Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 6587 14 пікір 14 Тамыз, 2017 сағат 07:32

Путиннің тағына кім отыруы мүмкін?

Батыс елдері үсті-үстіне санкция салып, Ресейді байлап-матап жатыр. Ресейде экономикалық жағдай нашарлап келеді. Ресейдің экономикалық, әлеуметтік жағдайының төмендеуі 2014 жылы басталып, кейінгі жылдары тым күрделеніп кетті. Ресей орыстары: «Қырым – орыс жері, Қырымды өзімізге қайтардық» деп мәз. Олар: «Қара су ішіп, қара нан жесек те Қырымды Украинаға қайтармаймыз, барлық қиындыққа төземіз» деп отыр.

Ресей басшысы Путиннің қатардағы орыстар арасындағы абыройы өте жоғары. Путин өз еліндегі орыстарының империялық пиғылын тап басып таба білді. Қарапайым орыстар Ресейдің әлемдік нарықтағы рөлі 2 пайыздан аспайтынын ойлап отырған жоқ. Олар Батыс қауымдастығының Ресейді тықсыру саясаты ұзақ мерзім Ресейге технологиялық, финанстық жетіспеушілік пен мешеулік туғызатынын ойлап отырған жоқ.

Ресей бүгінгі күні екі майданда соғысып жатыр. Екі соғыс та алдымен экономикалық және адам шығынына әкеледі. Оның үстіне басып алған территорияларды асырап отыр. Приднестровье, Грузиядан тартып алған Осетия мен Абхазия және Белоруссия. Белоруссияны Ресей жауланған жоқ, бірақ бұл ел жылда Ресейден 3 млрд. $ қаржы алады. Әзірше Ресей орысы бұл шығындарды орынды деп есептейді. Бірақ, бұл ойдың өзгеретін уақыты алыс емес.

Болашақта Ресейде не болуы мүмкін?

Бірінші сценарий бойынша: Бұл жағдай Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғыстан жеңілгеннен кейін қалыптасады. Бірақ, Путин ұзақ мерзім ішінде Ресейді тиянақты түрде басқарады, бірақ технологиялық, әлеуметтік, экономикалық жағынан алға жылжу болмайды. Егер де мұнай бағасы қатты көтерілсе, Путиннің жағдайы қазіргі жағдайдан тәуірлеу де болуы мүмкін. Десе де Ресейдің басты қарсыласы болып отырған батыс мұнай бағасын қалайда өсірмей тежеп қалуға тырысары хақ.

Екінші сценарий бойынша: Бұл жағдай да Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғысынан жеңілгеннен кейін қалыптасады. Путин өз тағына орынбасар тауып, Ресей билігінің жұмсақ трансформациялық транзит жолын табады. Сол транзиттің орындаушысы Медведев, Матвиенко, не басқа бүреу болуы мүмкін.

Үшінші сценарий бойынша: Бұл жағдай Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғысынан жеңілгеннен кейін қалыптасады. Ресей билігіне альтернативалық саясаткер келуі мүмкін. Ол билікке радикалдық жолмен келуі әбден мүмкін. Бірақ, билікке радикалдық жолмен келген тұлғаның  Ресей үшін сәтті, не сәтсіз болатынын болжау қиын.

а) Меніңше, А.Навальный жаппай наразылықты пайдаланып билікке келуі мүмкін. Бұл жағдай Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғысынан жеңілгеннен кейін қалыптасады. Батыс оңайшылықпен Ресейге салған санкцияларды алып тастамайды. Ресей империялық позициядан таймайды, бірақ нарықтық қатынастарды сәл тежейді.

б) Ресей коммунисі Г.Зюганов билікке келуі мүмкін. Бұл жағдай Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғысынан жеңілісінен кейін қалыптасады. Батыс оңайшылықпен Ресейге салған санкцияларды алып тастамайды. Ресей империялық позициядан таймайды, бірақ нарықтық қатынастарды қатты тежейді.

в) В.Жириновский партиясы билікке келуі мүмкін екенін де жоққа шығаруға болмайды. Бұл жағдай Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғысынан жеңілісінен кейін қалыптасады. Бұлай бола қалған жағдайда да батыс оңайшылықпен Ресейге салған санкцияларды алып тастамайды. Ресей империялық позициядан таймайды, бұл партия нарықтық қатынастарды тежемейді.

г) Ресей Батыс елдерінің Уақытша протекторатына түсіп, саяси және экономикалық жаңғыру жолына түседі. Бұл жағдай Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғысынан жеңілісінен кейін қалыптасады.

Төртінші сценарий бойынша: Путин әскери төңкеріс арқылы тақтан таюы мүмкін. Бұл жағдай Ресейдің Екінші қырғи қабақ соғысынан жеңілісінен кейін қалыптасады. Мұндай жағдайда бірқатар әскери топ мүшелері төңкеріс арқылы билікке келеді:

а) Генералдар мен полковниктер төңкерісі. Бүлікшілдер әскери – өндірістік кешенмен байланысты. Олар тек тәуелді саясаткерді билікке қойып, уақытша әскери жағдай орнатып, жаңа Президент сайлауын жариялайды.

б) Генералдар мен полковниктер төңкерісі. Бүлікшілдер әскери – өндірістік кешенмен байланысты. Олар тек тәуелді саясаткерді атқару билікке қойып, Әскери Кеңес орнатып жаңа Президент сайлауын жариялап әскери адамды Президенттікке сайлайды.

в) Генералдар мен полковниктер төңкерісі. Бүлікшілдер әскери – өндірістік кешенмен байланыссыз. Олар билікке демократиялық саясаткерді қойып жаңа Президент сайлауын демократиялық жолмен жүргізеді.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052