Мұхтар Шерім. Рахмет, саған РНН!
Мені ұрып өлтіретін адам жоқ! Ұрып өлтіргісі келетіндер кектеніп жүрген болар, күйіп кетемін де, жүдә ұмытшақпын ғой! Медицина тілімімен айтқанда склерозбын...
Білмеймін, бірдеңеге керек болып, жұмыстан үйге құйындай қиындатып жеттім де, желкемді жеті рет қасып, терлеп-тепшіп сасып, аузымды апандай ашып, қақидым да қалдым.
--Түріңе тұз себілгендей әбіржіп кетіпсің, жайшылық па?-деп сұрады әйелім Қатипаш.
--Неге келдім екен? Есімнен шығып кетті...
--Есіңді ешкі мүжіп тастаған, сен өз атыңды да ұмытып қаларсың мына түріңмен! Атың кім ал, айта қойшы?
--Қазір, жеке куәлігіме қарай қояйын, ойебай, куәлігім қайда? Е-е, РНН-ге келген екенмін ғой.
Мені ұрып өлтіретін адам жоқ! Ұрып өлтіргісі келетіндер кектеніп жүрген болар, күйіп кетемін де, жүдә ұмытшақпын ғой! Медицина тілімімен айтқанда склерозбын...
Білмеймін, бірдеңеге керек болып, жұмыстан үйге құйындай қиындатып жеттім де, желкемді жеті рет қасып, терлеп-тепшіп сасып, аузымды апандай ашып, қақидым да қалдым.
--Түріңе тұз себілгендей әбіржіп кетіпсің, жайшылық па?-деп сұрады әйелім Қатипаш.
--Неге келдім екен? Есімнен шығып кетті...
--Есіңді ешкі мүжіп тастаған, сен өз атыңды да ұмытып қаларсың мына түріңмен! Атың кім ал, айта қойшы?
--Қазір, жеке куәлігіме қарай қояйын, ойебай, куәлігім қайда? Е-е, РНН-ге келген екенмін ғой.
Ал, содан РНН-імді іздейін... Жер жұтып, шайтан шашының арасына қыстырып кетті ме, жоқ! Сейфімнің ішін отыз екі рет қарап шықтым. Небәрі алты жүз мың доллар, екі жүз елу мың юань, үш жүз мың рубль, екі жүз мың манат, жүз сексен сегіз мың еуром ғана тұр... Бір тиын теңгем жоқ екен. Не деген қайыршылық еді десеңізші! Әне, облыстық мәслихат хатшысында мың теңге де жоқ! Жоққа жүйрік жеткен бе, құрып кетсінші, РНН-ім қайда тұр екен? Әйелім екеуміз отыз үш бөлмелі төрт қабатты үйіміздің астан-кестеңін шығардық. Күнде шәй ішіп жүрген шәйнектің ішіне дейін қарадық. Жоқ! Енді байқаппын, бізде барлығы 33 бөлме бар екен гой! Оның 23-і бос тұр... Ал, былайғы жұрт үлескер болып, пәтерге қолдары жетпей, наразылық шерулеріне шығып жүр. Өзіме- өзім әбден ұрыстым. Қабырғада ілулі тұрған, рамасына алтын жалатылған портретіме қарап, ой, әбден ұрыстым. «Әй, сен кімнің арқасында байып алдың? Халықтың арқасында! Жекешелендіру кезінде мемлекеттік нысандарды болмашы теңгеге сатып алдың! Саябақты да жекеге айналдырып, ішінде шәниіп жатып алдың! Сөйтіп, байлыққа белшеңнен батып алдың! Сенде бет жоқ екен!»- дедім айқайлап. Портретімде «үн» жоқ, беті былқ, бүйрегі бүлк етпейді!
- Неменеге айқайлап тұрсың?-деп Қатипашым жетіп келді, -Ту-у, адасып кеттім, бөлмелерден! Сені әрең таптым ғой!
- Мені қайтесің, РНН-ді таптың ба?-дедім мен жынданып.
- Осы сен Джипіңнің без кәмірный баллондарының ішіне тығып қойған жоқсың ба?
- Е?
- Соның ішіне өзіңнің жасырын бизнесің марихуананы салып жатушы едің...
- Жап аузыңды! Ақырын!
