Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2225 0 пікір 14 Қараша, 2010 сағат 21:57

Дулат Исабеков: «Жазушы болмасам, етік тігер едім»

- Осы сіз қатарлы жазу­шы­лар­ды қазір халық жақсы та­ни­­ды, бірақ бұл бедел қазіргі ең­бектеріңізден гөрі, бұрынғы жазғандарыңызға көбірек бай­ла­нысты сияқты. Ал қазіргі жас­тарға қалам сілтеу арқылы ха­лық арасында айтарлықтай бе­дел жинау мүмкін нәрсе ме?

- Мүмкін деп ойлаймын. Егер за­манына сай, озық үлгідегі шығармалар жа­затын болса, ол міндетті түрде халықты елең еткізеді. Ешбір дамыл алмай еңбек етсе, тобырдың арасынан суырылып шы­ғуға болады. Ондай адамға заман кедергі кел­тіре алмайды. Бірақ сондай жастарды мен көп көріп жүрмін деп айта алмаймын. Біздің кезімізде де жазатындар көп болды. Бірақ солардың арасынан Оралхандар секілді алғашқы шығармасымен-ақ жарқ етіп шыққандар халықты дарынымен мо­йын­датқан еді.

- Қазіргі жазушылар тек қана ашық­­хаттарға қол қоюмен ғана шек­теліп қалатын, билікке ешбір сөзін өт­кізе алмайтын әлжуаз күшке айна­лып кеткен жоқ па?

- Жазушылар әлжуаз күшке өздігінен ай­налған жоқ, оны айналдырды. Бұл еке­уі - екі бөлек ұғым. Мен билікті ғана айтып отырған жоқпын, оған әсер еткен фак­торлар көп. Қазір жазушылардың ара­сында билікке сөзі өтетін адам қалмады.

- Дегенмен қазіргі өзіміздің билікті Кеңес үкіметімен салыстырсақ, арасы жер мен көктей ғой. Сол замандағыдай қы­сым болмаса да, жазушылардың сал­мағы неге жеңілдеп кетті?

- Иә, рас. Кеңестік кезеңде қысым күш­ті болды. Бірақ ол кезде жазушының оқыр­маны бар еді. «Сөз өзгерді, тыңдаушы, сен де өзгер» деген тіркес қазіргі заманда жүр­мей қалды. Сөз өзгерді, сөз түзелді, бірақ тыңдаушымыз қалыс қалды.

- Қазіргі заманның құндылықтары өз­герді ғой. Өзіңіз де айттыңыз тың­дау­шы мен оқырман өзгерді деп. Шы­ғармалар бұрынғыдай кемінде 10 мың таралыммен басылып, жап­пай оқылып жатқан жоқ. Бірақ неге жа­зу­шылар жазуын жалғастыра береді?

- Жазатын адам оқырманға қа­ра­майды. Оны жұрт жақтырмаса да, жазады, оқы­маса да, жазады. Керек десеңіз, оқыр­ман үшін емес, өзі үшін ғана, ішіне сымай бара жатқан соң жазады. Ал жұртқа керек болып жатса, құба-құп.

- Сіз осы уақытқа дейін аз шығарма жазған жоқсыз. Шетелде қойылып жат­қан драмаларыңыз бар. Соның арасында өзге авторлардан, мүмкін, әлем әдебиетінен сценарий ұрлап алған кездеріңіз болды ма?

- Жоқ, ондай қылмысқа барған емес­пін. Өзімнің де жазарым көп. Тіпті ұрлаған күннің өзінде, кез келген жазушы «ұрлаған едім» деп айта қоймайтын шығар.

- Ендеше, керісінше, біреуге бере салған оқиғаларыңыз бар ма?

- Жазушылардан ешкімге берген емеспін. Бірақ өзім шәкірт тәрбиелеп жат­қандықтан, соларға бір-екі сюжет беруге уәде еткен едім. Дипломдық жұмысына кө­мектесу үшін жәрдем беріп тұрамын.

- Осы сіз неге саяси сатира жаз­байсыз?

