Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3234 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 22:58

Советхан Айжан. Ата дәстүріміздің исламдық негізі

Ислам діні - адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан құдіретті діндердің бірі. Бұл діннің қанаты жайылған жерлерінде әрдайым ғылым мен білім дамып, адамзат адамгаршілік пен парасаттың шыңын ту еткен, құлазыған даланы сусындатып, бүкіл тіршілік иесіне мән берген.

Біз өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтарға сүйенер қуат алар мол рухани мұрасы бар халықпыз. Алайда, соңғы кездерге дейін «қазақтар көшпелі болды, жазу-сызуы дамымады, олардың арасында мұсылмандық жақсы тарамаған, патшалық Ресей кезінде «Бұратана халықтардың тарихы ежелгі мәдениеті жоқ» делінсе, Кеңес дәуірінде «олардың көзін Қазан төңкерісі ашты» деген жалған пікір, жалған идеялогия үстемдік алды. Бұны қайсыбір топ білімсіздігінен айтып, кайталай берсе, басқа бір топ идеялогиялық мақсаттармен әдейі саналы түрде яғни, шын мәнісінде тарихта олай болмағанын жақсы біле тұра құптап отырды. Сөйтіп халықтың санасын осы сарында бағыттап тәрбиеледі. Әйтсе де, біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тарихы тереңде жатыр. Ол ғана емес әдеп-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Олай болса Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі.

Ислам діні - адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан құдіретті діндердің бірі. Бұл діннің қанаты жайылған жерлерінде әрдайым ғылым мен білім дамып, адамзат адамгаршілік пен парасаттың шыңын ту еткен, құлазыған даланы сусындатып, бүкіл тіршілік иесіне мән берген.

Біз өзіндік ділі, тамыры терең құндылықтарға сүйенер қуат алар мол рухани мұрасы бар халықпыз. Алайда, соңғы кездерге дейін «қазақтар көшпелі болды, жазу-сызуы дамымады, олардың арасында мұсылмандық жақсы тарамаған, патшалық Ресей кезінде «Бұратана халықтардың тарихы ежелгі мәдениеті жоқ» делінсе, Кеңес дәуірінде «олардың көзін Қазан төңкерісі ашты» деген жалған пікір, жалған идеялогия үстемдік алды. Бұны қайсыбір топ білімсіздігінен айтып, кайталай берсе, басқа бір топ идеялогиялық мақсаттармен әдейі саналы түрде яғни, шын мәнісінде тарихта олай болмағанын жақсы біле тұра құптап отырды. Сөйтіп халықтың санасын осы сарында бағыттап тәрбиеледі. Әйтсе де, біздің әдебиетіміз бен мәдениетіміздің тарихы тереңде жатыр. Ол ғана емес әдеп-ғұрпымыз бен мінез-құлқымыз өмір салтымыз, тәрбиеміз, менталитетіміз де Қазан төңкерісі әкелген жасанды арзан құндылықтарға емес Ислам мәдениеті негізінде қалыптасқан. Олай болса Ислам біз үшін тек дін ғана емес, рухани мұрамыздың қайнар көзі.

Тарихқа үңілсек, мұсылмандық орта Азияға, оның ішінде Қазақ еліне біздің дәуіріміздің VІІІ ғасырында бастау алып, X-XІІ ғасырларда шарықтау кезінен өткен. 751 жылы Талас бойында Қарақытайлар мен мұсылмандар арасындағы шешуші шайқаста мұсылмандардың жеңісімен аяқталды. Екінші діни-мәдени өрлеу Алтын Орда кезінде Қазақстанның далалық аймақтарында толық және біржолата ислам үстемдік құрып, осы негіздер сақталғандықтан қазақ хандығы толыққанды мұсылман мемлекеті ретінде дамыды.

