Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5570 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 10:17

ТҮРКИЯ ІШКІ ШАРУАМЫЗҒА АРАЛАСПАСЫН!

Білім беру саласы туралы талқылайтын болсам, мен біреуді әсіресілтеп мақтауды ұната бермеймін.  Мейлі ол тарихқа қатысты болсын, мейлі басқа болсын. Бір адамнан ешқашан қателеспейтін немесе жаман қасиеттері мүлдем жоқ, идеал адам жасап көрсеткісі келетіндерді де түсінбеймін және мен өзім де лицей түлегі емеспін. Сондықтан мен біздің елдегі ешбір мектепті «міне нағыз иеалды мектеп» деп айта алмаймын. Түсінікті ғой, әрқайсысының артықшылығы да бар, кемшілігі де бар.

Бірақ, жақында Түркия Республикасының елшісі ресми хат жолдады (елші дегеніңіз ауладағы көршіңіз емес қой, елемейтін). Елші араласып отыр дегеніңіз – мемлекет араласып отыр деген сөз. Елші: «Түркиядағы соңғы болған оқиғалардан кейін Қазақстан тарабы тиісті шешімдерді шығарып, бұл ұйымға байланысты нақты шараларды қолданады деп сенеміз», депті. Әрине, елші бұл сөзімен біздің елдегі «Қазақ-түрік лицейлерін» меңзесе керек. Анкараның қалауы – біздің аталған лицейлерді дереу арада жапқанымыз. Өзге бір мемлекеттің елшілері, консулдары әм министрлері біздің елдің ішкі шаруасына араласуы Қазақстан Республикасының азаматшасы ретінде менің наразылығымды тудырады, әрине. Түркия елшісінің бұл әрекеті – менің көршім, «Баба Люданың» маған келіп, менің кілемімнің түсі дұрыс еместігін немесе балаларыма дұрыс тәрбие бермей жатқанымды айтып шағымдануымен пара-пар қадам.

Сөзім құрғақ шықпас үшін, бірнеше дәйектер келтіре кетейін. Ешқандай эмоциясыз. 1992-жылдан бастап елімізде 27 лицей тіркелген екен. 3 жеке-меншіктегі лицей мен 2 Халықаралық мектеп. Дәл осы ҚТЛ түлектері 1995-2016 жылдар арасында Халықаралық, Республикалық, облыстық білім додаларында барлығы 15156 медаль иеленген. Соңғы 3 жылдың өзінде 5327 медаль алыпты. Соның ішінде 3530 медальді Облыстық білім олимпиадаларында, 856 медальді, Республикалық  олимпиадаларында, 986 медальді Халықаралық додаларда иеленіпті. 2016 жылдың ресми мәліметтеріне сүйенсек, қазақ-түрік лицейлерінде қазірг таңда 811 медагог жұмыс істеуде. Соның ішінде 717 ұстаз (88,4%)  Қазақстан Республикасының азаматы болса, 94 ұстаз(11,6%) Түркия азаматы екен. Қазақ-түрік лицейлерінің педагогтық кадрының 91%-ы Қазақстан Республикасында жоғарғы білім алған мамандар екен. Еліміздегі 20 лицейдің директоры – Қазақстан азаматы, ал 7 лицейдің директоры Түркия азаматы. Енді «алтын белгі» және «ЖОО грант» иегелері туралы айтып жатудың өзі артық.  

Лицейлер облыстық және қалалық білім басқармаларын тікелей қарайды. Демек, біздің лицейлер – ҚР БҒМ қарамағында мекемелер болып саналады. Бұл деректер ашық дереккөздерінен алынып отыр. Біздің ауыл қызының аузы сасық демекші, жаман да болса, жақсы да болса, біздікі ғой енді.  Менің түінбейтінім – біз Тәуелсіз мемлекетпіз ғой. Ендеше өзге мемлекеттің елшісі біздің елдің ішкі мәселесіне неге араласады? Оған қандай құқық берілген?  

Sayin Nevzat Uyanik Bey, Lutfen Kazakistan'in icislerine mudahale etmeyin. Kazakistan bagimsiz bir devlettir.

Құрметті Невзет Үналык мырза, өтінемін, Қазақстанның ішкі шаруаранына кедергі келтірмеңіз. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет! 

Айжан Хамит

("Фейсбуктегі"жеке парақшасынан алынды)

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313