазақ ұлтын құру қажет. Біреудің тегін сұрау, қазбалап руын сұраумен тең әдепсіздік, ал мемлекттік қызметкерге қатынасты болса, этикалық нормаларды бұзушылық болып есептелмек. Төртінші, Сот ісі тек мемлекттік тілде жүргізілуі тиіс. Тіл білмейтіндерге аудармашы беріледі. Бесінші, бірегей қазақ мектебін ашқан жөн. Барлық этникалық азшылық мектептерде 6-8 сабақ мемлекеттік тілде жүргізілуі керек. Алтыншы, қазақ репатриациясын үдету және оларды орналастырудың (облыстардың орталық қалаларында 70%) және ұсақ кенттер, станциялар мен ауылдарда -30%) шұғыл жоспарын жасау, оларды жерсіндірудің жолдарын табу қажет.
Осы аталған мәселелерді тезірек жүйелеп шықсақ қана бір іргелі ел бола аламыз.
Әзімбай Ғали
Abai.kz