Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Қоғам 7486 0 пікір 31 Тамыз, 2016 сағат 17:37

АТАМБАЕВ ПЕН ОТЫНБАЕВАНЫҢ АЙҚАСЫ НЕНІ АҢҒАРТАДЫ?

1991 жылы Кеңестер одағы құлап, оның құрамында болған Орта Азия елдері егемендік алды. Содан бері ширек ғасыр өтті.  Көп дүние өзгерді. Хош, ол өз алдына бөлек әңгіме. Ал бүгін құдайы көршіміз Қырғызстан елі егемендік күнін тойлауда. Ал ертең Өзбекстан байрағының бейбіт аспан төрінде желбірегеніне 25 жыл толады.

Атамбаев пен Отынбаеваның жанжалы: Қырғызстанда  референдум өте ме?

Бүгін Қырғызстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына тұп-тура 25 жыл толды. Осы күнге орай қырғыз жұртшылығының алдында баяндама жасап, арғы-бергі, азды-көпті атқарылған шаруаларды қорытындылаған Президент Алмазбек Атамбаев  айыр қалпақты ағайындарды 1,5 жыл басқарған уақытша Үкіметті, Қырғызстан Президентінің міндетін уақытша атқарған Роза Отынбаеваны сынады. Бұл туралы «Азаттықтың» қырғыз қызметі хабарлады.

Атамбаевтың айтуынша, кезінде өзі де құрамында болған уақытша Үкімет Конституцияны өзгертпек болғанда қарсы дауыс берген. Отынбаеваның басқаруындағы билік Атамбаевтың сөзіне құлақ аспастан, Конституцияны өзгертіп жіберген. Бұл өзгерістер биліктің авторитарлық режимге ауысуына жол ашқан.

Ал бүгін Алалау алаңында ағынан жарылған Атамбаев бұрынғы басшы Бакиевтің елден қашып кеткенінен кейін құрылған уақытша Үкіметтің мүшелері Роза Отынбаева, Өмірбек Текебаев және Әзімбек Бекназаровтар бастаған билікті ашық сынап, олардың жүйесі арқылы жаңа билікті құру жолында көптеген қырғыз азаматтарының қаны төгілгенін айтты.

Мен Қырғызстан Конституциясына өзгерту енгізуіме сол кездегі уақытша Үкіметтің Роза Отынбаева бастаған мүшелері қарсы шығуда. Олар мені Конституцияны өзгерту арқылы Президенттік мерзімімді ұзартып алады деп қорқады. Себебі мұндай оқиға 2010 жылғы референдум кезінде орын алған. Әркім өзіне қарап әрекет етеді. Отынбаева, Текебаев, Бекназаров, Дүйшебаев, Шерниязовтар қазір Конституцияны өзгертуге қарсы болып жатыр. Ал 2010 жылғы Конституцияда парламенттік басқару мәселесі енгізілген жоқ. Олардың жасаған Конституциясы бізді авторитарлық режимге бастайды. Ал халық бұған дауыс берген жоқ. Сондықтан оны өзгерту керек, - деді Атамбаев.

Атамбаев алаңдағы жұрттың алдында ақтарыла төңкеріліп жатқанда Оның арт жағында тұрған экс-президент Роза Отынбаева мінберден түсіп, кетіп қалды. Осылайша Отынбаева өзін халық алдында айыптаған Атамбаевқа наразылығын білдірген болды.

- Революциядан кейін біз Отынбаева билігін легалды етіп, оны енгізген едік. Ал мен осы бәленің басынан бері уақытылы Үкімет құруға қарсы болғанмын.  Конституцияны да өздеріне икемдеп өзгертпек болғанда қарсы болдым. Ол кезде Парламент Отынбаеваны спикер етіп сайлауға даяр еді. Бәлкім солай болғанда қан аз төгілер ме еді, - деді Алмазбек Атамбаев.

Қырғызстан Президентінің эмоциялы баяндамасына қатысты пікір білдірген Қырғызстандағы «Атамекен» партиясының төрағасы Өмірбек Текебаев былай депті:

- Атамбаев дәл осы күні Қырғызстан жұртын ынтымаққа бастайтын, елдің бірлігін дәріптейтін жақсы сөздер айтуы керек еді. Бірақ Атамбаевтың бүгінгі сөзі елді ұятқа қалдырды.  Егер Ел Президентінің сөзі осы болса, мемлекеттің келешегінен не қайыр.


Каримовы жоқ Өзбекстан Тәуелсіздік күнін тойлай ма?

Өзбекстан Президентінің миына қан кетуі себепті жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі.

Өзбекстандық БАҚ Президент Каримовтың қаза болғанын хабарлағанымен, ресми органдар бұл туралы ешқандай ақпарат таратқан жоқ. 78 жастағы Ислам Каримов тірі екендігі туралы да нақты деректер айтылмайды.

Ал 1 қыркүйек Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тұп-тура 25 жыл толады.  Дөп осы уақытқа дейін Ислам Әбдіғаниұлы Өзбекстан Президенті болып келді. "Ширек ғасыр шегінде үздіксіз басқарушылық қызметте болған Каримовтың трагедиялық жағдайда ауруханаға түсуі өзбек жұртшылығын Тәуелсіздік мерекесін тойлауына кедергі келтіре ме?" деген сұрақ БАҚ-та қызу талқыланды.

1қыркүйек Ислам Каримовтың "жоқтығына" қарамастан, Өзбекстан жұрты Тәуелсіздік мерекесін тойлайтын болады.

Ташкент қаласы әкімшілігі (Хоқмият) 1 қыркүйектегі мерекелік шаралардың графигін жариялады.

Елдің ең басты мерекесі (Мустақиллиқ) дәстүр бойынша Әлішер Науаи атындағы алаңда басталады. Ал Өзбекстан халқына құттықтау сөзін тұңғыш рет Президент Каримов емес, Премьер-министр Шавкат Мирзиеев оқиды деп жоспарланған.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963