Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 13786 29 пікір 23 Маусым, 2017 сағат 13:52

Мамашев кетті... Abai.kz көтерген мәселелер шешімін тауып жатыр

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев қызметінен босатылды. Оның орнына елімізде талай жылдар бойы лауазымды қызмет атқарған Зауытбек Тұрысбеков тағайындалды.

Бұл құрылтайда сүйінші сұрайтын ақжолтай хабарлар жетерлік. Abai.kz ақпараттық порталы мен порталдың тұрақты авторы Ауыт Мұқибек үзбей көтеріп келе жатқан мәселелер оң шешімін табатын болды.

Біріншіден, "Отандастар" деген қор құрылып, шеттен келген ағайынға қол ұшын созбақ.

Екіншіден, шеттен көшіп келетін ағайыннан талап етілетін соттылық туралы анықтама алынып тасталады.

Үшіншіден, шеттегі қандастардың балаларына берілетін 2 пайыз оқу гранты екі есеге көбеймек.

Мемлекет басшысы бұрынғы бірінші орынбасары Талғат Мамашевқа алғысын білдіріп, Мамашевтің орнына атқарушы билікте лауазымды қызметтер атқарған, Қазақстанның РФ-дағы төтенше және өкілетті елшісі болған Зауытбек Тұрысбековтың кандидатурасын ұсынды.

Құрылтай делегаттары Зауытбек Тұрысбековтің кандидатурасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

«Үлкен сенімге көп рахмет. Бұл қызмет әр қазаққа бөлек дүние. Мен көп сөйлемеймін, істің адамымын. Ертеңгі күні бәрін іспен дәлелдеймін», - деді төрағаның жаңа бірінші орынбасары.

Редакциядан: Естеріңізге сала кетейік, Ата жұртына ат басын бұрып құйылып келе бастаған қазақ көші jосыдан 7-8 жыл бұрын мүлде тоқтап қала жаздады. "Оралман" мәртебелі ағайынға ҚР азаматтығы 5 жылға дейін берілмейтін болып Үкіметтің шешімі де шығып қойды. Ақ Ордадағы бұлықсыған ұлықтар (олардың қайсыбірінің қазір Ресейдің жансызы екені анықталып, мемлекеттік құпияны сатқаны, жария еткені белгілі болып жатыр) көші-қон мәселесін ауызға алуға болмайтындығын қатаң ескертіп, қасарысып баққанда Abai.kz порталы күрес жолынан танбады. Алыс-жақын елдердегі қазақ диаспорасының мәселесін күн тәртібінен бір сәтте түсірген жоқ. Сол үшін құзырлы орындардың тарапынан қысымға да ұшырады, тіпті, мемлекеттік тапсырыс бойынша алып отыратын қаржысының шекті мөлшерінен де қағылды. Ал биліктің қабағын баққандар, әрине, тонын айналдырып, тотыдай құбылып шыға келді, аталған тақырыпқа мүлде баспады. Біз бұны неге айтып отырмыз? Біреулердің жалтақтығын, жалтақтап жүріп жанбағатындығын бетіне басу үшін айтып отырмыз ба? Жоқ. Айтпағымыз: қашанда ұлт мұратын ту етуден, елдің сөзін сөйлеуден, халықтың мұң-мұқтажын жырлаудан тайынбайық та, табан аудармайық. Біз жұдырықтай жұмылып, бір сөзді болсақ, биліктегі ақкөздер алкеуделеніп қайда барады дейсіз?!

...дегенде міне, сүйінші хабар естіп, оны жұртқа жеткізіп отырмыз. Мерейіміз тасып, қуанып отырмыз. Сөйте отырып, өткен кеткенді де еске алып, бұрынғы көтерген тақырыбымыздың бірлі жарымын елдің есіне салып қойғанды да құп көрдік. Қараңыз:

Тұңғыш Президенттің «Көші-қон қорын» құратын мезгіл жетті!

Ауыт Мұқибек. Құрметті Серік Нығметұлы, еркіңізді елге неге билетесіз?! 

 «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ

АУЫТ МҰҚИБЕК: "КӨШІ-ҚОНДЫ РЕТТЕМЕГЕН КӘРІМ МӘСІМОВТІ СОТҚА БЕРЕМІН"

ОН ПАЙЫЗ ЖЕР ОРАЛМАНҒА ҚАЛСЫН!

Ауыт Мұқибек: ««Нағашыма хат» нағашымның қолына тиіпті»

Ауыт Мұқибек. Қазақ көшi осымен тоқтаса, Кәрiм Мәсiмов екiншi Голощекин атанады

БҰЛ ЖАҒЫНАН ДА ОРАЛМАНДАРДЫҢ БЕТІ ЖАРЫҚ!

Тарихта қалудың тағы бір өлшемі – Көші-қон

Қытайдан келетін қандастардың көші тоқтағалы бес жыл болды

Ауыт Мұқибек: «Оралмандарды «ұру» – қазаққа қарсы саясат

Ауыт Мұқибек. «Егемен» елінен кешірім сұрасын!

Қабылсаят ӘБІШЕВ: Мүйіз сұрап жүріп құлақтан айрылдық

Abai.kz

29 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364