- Саяси сатира жазбайтыным, мен өзімді сатирикпін деп есептемеймін. Бірақ соған қарамастан, жуырда жазған коме­дия­лық қойылымдарым бар. Әзірге жарыққа шықпай жатыр. Әртістер кәдім­гідей қолға алып, премьерасына де­йін дайындалады да, ең соңына келгенде ай­нып кетеді. «Енді қайттық немесе адам­нан айла артылмас» деген қойылым күн­дердің күнінде шығатын шығар деп ой­лаймын.

- «Ауыл» партиясының төраға орын­басары қызметінен неге кетіп қал­дыңыз?

- Бір кезде ауылдың жағдайы тым нашар болып тұрғанда мен осы та­қы­рыпта көп мақала жаздым. Сол кезде Ға­н­и Қалиев партияны құрып жатқан еді, бір­қатар жазушыны шақырған соң, бас қостық. Депутат болсақ, ауылдың мә­селесін көтереміз, қанша дегенмен сө­­зіміз өтеді деп ойладық. Сөйтіп едік, Пар­ламентке өткізбей қойды ғой (күліп). Ке­йін­нен ауылдың жағдайы түзелді. Бі­рақ ауылдың жағдайын жазуды әлі де жал­ғастырамыз. Ауыл мәңгі тақырып қой.

- Бір кезде ауыл мәселесі өзекті болды, қазір оның жағдайы түзелді деп отырсыз. Енді қазіргі кезде қандай мәселе өзекті? Жалпы, қазір қандай тақырыпты көтеретін партия құрылса, мүшелікке енер едіңіз?

- Жоқ, мен енді ешқандай партияға кірмеймін. Айтар ойым болса, өзім ай­тамын. Мысалы, жақын уақытта, Құрбан айт­тың алғашқы күнінде Мемлекет бас­шы­сымен жолығамын деп отырмын. Өткенде Қа­зақстан халқы ассамблеясының оты­рысында маған алтын медаль ұсынып тұ­рып, «сізбен бір жекеше сөйлесуім керек»  деп еді.

- Елбасының алдында қандай мә­се­лелерді көтермексіз?

- Мәселе өте көп. Жазушылардың әлеу­­меттік-материалдық жағдайының қиын­дап бара жатқанын, олардың қо­ғам­дағы даусының әлсіреп бара жат­қа­нын, жазушылардың ой-пікірімен билік адам­дарының санаспайтынын, театрға «Халық әр­тісі» деген атақты қайтарып беруді, сондай-ақ кино, тіл, ауыл мәселесін, оның ішінде жастардың қалаға ағылуын тоқтату жайын сөз етсем деп отырмын.

- Өнерлі адам көп қырлы дейді ғой. Немесе жазушы болмасаңыз, қай кәсіптің тұтқасын ұстар едіңіз?

- Жазушы болмасам, қазір кәсіп көп қой, соның ішінде етік тігуге икемім бар, етік жөндейтін орын ашар едім. Оған еш ұялмаймын. Одан бөлек электр жөндеуші, монтер болып қызмет жасағанмын. Ары қарай білім алсам, мүмкін инженер болып кетер едім.

- Демек, үйдегі бұзылған тоқтарды өзіңіз жөндейсіз ғой?

- Иә, барлығын өзім жөндеймін. Төленнің (Төлен Әбдіков) алдында жиі мақтанатыным сол. «Сенің қолыңнан түк те келмейді, шамың күйіп кетсе де, электр жөндеуші шақырасың», - деп әзілдеймін.

- Жазушы адамның қолы босайтын кезі бола ма, осы, анда-санда болса да?

- Болады ғой, қолым босаса, мен шах­мат ойнаймын. Апта сайын газеттерден шахматтың партияларын тауып алып, соны зерттеп отырамын. Сол газеттер ұсынған ойындарды аяқтау үшін ерінбей, мыңдаған жүріс жасап отыра беремін.

- Домбырамен жолдастығыңыз бар ма?

- Иә, домбыра алып, күй шертетін кез­дерім жиі болады, бірақ өзім үшін ғана.

Сәкен Көкенов, «Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576