Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 4649 0 пікір 11 Наурыз, 2016 сағат 15:59

ӘБЛӘЗОВТІ ФРАНЦУЗДАР БОСАТПАҚ...

Бүгін Францияның Лион қаласындағы аппеляциялық сот қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әбләзовтің шағымын қарастырады. Қомақты қаржымы жымқырып, елден қашып кетті деп айыпталған Әбләзов Лион сотына түсірген аппеляциялық шағымында өзің қамаудан босатуды талап еткен.

Осының алдында Франция үкіметі Мұхтар Әбләзовті Ресейге экстрадициялауға басымдық беретін шешім шығарған болатын. Бұл туралы әуелде Франция Премьер-министрі Мануэле Вальсом мырза мәлімдеген. Алайда Әбләзов қорғаушылары Францияның Мемлекеттік кеңесіне қайта қарастыруын өтініп, шағым түсірген. Бұл туралы «Форбес» сайты жазады.

Ал 8 наурыз күні экс-банкир қорғаушылар сотқа қайта шағымданып, Әбләзовті қамаудан босатуды талап еткен.

Адвокаттардың айтуынша, Франция үкіметінің Мұхтар Әбләзовті ұзақ мерзімге қамауда ұстауына еш негіз жоқ. Өйткені, ресми билік тарапынан (Франция билігі – ред.) Әбләзовқа қатысты ешбір шағым, айыптаулар түспеген. Десе де, "Қазақстан мен Ресей қаржысын қолды қылып кетті" деп айыпталған экс-банкир, кейбір деректер бойынша саяси диссидент Мұхтар Әбләзов Франция түрмесінде 2 жыл 7 айдан астам уақыт отырған.

Өз кезегінде Францияның Бас прокуратурасы  Әбләзов ісіне қатысты көптеген шикіліктер туындағанын және Франция билігі қазақстандық экс-банкирге сенімсіздік танытатынын айтқан. Прокуратура келтірген мәліметтерге сүйенсек, Мұхтар Әбләзов қорғаушылары айыпталушыны қамаудан босатқан күннің өзінде оның елден тағы қашып кетпесіне кепіл болатын нақты деректер келтірмеген.

Естеріңізде болса, БТА банкінің экс-директоры Мұхтар Әбләзов француз Альпісінде 2013 жылдың маусым айында тұтқындалған-тын. Қазіргі таңда экс-банкир Париждің оңтүстігіндегі Флери-Мерожиде қамауда отыр.

Әбләзовтің қаржылық «махинациясының» негізінде Қазақстан, Ресей және Украина билігі экс-банкирдің үстінен қылмыстық іс қозғаған. Десе де, Астана мен Париж арасында экстрадициялау туралы келісімдердің жоқтығынан,  Әбләзовті Ресей мен Украинаға ғана экстрадициялауға мүмкіндік бар екен.

Тақырыпқа тұздық

Осы уақытқа дейін Әбләзовті Қазақстанға қайтаруға барын салып келген ресми орындар енді оның елге әкелуіне бей-жай қарай бастаған сияқты. Әйтпегенде, осыдан бес жыл бұрын БАҚ пен биліктің негізгі нысанасына айналған банкир мырзаның ісіне қатысты қазір сирек жазылып жүр.

Расымен, шет мемлекеттердің абақтыларында немесе белгіленген аумағында жазасын өтеп жатқан, яки жазасын күтіп жатқан қазақстандық саяси тұтқындар туралы әлемдік және қазақстандық БАҚ жиі жазып келді. Солардың ішінде әлемдік БАҚ назарын тіккен, 3 бірдей пост-кеңестік мемлекетті тақырға отырғызып кетті деген – атышулы экс-банкир Мұхтар Қабылұлы Әбләзов та бар екені әмбеге аян.

Кезінде «БТА» банкінің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы туралы қоғамдық ортада түрлі дақпырт тарағанымен ресми билік пен құзырлы органдағылар – Әбләзовты қазіргі саяси жүйенің басты оппаненті деп танитыны жасырын емес. Сондықтан да, оның прото бейнесін – ұры-қары образында көрсетеді. Мысалы, Бас прокуратураның тергеушілері БТА банкының бұрынғы басшылығы оффшорлық компанияларға ешқандай кепілсіз берілген несиелер арқылы Қазақстаннан 10 миллиард АҚШ долларын жылыстатқан дейді.

Тәуелсіз кәсіпкер өзінің ашық сындары арқылы көптеген қазақстандық шенеуніктердің қытығына тиетіні де жасырын емес еді. Тіпті, Мұхтар Әбләзов биліктің биік дәлізінде жүрген кезде де  кемшілікті бетке айтудан тартынған емес-ті. Ол Қазақстанның жаңа өнеркәсіптік  концепциясын құрып,  ҚР Энергетика министрілігін басқарды. Ал 2001 жылы 33 жастағы Мұхтар БТА директорлар кеңесінің төрағасы болды. Иә, біреуді әсіре мақтағанымыз емес, бірақ Мұхтардың басшылығы тұсында БТА ТМД елдеріндегі ең үздік банктердің қатарында болған-тұғын. Мұхтар сол кездің өзінде Қазақстанның экономикалық нарығы құлдырап бара жатқанын жақсы білетін.

Саясаттанушы Виктор Ковтуновскийдің айтуынша, 2000-жылдардың бас шенінде қазақстандық саясаткерлер, тәуелсіз қозғалыс жетекшілері, кәсіпкерлер мен шенеуніктер Қазақстандағы саяси  жағдайды өзгерту үшін қандай да бір либералды, демократиялық партия құру жобасын бастап кеткен болатын.

Ал 2001 жылдың 18 қарашасы күні Ғалымжан Жақиянов, Мұхтар Әбләзов, Ораз Жандосов бастаған бір топ азамат «ДВК-ны» құрды.  Бұлардың сапында Әлихан Байменов, Болат Әбіловтер бар еді. Осылайша, жоғарғы билікте біраз жүрген Мұхтар – экс-шенеунік, экс-банкир, экс-министрі атанып шыға келді. Павлодар облысының экс-әкімі Ғалымжан Жақиянов пен экс-банкир Мұхтар Әбләзовқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, саяси қудалауға түскені туралы қазақстандық БАҚ аз жазбады. Ал қазақстандық оппозиция аракідік Мұхтарды ақтауға тырысқанымен нәтижесіз еді.

Қазір Франция соты Қазақстаннан өзге Мұхтар Әбләзовты экстрадациялауға қатысты берген Ресей Федерациясы мен Украина Жоғарғы Прокуротурасының өтініштерін қарастырып жатыр. Әзірге экс-банкирді Украинаға жіберуі мүмкін деген сыбыс тарай бастаған. Ал Франция соты Әбләзовты  Қазақстанға беру туралы ұсынысқа назар да салмаған. Саяси тұтқынның өміріне қауіп төнгізетіндіктен әзірге оны Францияда ұстай тұру туралы шешім күшіне енген де.

Ендігі шешім Францияның қолында болып отыр...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529