Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2694 0 пікір 10 Қараша, 2010 сағат 11:51

Бахтияр Бабажанов: «Жәрия зікіршілер әрқашан конформист болған, және мемлекетпен ынтымақтасуға дайын»

Исламды ілімі өте икемді. Оның жергілікті ерекшеліктерге, салт-дәстүрлер мен мәдени-тарихи болмысқа бірден сіңіп кете алатын қасиеті бар.

Қазір жұрт жаппай зікірді жамандап, оны архаикалық дүние, ескіліктің қалдығы, бізге мұның қажеті жоқ деп сөгетін болды, бұл - үлкен қателік. Кейбіреулер «қазір әлемде модернизация жүріп жатыр» дейді. Ал сол модернизация дегеніміз халықтың рухымен, жүрегімен байланысты болмауы керек деп кім айтты? Модернизация  кезеңінде бізге моральдық тұрғыдан тазалану керек жоқ деп кім айтты? Модернизация мен индустрализация адамдардың психикасына салмақ түсіреді. Ендеше жаһандану дәуірінде біздің психикамыздағы кернеуді тарататын технологиялар керек емес деп кім айтты? Еңсені түсіріп, есіңді есеңгірететін күнделікті тіршіліктің құбылыстары - жай ғана жолдан өту, автокөліктің рөлін ұстап отыру т.б күйбең тірліктің істері санаға салмақ түсіретінін дәрігерлер әлдеқашан ескертіп қойған.

Жалпылай алғанда, қаланың тіршілігі жүйкені жұқартушы себеп. Ал жәрия зікір арқылы рухани елжіреп, көңілді тынықтырады, бұл күй «тасқын» деп атайды. Яғни рухани психологиялық тыныштық орнату. Тіпті Батыста да мұны түсініп, суфизмге бет бұрып жатыр (толыққанды интеллегент, интелликтуал адамдар).

Еуропаның қазіргі танымына назар аударыңызшы, мығдаған, ондаған мың адамдар жәрия зікірге қатысады. Технократиялық өркениеттің барлық стресстерінен, рухани кемтарлықтан арылу үшін осы құлшылықтан баспана табады. Бұл феноменді мен де зерттедім, Америкадағы, Еуропадағы көптеген зікірге жүгінушілерден сұхбат алдым. Мысалы олар Жапония да бар. Ал бұл халықты біз буддизм арқылы адамның ішкі жан дүниесіне кеңінен есік ашқа

ұлт ретінде есептеп жүрміз ғой. Неліктен сол жақта зікірге деген ынта-ықылас кенет артып кетті? Мен бұл құбылысты Жапониядан көріп таң-тамаша болдым. Көз алдарыңызға елестете аласыз ба, жапондықтар «лә иләһа илля Алланы» айтып дауыстап зікір салып отыр. Бұл өте қызық қой.

Яғни біз, Сопылық дәстүрді қанша жерден «архаика» деп айыптағанымызбен, суфизмнің қазіргі заманауи көрінісі адамның шынайы  болмысын заманымызға бейімдейтін лайықты тәсіл болып есептеледі.

Иә, біз посткеңестік елдерге жатамыз. Бірақ, қазір Орталық Азия елдерде, оның ішінде Қазақстанда да түп-тамырымызды зерттеу жолында үлкен ізденістер жүріп жатыр. Өзбек тілінде бұл «ozliknianglash», ал, қазақ тілінде «өзіңді өзің тану» деп аталады. Бұл өте маңызды құбылыс.

Бізден «жаңа адам» жасап шығару мақсатында түрлі орасан тәжірибелер жасалды. Бізге «қазақ жоқ, өзбек жоқ тек қана кеңес елі бар» деген ұғымды сіңіргісі келді. Мінбеде тұрып, «бұл жаңа тарихи тұтастық» деп айқайлады. Құдайға шүкір, біз сонда да өз тегімізді ұмытқан жоқпыз, дәстүрімізді сақтап қалдық. Посткеңестік кезеңде біз дәстүрлі рухани құндылықтарымызға қайтып ораламыз деп жәрияға жар салдық. «Диуани хикметті» жариялауға, сопылық шығармаларды аударуға кірісейік сонда ғана өз тарихымыз бен өткенімізді түсінеміз дедік...

Бірақ, мұнымен іс бітпейді. «Ежелгі дәстүр» дегеніміз не? Сопылық дегеніміз осы... Нағыз мәдениеттің құндылыққа бай қыртысы, қайталап айтқым келеді, «нағыз мәдениеттің» деген сөзді қайталап айтқым келеді, «Саф», «таза» - қайнардай тап-таза мәдениеттің. Мұны түсіне білу, бағалай білу керек. Құдайға шүкір Қазақстан президенті Н. Назарбаев мұны түсінеді, оны өзінің сөздерінен байқауға болады: «нағыз ұлттық мәдениетімізге оралуымыз керек». Алайда сол айтылған сөздің орындалуы қалай болады? Сопылық дәстүрі енді-енді қайта тіріле бастаған кезде біз неліктен кенет шошынып қалдық...

Біз әрқашан «қазақылы, қазақылық» дейміз. Посткеңестік дәуірде қайдағы қазақылық? Иә, әдебиетіміз бар. Иә, біздің Абайымыз бар. Өзбекстанда да беделді әдеби дәстүр бар. Бірақ, оған кеңес дәуірінің ықпалы болғанын жасырмай айтуымыз керек. Қазақтың дәстүрлі «нағыз мәдениеті» жаңғыра бастағанда оған қайта тосқауыл қойылып, өсекке пен жалған қауесет тарала бастады...

Мен Мемлекеттік органдардың неліктен алаңдап отырғанын да түсінемін. Бірақ, алдымен мұның не нәрсе екенін зертттеп білу алу керек қой. Ожарлау естілсе де айтайын, мен мұны зерттеп жүрмін. Және әзірге ешбір қоғамға жағымсыз тұстарын байқаған жоқпын, қайта құптап отырмын. Мүмкін мемлекеттік органдар бұл жамағаттың әлеуметтік деңгейден саяси деңгейге ауысып кетеді деп алаңдап отырған шығар. Мұны қадағалап отырыңыздар, биліктің тізгіні қолдарыңызда тұр ғой. Бұл бір. Екіншіден, мен мұның (жәрия зікірдің) мыңжылдық тарихын білемін. Естіп қана қойған жоқпын. Түпнұсқа деректері бар. Кәдімгі ежелгі қолжазба деректері бар. Жәрия зікіршілер әрқашан конформист болған, және мемлекетпен ынтымақтасуға дайын болды. Бірақ ондағы мақсат - саясат емес, бұл олардың ғасырлардан қалған дәстүрі. Мұны тексеру оңай. Ол үшін біз қайндай идеологияны қарастырып отырғанымызға көңіл қою керек.

Сондықтан егер, дін мемлекеттен бөлек болғандықтан, мемлекет сопылықты ресми түрде жақтай алмаса, ең болмаса олардың жұмысына кедергі келтірмеуі керек деп ойлаймын. Әрине, діни және діни емес ұйымдардың барлығы бақыланып отыру керек. Саясат парасатты, пайдалы, таңдаулы шешімдерге құрылу керек. Бұл өте маңызды!

Бахтияр Бабаджанов тарих ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі

Аударған Сәкен Нұрқабекұлы

(Мақала Zonakz.net сайтынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534