XVІ-XVІІІ ғасырларда қазақ қоғамы қаймағы бұзылмаған дәстүр ретінде, әлемдік тарихтан өзіндік орнымен көріне білді. Ислам діні қазақ қоғамының, мәдениетінің, идеялық құқықтық, саяси және рухани адамгершілік негізі болды. Халықтың салт- дәстүрін алсақ, қайсысында болсын дін исламның басымдылығы анық көрінеді. Жаңа туған нәрестенің құлағына азан шақырып ат қою, сүндетке отырғызу, неке қию, өлім-жітімге, халық медицинасына байланысты түсініктер мен әдет-ғұрыптар барлығы шариғат негізінде жүзеге асқан. Иcлам діні тек ақсүйектер мен билеуші топтың діні емес, халықтық сипат алған жалпы ұлтқа тән дін (менталитетная религия) болып орнықты. Ауыз әдебиеті үлгілеріне тоқталсақ, олар халықтың мұсылман дініне деген зор құрметі мен сүйіспеншілігін көрсетеді. Орта ғасырдан бертінге дейін, әсіресе, шығыста XX ғасырға дейін діни құндылықтардың қоғамдық санаға ықпалы өте күшті болып, жетекшілік маңызы айқын сақталып отырды. «Ислам қазақ этносының ұжымдық белгілерінің ажырамас бөлігіне айналуы өз алдында, сол ұжымдық бірлікті нығайта түсетін фактор болғанын, қазақ санасында этникалық және діни ұстанымдар біте қайнасып, байланысқан» - деген ойды А. Сұлтанғалиева өз еңбегінде алға тартады [1]. Ата дәстүріміздің исламдық негізін саралап, өз шығармаларында шариат жолын, адалдықтың, адамгершіліктің, имандылықтың ақ туын арқау етіп, діни дәстүрдің исламдық негізін насихаттаушы ғұламаларға тоқталсақ, орта ғасырда қазақ топырағында туып, ғұмыр кешкен әрі шығамаларын жергілікті халықтың тілінде жазып олардың рухани өміріне жаңаша бетбұрыс жасаған мұсылман ойшылдары Жүсіп Баласағұн, Ахмет Игунеки және Ахмет Иассауиді айтуға болады.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» атына сай екі дүниеде де құтты пайдалы болу үшін тура жолды көрсету мақсатымен жазылған шығарма. Бұл тура жол - Құран кәрім және сүннет жолы. Ақын осы екі қайнар бұлақты түркі тілінде жеткізбек болған. «Пейіл бұрдым енді оның жолына», - деп Аллаһ елшісінің жолы адамдарды бақыт пен шаттыққа жетелейтін жол екенін нұсқап, Пайғамбарымыздың хадистері мен сүннетін ұстануды уағыздаған. Ұлы ойшыл шығармасында арқау еткен хадистер халық санасы мен көкірегінде құйылып, ата-бабалар өмірінің даңғыл жолында дәстүр ретінде ұстануын аңғару үшін «Құтты біліктен » үзінділер келтірсек;

1. Мұсылманға мұсылман бір туысқан.

Туысқанмен жұлыспай, жөн ұғысқан» [2]

Хадис: «Мұсылман - мұсылманның бауыры, оған зұлымдық жасамайды, оны қатерге тастамайды»

2. Алыстаса сенен туыс- қарындас,

Ей, бауырым, оларға өзің жақындас.

Егер күшті күш көрсетіп қинаса-

Кешір оны, діннің жолын сыйласаң» [3]

Хадис: «Сенен алсытағандарға сен жақында, саған бермегендерге сен бер, саған зұлымдық жасағандарды кешір»

Ақын осылайша халықты исламның ізгі нұрымен сәулелендіріп, әрі хадистерді қолдану барысында «Хазірет Пайғамбар былай деген еді» деп жатпай, тікелей өлең шумақтарының арасына енгізіп жіберу сол кезеңдегі ата-бабамыздың бұл хадистерден хабардар екенін байқатса, Ахмет Игунекидің «Ақиқат сыйында» адам сабырмен қиындықтарға төзіп, әділетті ту етіп, адал еңбегімен күн көріп, басқаны орынсыз тілдемей, айналасындағылармен тату-тәтті күн кешуді, мына жалған фәниде дүниенің құлы емес, Жаратушының құлы болуды насихаттайды.

