Сенбі, 23 Қараша 2024
10634 0 пікір 11 Ақпан, 2017 сағат 22:47

"КӨК КИТ" ФИЛИПП - ӘЗІРЕЙІЛ МЕ?

Өткен аптадан бері ел ішін «Синий кит», «Тихий дом» дейтін ғаламтордағы ойындар дүрліктіріп жатыр. Қазір бұл аты шулы сөздерден жасөспірім бала түгілі, ақыл толысқан ересектер де шошитын болды. Әлеуметтік желі де шу болып, талқыға түскен ойын осыдан екі жыл бұрын, яғни 2015 жылы Ресейде шыққан.

Адамды суицидке мәжбүрлейтін қауіпті ойынның шырмауына шатылғандардың дені жасөспірім балалар. Олар небәрі 12-16 жаста. Оқушылар өздерін ешкімге  керексіз сезініп, ата-анасының әр сөзін негативті тұрғыдан қабылдайтын кезеңдер болады ғой. Осыны дөп басқан ойын авторлары арам ойын жүзеге асырады екен.

Ойын 50 кезеңнен тұрады

Психологиялық депрессияда жүрген балалар әуелде «Синий кит», «Тихий дом» деген парақшаларға тіркеліп, басында қызығушылықпен ойнап көреді. Бәле сосын басталады. Осындай атаулармен 2015 жылы 8 парақша ашылған. Ал, қазіргі уақытта 450 парақша тіркелген. Жеткіншек жұмысын фото есеп ретінде өз парақшасына "#синийкит  #явигре  #разбудименя420" деген хэштегтермен фото сурет салады. Әр тапсырма сағат: 4:20 да адам ұйқылы ояу жүретін кезеңде жүзеге асады. Модераторлар мақсаттары орындалғаннан кейін телефон номерін алады. Алғашқы тапсырма: «Ұстараның жүзімен қолыңа киттің суретін сал» деп келеді. Сонымен қатар, парақшаның ұсынған әуендерін тыңдап жүріп, ойынға қалай беріліп кеткенін түсінбеген бала одан әрі тапсырмаларды жалғастыра береді. Айта кететін жайт, ойынның 50 кезеңнен тұратын себебі: модераторлардың жіберген сілтемелеріне кірген қатысушының IP номерлері сақтала береді.

Енді соңғы тапсырма, «Өзіңді өлтір, не асыл, не секір» деп келеді. «Мен олай жасай алмаймын» деген жауапқа олар: "Біз көметесеміз" деп қорқытады. Жіберген сілтемелерге кіру арқылы жеткіншектің IP номерлері сақталып қалған. Сол арқылы балаға үйінің адресін, пәтер номерін жіберіп, «сенің туыстарыңды, ата-анаңды өлтірсін демесең, өзіңді өлтір!» деген хабарлама келгеннен кейін жеткіншек таңдауын жасап, өзіне қол жұмсайды.

Неге «Синий кит»?

Көк кит - суицид жасаушылардың символы. Көк киттердің басым көпшілігі судың толқынымен теңіз жағасына шығып қалып өздерін өлтіреді. Бұл мағынаны білген бала өзін көк кит тәрізді жалғыз сезініп, өмір теңізінің жағасында өлуге талпынады.

Ұйымдастырушылар кім?

Бұл ойынды ұйымдастырушы Филипп Лисс есімді 21 жастағы жігіт. Алғашқы мақсаты пабликке адам жинау арқылы атақты болу болған. Және сол арқылы қызықты ойындар ойнатуды жөн көрген. Ол өз сөзінде «Менің парақшамда суицидті насихаттайтын ешнәрсе жоқ» деп ақталған.

Бұндай әрекетке барған адамда ес бар ма?

