Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Деп жатыр 5523 0 пікір 13 Ақпан, 2017 сағат 17:00

БРУКЛИН ОҚИҒАСЫ

Нью-Йорктегі ең үздік полицей - қазақ жігіті деген былтырғы жаңалық күллі әлеуметтік желіде жайылып кеткенін жұрт естен шығара қоймаған болар. Сонымен, Ниязовтар жанұясы жайында не білеміз?

Нью-Йорктегі ең үздік полицей – қазақ!

26 жасар Димаш Ниязов сол кезде есірткі саудасын жолға қойған баукеспенің нақ өзін құрыққа түсіреді. Оған дейін соның екі жандайшабын тұтқындаған болатын. Сол кезде кісенделген біреудің ұялы телефоны( адвокаты келгенге дейін АҚШ полицейлерінің ұсталған адамның жеке мүлкін алып қоюға қақысы жоқ) дамылсыз шырылдап қоя берген. Көзінің бір қиығын телефонға салған Димаш Ниязов белгілі қылмескердің бүркеншік атын көре қояды. Сол атты енді өзі бүркеніп, ол әлеуметтік желіге кіреді де, есірткі саудагерлерімен хат алыса бастайды. Сөйтіп, тасада тығылған баукеспе басшысына шығады... Білекті де жүректі жас жігіт марапатқа да кенеледі, қызметі де өседі.

Күн сайын шығатын The Wall Street Journal газеті ол жайында мақала жариялап, Димашты эммигранттардың бәріне үлгі ретінде қойды. Американдық телеканалдар қылмыскерлерді ұстау фактісін негізге ала отырып, оны кәсіби бокспен айналысатын жалғыз американдық полицей ретінде көрсетті.  

Нью-Йоркқа Ниязовтар отбасы, турасын айтқанда әуелі отағасы   Исмат Ниязов спортың арқасында келеді. Ол Алматыдағы республикалық балалар спорт мектеп-интернатында оқиды, бокста едәуір жетістіктерге  жеткенмен, мансапқа бой ұрмайды, есі-дерті теңізде болатын.    1985 жылы әскердегі азаматтық борышын өтеп шыққаннан кейін, Архангельск қаласындағы теңізшілер училищесіне оқуға түсіп, сонымен қатар  Ленинградтағы  теңіз академиясында сырттай оқи бастайды. Сөйте жүріп, спорттан бір сәт те қол үзбейді.  

1997 жылы әуелі   Нидерландыға, одан әрі Нью-Йорқа жол тартады. Сонда жүріп,  кикбоксинг пен тай боксынан тәлім бере бастайды. Ал, шәкірттері көшілгері нәтиже көрсете бастаған кезде, Исмат Ниязов АҚШ азаматтығын алып, жанұясын мұхиттың арғы бетіне көшіріп алады. Америкакда спортпен шын ықыласпен айналысатындарға құрметпен қарайды. Табысқа жетудің айнымас жолы екенін аңғарған мен  екі ұлымды да спортқа баули бастадым, - дейді Исмат.

Димаштың талабы жақсы еді, жеңіске деген жігері жанып тұратын, Нью-Йоркте чемпион атанып, Буфалода күмістен алқа таққанда, мен оны кәсіби  спортқа ауыстырдым.

Америкада – бизнес, жүрегім Қазақстан деп соғады

20 жыл бойы Америкада өмір сүріп келе жатқан Исмат Ниязов жүрегім Қазақстан деп соғады деп ағынан жарылады. Нью-Йорктағы өз адамымыз: «қазақтар менің үйіме қонаққа жиі келеді» дейді. Осыдан екі жыл бұрын Лас Вегаста бокстан чемпионат өтті, сонда бір-екі күнге қазақ боксшыларының бапкерлері қонақ болып қайтқан.