Қазақ халқының жүрегінде пайғамбарға деген сүйіспеншіліктің таралуына атсалысқан ғұламалардың бірі - Ахмет Иассауи бабамыз. «Диуани хикметтінде»:

«Он сегіз мың ғаламға даңқы шыққан Мұхаммед,

Отыз мың сахабаға басшы болған Мұхаммед.

Жалаңаштар мен аштарға қанағат болған Мұхаммед,

Кемтарлық көрген үмбетке шапағат болған Мұхаммед.

Түнде жатып көз ілмей, тілейтұғын Мұхаммед,

Ғаріп пенен жетімге құрмет қылған Мұхаммед.

Жолдан азған күнәһарға қамқор болған Мұхаммед,

Күні түссе әркімге пана болған Мұхаммед, - деп Пайғамбарымыздың әртүрлі сипаттарын атай отырып, халықтың жете тануына жол аша білді.

Ахмет Йассауи шығармасында жалпы халықты Пайғамбарымыздың тура да, хақ жолына бастап, соған шақырады:

«Үмбет болсаң, Мұстапаға ерер болғыл,

Айтқандарын жан-тәніңмен сен де алғыл ....

Сүннеттерін бекем тұтып, үмбет болғыл,

Күндіз -түні мадақ айтып, ұлпат бол» [9]

Жоғарыда айтылған үш ғұламаның еңбектерін зерделегенде қазақ даласында қазақ ұлысын құрған тайпаларға олардың көп әсер еткенін айтуға болады. Кез келген адам қоғамдағы құбылыстар мен салт-дәстүрге, мәдениетке тәуелді болғандықтан, бұл үш шығарма олардың өмір сүрген ортасын суреттеп, сол кезеңде қазақ даласында ислам дінінің және халықтың діни хал ахуалының қандай деңгейде болғандығынан сыр шертеді.

XV ғасырда Қазақ хандығы құрылған кезеңде оған кірген халықтың бәрі мұсылман еді. Әйтсе де, монғол шапқыншылығы тұсында аймақта ислам дінінің ықпалы азайғанымен де, халқымыз хан-сұлтандармен бірге өздерін мұсылман санап, Құран оқып, қажылыққа барып, балаларын медресеге беріп, оразаларын тұтып, некесіз үйленбеген.[10]

Елді басқарып, туды көтерер хандарымыз рухани фактор, дінге ерекше ден қойған. Мәселен, Қасым ханның жеке басының діндарлығы, Бұхара шейхы Абу Бакр Саадтың мүриді болғаны, Тәуекел, Есім хандардың нақшбанди софыларымен одақ құрғаны, Абылай, Әбілхайыр хандардың тұсында, яғни, XVІІІ ғасырда ислам идеялары билеуші саяси элита үшін айрықша күшке айналды. Орыс деректерінде Абылайдың жасыл туы туралы, Қытайдың мәдени-діни ықпалынан сақтану үшін, мұсылмандықты берік ұстанып, дәстүрдің алтын дінгегі ретінде қабылдауды халқына міндет еткені жайында нақты деректер сақталған.

Дін мен мәдениет синтезі шариғатты әдебиетпен, поэзиямен, музыкамен ұштастырып насихаттаудың жарқын көрінісін паш етеді.

Ұлттың тұғырын көтеріп, даңқын асқақтатар рұхани, мәдени дәстүрдің өкілдері ақын-жыраулар, сазгерлер мен сал-серілердің діни сауаты жоғары болған. Олар Құранды, араб, парсы тілдерін, мұсылман классикалық «Китаби» әдебиетті жақсы біліп, шариғат заңдарын ұстанып, арасында «қажы атағына» ие болғандары да кездесетін. Тіпті, кейіннен ақын-жырауларымыздың өлең-жырларын алғаш халық арасынан жинаған орыс миссионерлерінің өлең-жырдағы діни мотивтердің көптігі таң қалдырған.[11]

