Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3210 0 пікір 9 Ақпан, 2017 сағат 10:43

Талдықорған көркімен көзді тәнті етті – Нығматулин

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Мақсаты Елбасының жаңа Жолдауын насихаттау, өңір тыныс-тіршілігімен танысу, - деп хабарлайды өңірдегі тілшіміз.

Нұрлан Нығматулин Алматы облысына іс сапары Іле ауданынан бастады. "Aiuminium of Kazakhstan" серіктестігіне қарасты "Hoffmann" зауытында болып, еңбек ұжымымен кездесті. Оларға Президенттің елді елеңдеткен соңғы  2 үндеуінің мән-маңызын түсіндіріп, Жолдау жүктеген міндеттерге терең шолу жасады.

Одан кейін, Жетісу өңіріндегі ең ірі  шаруашылықтардың бірі "Хильниченко и К"-ның жұмысымен танысты. 4 ауылдың тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып отырған  қожалық  39 мың гектар жерге иелік етеді.  Былтыр соның 320 гектарына  қант қылшасы егілген болатын. Одан гектарына 716 центнерден  тәтті түбір  жиналды. Серіктестіктің   жыл сайын техникалары да жаңарып, материалдық базасы жақсарып  келеді. Ал былтыр шаруашылықтың тауар айналымы 1 млрд теңгеден асқан. Бұл қожалық  тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш.  Осы орайда шаруашылық  басшысы жан-жақты қолдауы үшін  үкімет пен облыс әкімшілігіне алғысын  білдірді.

Алматы облысындағы ірі шаруашылық  жұмысымен танысып болғаннан кейін, Нұрлан Зайроллаұлы еліміз бойынша ең алғашқылардың бірі болып электронды жүйеге көшкен Ескелді ауданының  орталық ауруханасын аралап шықты.  Ауруханада 2008 жылдан бастап  толықтай электронды  медициналық  құжаттауға көшкен.  Қазір емделуге келген әр адам  төлқұжатын көрсетсе болды, компьютерде науқастың  емделу тарихы бірден шығады.   Аудан халқының игілігі үшін жасалып жатқан жаңашылдықтар ризашылығын білдірген Мәжіліс төрағасы Жолдауда осы денсаулық сақтау саласына зор көңіл бөлінгендігін айтып, «Денсаулық сақтау саласына мемлекет тарапынан қолдау көп. Болашақта бөлінетін қаражат көлемі артатын болады.   Ең бастысы қаржыны дұрыс игеріп, тұрғындарға барынша жақсы,   сапалы медициналық қызмет көрсетілуі керек» деді.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин Ескелді ауданының жұртшылығымен кездесіп, Елбасының Жолдауда¤Елбасының Жолдауда Е жүктеген міндеттерді орындауда жетісулықтардың қосары көп екендігін айтты.  «Өсіп-өркендеп келе жатқан облыс орталығын, аудандарда атқарылып жатқан істі көріп қуанып қалдым. Сіздердің облыс бүгіннің өзінде экономиканың нақты бағыттары бойынша өте жоғарғы көрсеткіштерге жетіп отыр. Облыс әкімінің еңбегін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасының өзі атап өткен болатын» деп атап өтті.

Жиын барысында, Мәжіліс төрағасы халықтың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Алматы облысында атқарылып жатқан игі істерге жоғары баға беріп, өңір тұрғындарын Елбасы жолдауын қолдап, Үндеуге үн қосуға шақырды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404