Шәріпхан Қайсар. Алматы Азиаданы қалай қарсы алғалы жатыр?
Ақ Азиаданың Алматы мен Астанда өтетін ойындарына қатысты дайындық шараларынан соңғы жаңалық: «Медеу-Шымбұлақ» гондольды жолы коммерциялық тұрғыда пайдалануға берілді. Ал желтоқсан айының ортасынан бастап «Шымбұлақ курортында тау шаңғысының маусымы ашылады.
Билікке жағатын ақпарат берудің адал құлы «Хабардың» бір тілшісі өткенде Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға келген сапарына орай атақты Медеу шатқалынан репортаж жасап үлгерген болатын. «Хабар» арнасының, өзге де ресми дерек көздерінің мәліметтеріне қарағанда Алматы 7-ші қысқы Азия ойындарын өткізуге толық дайын көрінеді. Әлбетте, еліміздің абройын арттырып, алыс-жақын елдерге таныла түсуіне септігін тигізетін қандай жиынға болса да қол соғамыз. Бірақ, бар жақсысын жаттың аузына тосып, бүгінгідей аумалы төкпелі заманда жыртылып айрылудың түбі бедел жинап бермесін еңкейген қарт түгілі еңбектеген балаға дейін түсінеді. Қазір Алматыда қысықы Азиада ойындарын жоғары дәрежеде өткеру үшін өзге шаруаны жиып қоюға тура кеп тұр. Ал, Алматының ауасы ластанып барады. Таудың саф ауасымен тыныстауға тиіс спортшылардың танауына төменнен иіс-қоңысты «ертіп» қолаңса барса, Азиаданың абыройымен өтуі неғайбыл. Тіпті, уға бөккен ауа қырдың қарын ерітіп, шаңғымен зырлайтын жолдарды шаңға айналдырып жіберсе таң қалмайтын шығармыз.

Тегінде, Есімов мырза Медеу шатқалы мен «Табағанның» табиғат түзген ойы мен қырына «су құйып, сырғанақ» жасап қана қоймай Алматы қаласының экологиясына да аса мән беруі керек еді. Осы спорттық ойынның Алматыда өтетінін желеу етіп «Тәуелсіздігіміздің бесігі болған» алып шаһардың тұрмысы мен сәулетін түзей түссе, кәні дер едік. Есімовтың есебі бойынша соңғы тоғыз айда Алатау ауданынына толық газ құбырлары тартылып бітіпті. Аудан тұрғындары болса газ құбырларының қашан, қай уақытта тартылып біткенінен хабарсыз. Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров әкімшіліктің сайтында тұрғындардың бірі қойған сұраққа «аудан толық газдандырылды, бірақ әр үйге газды кіргізіп берудің қаражаты бюджетте қаралмаған» деп соғып отыр. Сонда бұл қандай қисын? Егер аталған ауданның аумағындағы әр отбасы көгілдір отынның алауына алақан тосып, көмірдің күліне көмілмейтіндей жағдайға жетсе, «е-е, бәрекелді!»деуге болатын еді . Бірақ, газ құбырын жерге тығып тастаған Алматы қаласы әкім қараларының әрекетіне қарап қарадай қысылған халде өмір сүруге тура келіп тұр. Сонда бұлардікі не тірлік? Газды ата-бабасынан қалған мұрадай сақтап, жалпы жұртқа бермеудің амалы ма, әлде, үкіметтің құбыр тартуға бөлген қаржысын жарты жолда жымқырып елге үстеме бағамен сатудың саудагерлік айласы ма? Қалай десекте, Алматы көк түтіннен көз ашар емес. Алда қаңтардың қақаған аязы мен ақпанның айқай бораны келе жатыр. Жеке секторда үйі бар кедей кепшік өкіртіп тұрып көмір мен ағаш отынды, резеңке мен керосинді араластырып жағуға мәжбүр. Оған көшелерді көк түтінмен кептейтін автокөліктердің қырғын жүрісін қосыңыз.
Алматыда көптен бері көк тұман. Алатаудың бауырындағы көк тұманды көрген Азия спортшылары «мынау не масқара, аман-есенімізде кетейік» деп ойынның ортасында елдеріне тайып тұрса, қас масқара болдық. Бейжіңде өткен жазғы Олипиада ойындарына кейбір спортшылардың бармай қалғаны туралы естігенбіз. Әлгі спорт тойына бармай қалғандар «Қытайдың жаздағы ауасы өте нашар. Өкпеміз күйіп кетеді» депті. «Жүз сом, әрине, жақсы ақша, бірақ денсаулық та керек» («Тақиялы періште» фильмінен) демекші, жетістіктен, атақ-даңықтан гөрі спортшы үшін денсаулықтан қымбаты бар ма?
Азиада ойындары да «ырбиып-жырбиып» (Астана мен Алматы қалаларында өтетін 7-ші Азиада ойындарының рәмізі ретінде орыстардың жасап бере салған «Ирбис»- «Ілбіс» бейнесін айтқыш қулар осылай деп жүр) өте шығар. Өкпеміз өшіп біз қаламыз. Басқа не дейміз?..
«Абай-ақпарат»