Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 9702 0 пікір 6 Қаңтар, 2016 сағат 13:23

ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫРҒЫЗ: ҚАЙСЫСЫ НАМЫСТЫ ХАЛЫҚ?

Қазақ пен қырғыздың қайсысы намыссыз?

Жақында Қырғызстанның Құмтөр кенішінде қызмет ететін британ азаматы Майкл Макфиттің әлеуметтік желіде қазыны жылқының жыныс мүшесіне теңеген жазбасы қырғыз қоғамында қызу пікір-талас тудырды.

Британдық азамат Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әлеуметтік желілердің біріне қазының суретін салып, оның астына "жылқының жыныс мүшесінен жасалған шұжық" деген жазба қалдырған болатын. Бұл өз кезегінде Макфитпен бірге Құмтөр алтын өндіру кенішінде (Қаракөл қаласы) жұмыс істеп жатқан қырғыздардың ашу-ызасын тудырды. Мереке өтісімен тәртіп сақшылары шетелдікті Бішкек әуежайында ұстап, оны соттамақ болған.

The Guardian басылымынң хабарлауынша, Макфит Құмтөр кенішіне иелік ететін Centerra Gold компаниясының жұмысшысы. Қырғыз елінің ұлттық дастарханына кіретін жылқы қазысын қасаға теңегені үшін ел үкіметі британ азаматын елден депортациялаған.

Осы ретте ойыма он жыл бұрынғы Қазақстанды әлемге масқаралаған  «Борат» фильмі келеді.

Майкл Макфиттің қазы туралы қыңыр қағытпасы мен «Бораттың» ортасында қандай байланыс бар дейтін шығарсыздар.

Құмтөр кенішінде қызмет ететін, британдық Майкл қазыны жылқының жыныс мүшесіне теңеді. Артынан іс ушығып кеткен соң, жалынып, жалпайып кешірім сұрады. «Мен ешкімді кемсітейін деген емеспін және өзімнің ерсі қалжыңым үшін қатты өкінемін. Сіздерден кешірім сұраймын»,-деді.  Десе де, Қырғыз үкіметі Майклды мәймүңкелетпей, елден қуып шықты.

Осыдан он жыл бұрын, АҚШ-та сұмдық фильм шықты. «Ғажайып Қазақстан өлкесінің атақ-даңқы үшін Борат дегеннің Америкада жасаған мәдени жаңалықтары» туралы сөз етілген бұл фильм  қазақстандықтардың ашу-ызасын туғызды. Ол фильмде басты кейіпкер болған – Борат деген әумесер: «Біз қазақтар, жылқының зәрін (сідігін) ішеміз» деп мақтанған.

Лари Чарльз таратқан киноәжуа Қазақстанды әлем елдеріне ашық масқаралаған еді. Бұған біздің елдің белсенділері бұлқан-талқан болғанымен, бітірген бір іс болмады. Борат былықтырып кеткендері әлі күнге дейін Қазақстанға кері әсерін тигізуде.

Жақында Қырғыз қазысын қорлаған Майкл Макфит пен Қазақстанды қаралаған «Боратқа» қатысты кинодраматург Смағұл Елубай «Азаттық радиосына» телефон арқылы сұхбат беріпті.

Онда: «Менің ойымша батыстық адамдардың ішінде жасырынып жатқан расизм бар. Анығында Батыс әлемі «қазақ» деген халықты біледі деп ойламаймын. Білмейтін себебі, олардың көбі қазақ киносын көрмеген, әдебиеті мен тарихын оқымаған, музыкасын тыңдамаған. Олардың түсінігенде Қазақстан – экс-советтік республика ғана. Елінің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, елі мұнайға, газға, уранға, табиғи байлықтарға бай, территориясы үлкен мемлекет. Бұл «Борат» деген «қазақ» деген ел бар екенін білмегендер үшін реклама болды. Қара пиар болса да, пиар. Сондықтан, Қырғыздарға да Майклдың жазбасына бола шу шығарудың қажеті шамалы»,-дейді.

Кейбір деректерге сүйенсек, «Боратты» түсіру үшін 18 миллион АҚШ доллары жұмсалып, әлемдік кино прокаттан 262 миллион доллар пайда тапқан. Ең сорақысы кионо «Оскар» сыйлығына ұсынылып, Голливудттағы үздік шетелдік ақпараттар номинациясы бойынша «Алтын глобус» сыйлығы тапсырылған.

Сарапшылардың пікірінше, таспа қанша жерден ұлтаралық араздықты қоздырғанымен, әлем халқына «Қазақ» деген елдің бар екенін жарнамалап берген-мыс.

Десек те, «Бораттың былықтарынан» соң, Қазақстан туралы әлемдің жұлдыздардың көзқарасы өзгерген.

Мысалы, IBF чемпионы, боксшы Давид Лемье, футбол жұздызы Лукас Подольский,  финляндиялық «ХИК» командасы және т.с.с. әлемдік деңгейдегі спорт жұлдыздары Қазақстанды «Бораттың елі» деп әжуалады.  Әлем чемпионаттарында жеңіс тұғыраны көқтерілген спортшыларымыз үшін, мемлекеттік әнұранымыздың орнына  «Бораттың» әуенін қойым масқаралап жатты. Осындайда селт етіп, салт қимылдауға тиісті Сыртқы істер министрлігі қайда қарап отырғаны тағы белгісіз.

Түйін: Қырғыз елі әлеуметтік таптың төменгі сатысындағы қара жұмысшының әлеуметтік желідегі бір ғана жазбасы, «қазыны жылқының жыныс мүшесіне теңегені үшін» елден қуып шықты. Бұл бір ғана оқиға десек, Қазақстан халқын мың мәрте мазақтап жатса да мыңқ еткен министрлік жоқ. Бұл да болса, Қырғыз халқының намысшылдығын көрсетсе керек. Ал бізге бәрі бір ме, сонда?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397