- Промоутерлікпен де айналысамын, осыдан бес жыл бұрын Американдық екі досыммен үлкен спорт  залын ашып алдым, онда олимпиада спортының: бокс, күрес, таеквандо, каратэ секілді түрлерінен жаттығу жүргіземіз. Сонымен қатар еліміздегі спорттың дамуында қадағалып отырамын, - дейді Исмат Ниязов. – Соңғы жылдары біздің елде спорт жақсы дамып келеді. Күллі әлем біздің зілтеміршілерді, хоккейшілерді, тіпті пара спортшыларымызды жақсы біледі. Спорт өздігінен дамымайды. Оған ерекше ықылас керек. Оның дамуын қадағалайтын ведомство тарапынан мақсатты жұмыстардың жүргізілгені жөн.

Үлкен ұлы Димаш кішкентайынан алдыға қойған мақсаттарына жету үшін, ешнәрседен аянбайтын. Кәсіби бокстан әлем чемпионы болам деді – болды!  Димаш қазірге дейін он кездесуін өткізді. Бәрінде де жеңіске жетті.

Мансабын да естен шығарған емес, полиция академиясына емтихандар тапсырып, қызметке шақыру алды. Ақпан айының басында Димаш отбасын құрды. 23 жасарұлым Қуаныш та үлкен ағасының ақылымен полиция академиясына емтихан тапсырған. Әзірге қызметке шақыру келе қойған жоқ, бірақ ол қол қусырып отырмады, программисттік кәсібін жетілдіру үшін, колледжге құжаттарын өткізді.

Американдық тәртіп сақшыларының артықшылықтары да бар екен. Мәселен, жолда кетіп бара жатқан мені әлдеқандай полицейлер тоқтата қалған жағдайда мен полицейдің әкесімін деген арнайы анықтама карточкасын көрсетсем, мені сөзге келмей жібере салады.

Ұртоқпақ!

Басты кейіпкерімізге оралайық. Жуырда жерлесіміз Димаш Ниязов біз мақтан тұтатындай тағы бір оңды іс атқарды. Американдық ALDAMISA Entertainment фирмасы туралы мәліметтерді тауып, Қазақстан тарабына жеткізуге қол үшін берді. Ия, сол баяғы аты  шулы «Феникс» киножобасына қатысы бар деген  режиссер Талғат Жәнібеков пен продюссер Тұңғышбай Жаманқұловтың тілге тиек етіп жүрген компаниясы. Бұлыңғыр дүниеге үш миллион доллар қаржы талап еткен алаяқтардың жолын кескен Қазақстан Мәдениет және спорт министрінің бұл әрекеті расында-ақ, атап өтуге тұрарлық жәйт. Әпербақан екеу халықтың ақшасын ала алмай сан соқты емес пе.

ALDAMISA Entertainment американдық фирмасы турасында дербес тергеу жүргізуді американдық полицейдің әкесі инициатива танытты.

- Ресейдің Aldamisa RUS фирмасы американдық ALDAMISA Entertainment фирмасының «серіктесі» деп мәлімдеген режиссер Талғат Жәнібековтың әңгімесінен кейін американдық фирманың қызметін тексеріп көрейін деген ынтызарлық оянды. Шынында да, министрдің күдігі бекер болмай шықты. Қосымша қаражаттың бөлінуіне   тоқтау салғаны дұрыс екен, - деп әнгімелейді Исмат Ниязов.

Америкада оның бірнеше, соның ішінде жеке үйлерде де мекенжайы бар екені анықталды. Ал ең сорақысы сол  бұл  компания банкке де, актерларға да, жұмысшыларға да қарызға белшесінен батып, соттасудан көз ашпауда. Ал атақты актер Майк Кафф ALDAMISA оған мексикадағы фильм түсірілімдері  үшін ақы төлемеді деген айыптауынан соң, компанияның қызметі тоқтатылған болатын.

Сөйтіп, «Феникс» киножобасының  ұйымдастырушылары жымысқы әрекеттерін жүзеге асыра алмай, американдық ALDAMISA Entertainment секілді ұртоқпаққа ұрынды.

Арайлым Мелдешова

Abai.kz

0 пікір