Мұндай ессіз әрекетке барған адамның күрделі психологиялық ауытқуы бар деп санауыңыз мүмкін. Иә, кем дегенде 15 жасөспірімнің қыршыннан қиылуына себеп болған Филипп Лис «Биполярным расстройством личностей» психологиялық ауруынан зардап шегуде. Балалық шағында шешесі мен ағасынан көп соққы жеген. Сондай-ақ, «Филипп Листің» шын аты-жөні Филипп Будейкин. «Лис» деген лақап атты қосып алғаны да себепсіз емес. Әдетте түлкілер өз жемтігіне бір секіреді де, артынан жалт беріп қашқан болады да тап беріп, жейді. Осыншалық зұлымдыққа толы атауларды таңдауы да оның жәй ғана психологиялық ауытқуы бар адам дегенге сеніңкіремейсің. Филипп Будейкин 2016 жылдың қараша айында ұсталып, желтоқсан айында психологиялық ауытқуы бар адамдардың ауруханасына жатқызылған. «Лис» қолға түссе де, адам өлімі азаяр емес. Яғни, ұйымдастырушы тек бір адам емес, топ болып жұмыс жасайтын адам шошырлық  істе Мирон Сетх есімді тағы бір адамның есімі мәлім. Әлі ұйымдастырушы модераторлар іздестірілуде. Ал «Лис» болса, өзінің жандайшаптарының ешбірінің атын атамай отыр.

Рина Полинкова деген кім?

Соңы суицидке әкелетін бұл ойынның алғашқы құрбаны 2015 жылы пойыз релсіне басылып қаза тапқан Рина Поленкова есімді 16 жастағы колледж студенті. Ол өмірінің соңғы минутында пойызбен селфи жасап, вконтактедегі парақшасына «Ня, пока» деген жазбамен сурет салып, келе жатқан пойыздың релсіне басын қойып, қаза тапқан.  Ринаның өлімнен кейін, Эля  есімді 12 жасар қыз 14 этаждан секіріп, өзіне қол жұмсаған. Осы оқиғалардан кейін артынша жасөспірім ер бала тамырын кесіп, қыршыннан қиылған.

Қазақстандықтар да көк киттің құрбаны болды

Ресейді даурықтырған бұл мәселе Қазақстан, Қырғызстанмен қатар Кавказ елін де шулатты. Қарағанды қаласында өз өзіне қол жұмсаған 19 жастағы студент қыз осы ойынның құрбаны болды деген күдік бар. Туыстарының айтуы бойынша бойжеткеннің вконтакте группасында «Синий кит» деген топ табылған. Қырғызстандағы сегізінші сынып оқушысы көпқабатты үйден секіріп қаза тапты. Сондай-ақ, Осетиялық 15 жастағы ер бала өзіне қол жұмсар алдындағы өз хатында: «Мен өлдім, және менің бақытты күлкіммен өлгенімді біліңдер. Барлығы «мама, мен өлдім» группасының басшысы айтқандай болды» делінген.  Тек өлім туралы жазбалар жариялаған жеткіншектің соңғы  жазбасында «Ештеңені кері қайтара алмайсың» деп жазылған. Қазір елімізде осы ойынға қосылушылар саны көбейген.

Жасөспірім жеткіншектердің өлімі бойынша Ресей бірінші орында тұр. Бір жылда өз өзіне қол жұмсаған жастар саны 130-ға жеткен. Қазақстанда суицид бойынша алдыңғы қатардан орын алады.

Елімізде  виртуалды өмірдің кейіпкерлері болып жүргендер көп.  Балалардың алаңында қыбырлаған жан жоқ.  Осыдан  5-6 жыл бұрын балаларын ойыннан үйге кіргізе алмайтын ата-аналар қазір шығара алмайды. Тіпті, шығаруға талпынбайды да. Себебі, бүгінде жұмыстан қолдары босамайтын әке мен шешеге тек тыныштық керек. Ал, ол тыныштықты техника дамыған заманда баланың қолына беріп қоятын ұялы телефон сыйлайды. Тым-тырыс тыныштықтың ішінде қанша қауіп, қанша беймаза дүниенің барын ескермейді.

Көліктің терезесінен лақтырылған бала,  әжетханада тастап кеткен бейкүнә сәби, қоқыс жәшігінен табылған кішкентай бөбек. Қоғамдық әділетсіздіктен іштері күйіп, өз өзін өртеген жасөспірімдер. Моншақтай тізілген  жан түршігерлік оқиғалардың үзілмеуі, адам санасының жақсыға емес, жаманға үйірлігі. Осындай мәселелердің қатарын қиындық дегеннен хабарсыз жеткіншектердің өлімі толықтырмауы керек.

Сіздің балаңыз қазір не істеп отыр? Соны ойлаңыз!..

Шыңғыс Бердіқожа

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377