ҚАЗАҚ КОМЕДИЯЛАРЫ НЕГЕ АУЫЛДЫ ЖЕР ҚЫЛЫП КӨРСЕТЕДІ?
Неге қазақтың комедияларының бәрінде ауылды жер қылып көрсете береді? Қай комедияны қарасаң, ішінде орысша сөйлей алмайтын қазақтар, қалай киінуді білмейтін қазақтар, беттері әжім-әжім, шаршап қалған қазақтар, ескі үй мен ескі көлік мінетін бейшараның бәрі қазақша сөйлейтін қазақтар... Біле-біле білсеңдер, ауыл сол қазақтарды қазақ қылып отырған...
Айналайын, режиссерлер мен сценаристер, ауылдан басқа объект жоқ па халықты күлдіретін, әлде әдейі ауыл халқын мазақ қылу керек пе? Неге қазақтар орыс тілінде сөйлесе ғана мықты, ал қазақша сөйлесе бейшара болып көріну керек?
Ауылды күлкіге айналдырған қазір есіме түсіп отырған фильмдер:
Гламұл для дур (Асқар Ұзабаев)
Бизнес по-казахски (Нұрлан Қоянбаев)
Келинка Сабина (Нұртас Адамбай)
Осторожно, Корова (Баян Есентаева)...
Нұрлан Жанай
Facebook-тегі парақшасынан