Ауылға келген дін өкілдерін, ақында мен шешендерді ата-бабамыз зор құрметпен қарсы алып, олардың діни сарындағы қиссаларын, шариғат сөздерін, өнеге алатын мысалдары мен хикаяларын зор қызығушылықпен тіпті көздеріне жас алып, елжірей тыңдайды. Діни қиссалардың қазақ халқының дүниетанымын қалыптастырудағы маңызды рөл атқарғанын Ш. Уәлиханов пен В. Радлов «Жұм-жұма» атты қиссаны жазып алып, осы қиссаның қазақтарды діндар етуге ықпалын сөзбен айтып жеткізу қиын екенін айтады. [12] Халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, өмір салтында, құран оқу, оны қастерлеу ерекше мәнге ие болған. Дастархан басында, той жиындарда сыйлы қариялар мен діндар көсемдер міндетті түрде Құран оқып, бата берген. Қазақтың бата сөзі арабтың «фатиха» деген сөзінен, яғни құранның бірінші және ең қасиетті сүресінің атауынан шыққан.

Халқымыздың дінге деген зор ықыласының жоғарылығы соншалықты, ислам дінінің бес парыздарының бірі болып табылатын Қажылық мәселесінде шама-шарқынша қиындықтарына қарамастан, қажымас қайратпен атқаруға тырысты. Жолдың қиындығы соншалықты кейбірлері мақсаттарына жете алмай шейт болғандары қаншама. Орта ғасырда, Жаңа дәуірде Дешті Қыпшақта, Сырдария өңірінің Маңғыстаудан Меккеге қасиетті борышын өтеуге аттанып, Пайғамбарымыздың ізі қалған жерді көруге ынтық болған қазақтар көп кездеседі. Ағылшын саяхаттшысы Дженкинсон өзімен бірге керуенде Дешті Қыпшақтан «қассақ, діндері мұсылман» бірнеше адам Меккеге қажылыққа бара жатқанын айтады. Ерте кезеңдерде қажылыққа бару Орта Азия тұрғындары үшін нағыз ерлік болып саналды. А. Вамбери бертінге дейінгі жағдайды сөз еткенде үштен бірі тірі келмейтіндігін жазады.

Қорыта келсек, халқымыз исламның нәрімен сусындалып, дәстүрінің дәнегі мен тіршіліктің тірегіне арқау еткен қазақтарды исламнан ажыратып, «жабайы көшпенді» етіп көрсету, белгілі бір идеологиялық мақсаттың сарыны, халқымыздың көзі ашық, көкрегі ояу екендігінің дәлелі сол ежелгі дәуірдің өзінде өркениеттен қалыс қалмай, Түркия, ежелгі Иран, Үндістан елдерімен саяси дипломатиялық қарым-қатынаста бола отырып, білім-ғылым іздеген қажылық міндеттерін атқара жүріп, қазақтар Бомбейде, Ыстанбұлда, Каирде, кейінірек Еуропаның калаларында болып, шетел мәдениеті, тарихи ескерткіштері, мұражайларымен, кітапханаларында болғандығын дәлелдейтін фактілер жеткілікті. Мысалы; Шәкерім қажы Ыстамбұл және басқа қалалардың кітапханаларында тарихи әдебиетпен танысып, өз еңбегіне арқау еткені білімін жетілдіріп қайтқаны тарихи шындық.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Султангалиева А. Ислам в Казахстане: история,этничность и общество. Алматы, 1998.

2. Құтты білік, 500-б

3. Құтты білік, 333-бет

9. Хикмет, 401-б

10. Д. Молдобаева, Казакларын Зухуру ве казак ханлығынын курлушу, (маг.дис-я), 52-б Анкара, 2000

11. С.Малов, Байраш китабы, О татрах евреях и других инородцах в Россиской империй. 17- б Казан 1999 ж

12. Радлов В.В. образцы народной литературы тюркских плнмен. 21-б., 1870.

Автор Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының Дінтану мамандығы бойынша ізденушісі

 

«Ақиқат» журналы

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394