Нұра Матай. Мемлекеттік сыйлық бәйгесі «Қылмыссыз» жалғаспақ
Қытайдың Шәуешек қаласындағы өз үйінде мырзақамақта (үйқамақ) өмірін өткізіп жатқан, биыл 85 жасқа толған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы 2010 жылғы Қазақстанның әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы үшін тартыстағы конкурстан құлады. Шеттетілді. Не үшін? Кім жазықты?
«Қылмыс» романы саяси себепке байланысты өтпей қалған және «шығарма біздің елдің проблемасы емес», «өзге елдің азаматы» деген деген уәж айтылған. Дауыс беру кезінде «Қылмыс» аз дауыс жинап, өтпей қалған.
Өмірінің қырық жылын Қытайда айдауда, түрмеде өткізген тар есік, тар босағада отырып алты томдық роман жазған, туған топырағына, Отан анасының құшағына жетуге өмірі бойы зар болып әлі күнге өз үйінде тұтқын болып отырған 85 жастағы Қажығұмар Шабданұлынан бір сыйлықты да қимадық...
Хош, сыйлық бұйырмады делік, тым құрыса, туған топырағымен қауыштыруға қазақ билігі саусағының ұшында қимылдатпады. Жаныңа бататыны осы. Естуімізше, Қажығұмар Шабданұлының денсаулығы сыр беріп жүрген көрінеді. Тұрмыстық жағдайы да жұпыны дейді. Қытайдан хабар алып тұратын азаматтардың айтуынша, ол кісі бәйбішесінің зейнетақысына ғана күнелтіп отырғанға ұқсайды. Ал, біз «итке де» бұйыратын бір сыйлықты қимай отырмыз...

Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын мемлекеттік сыйлыққа мәдени саясат және өнертану институты ұсынған болатын. Абай ақпараттық порталы әуелі Қажығұмар Шабданұлы елге қайтару туралы соңынан «Қылмыс» романына мемлекеттік сыйлық беру туралы ашық хат жариялаған еді.
Абай ақпараттық порталы жаряилаған Қажығұмар қарияны елге қайтарып алу жөніндегі ашық хатта: «Қазақстан республикасы - саяси-тарихи себептермен кіндік Отаны Қазақстаннан қилы кезеңдерде көз жазып қалып, әлемнің түрлі мемлекеттерінде қоныстанған күллі қазақ азаматтарының тағдырына толықтай жауапты» делінген. Алайда, «шығарма біздің елдің проблемасы емес», «өзге елдің азаматы» деген уәждерге қарап мемлекеттік сыйлық беру комиссиясына қазақтың біртұтастығының көк тиындық құны болмағаны ма?..
«Абай-ақпарат»