Ал, келіп, РНН-ді іздейік.Бір бөлмеден әйелімнің сұңқылдаған даусы шығады... Әрең іздеп тауып, есікті ашып қалсам, Қатипашым қапшықты құшақтап жылап отыр! Сөйтсем, қапшықтың ішіндегі оны-мұнылардың ішінен менің саунада қыздармен түскен суреттерімді тауып алыпты!
- Мынау кім? Сен бе?-дейді әйелім бензин ішіп қойып, енді лапылдап жанайын деп тұрғандай...
- Танымаймын...
- Мынау сен ғой!
- Бір жерден көрген адамым сияқты...
Қатипашым суреттерді жырте-еп жырты-еп тастап, аяғын аспанға көтеріп жата қалды. Өкпелегенде сөйтетін әдеті бар. Аспанға қарап қалған аяқтарын төмен түсіріп, көз жастарын тіліммен жалап құрғатып, «бұл компьютерде дұшпандарым әдейі жасаған коллаж» -деп сендірдім де, құрып кетпегір РНН-ді іздеуге көштік. Бір кезде келесі бөлмеден әйелімнің шыңғырып жылаған даусы шықты. Шықшытымды шайтан тістеп алғандай, тіксіне жетіп барсам, әйелім бір қапшық ұнды құшақтап жылап отыр. Сөйтсем, ұнның ішінен бұрынғы сегіз әйелімнің суреттерін тауып алыпты!
- Сенің сегіз әйелің болған екен ғой!-дейді ол бомба жұтып алғандай.
- Қайдағы сегіз?-деппін мен.
- Сен бұрын төрт-ақ рет үйленіп, төрт-ақ рет ажырасқанмын деп едің...
- Қалған төртеуі есімнен шығып кетіпті... Мынау-- Қияргүл, сегізінші класта оқып жүріп үйленіп, мектеп директоры ұрысқан соң ажырасып кеткенбіз, мынау - Пиязгүл, қараңғыда кислота ішіп қойып, іші қайнап өлген, мынау-Сәбізбике, білмеймін, асылып өлген әйтеуір... Мынау Помидорбике, бесінші қабаттан өзін-өзі тастап жіберіп, о дүниеге кетіп қалды... Мыналар-Укропгүл мен Майонезбике, екеуі де уксус ішіп өлді.
Әйелімнің бетіне қарасам, үрпиіп, үрейі ұшып отыр екен. «Қалған қатындарыңды айтпай-ақ қойшы, Көзтоймас! Қорқып кеттім...»-дейді. Сосын: «Қатындар салаты» болып шықты ғой...-деп қосып қойды. «Неге бәрі асылып, уксус ішіп өлген?»--деді тағы. «Сондай ару болады...Өзің теледидардан көріп жүрсің, мектеп оқушылары асылып өліп жатыр. Мектепте тәрбие бетімен кеткен! Қыздар да төбелеседі! Атысады! Әлімжеттікпен ақша жинайды! Сосын асылып өлмегенде қайтеді? Мен мұны мәслихаттың келесі сессиясында күн тәртібіне қоямын!» -деп айқайлап кетсем керек, әйелім аузымды алақанымен баса қойды. Құрып кетпегір РНН-ді іздемей-ақ қояйыншы деп едім, Қатипашым көнбеді.
Бір кезде әйелім айқайлап жіберді. Бір бөлмеден жексұрын даусы шығады. Тағы не бүлдіріп қойдым екен? Жүгіріп, жетіп барсам, әйелім бұл жолы қуанғанынан айқайлап жіберіпті! Жер астындағы қоймаға түссе, арық жақын болғандықтан ба, бір қабырғасындағы кафельдер түсіп қалыпты да, сол тұстан шіріп кеткен кішігірім темір сандық құлап түсіпті! Ішін ашып қараса, құдай-ау, алтын жалатылған құмыра, інжу-маржандар! Әйелім мәз... Есеңгірей жаздап, сандықтың ішін қарап жатып, бір хат тауып алдым. Былай деп жазыпты: «Мен қазақ байларының бірі Майбасар Тоқпанжілікұлы атаман Дутовтың қазақ жерінен тартып алған қырық килә алтынын ұрлап алып, ескі диірменнің астын қазып, тығып қойдым. Өзімді кеңес өкіметі кәмпескелемек. Менің шөбере-шөпшек, неменелерімнің бірі осы алтынды 2010 жылдың аяғында, Жаңа жыл қарсаңында тауып алатынына сенемін. Пока, үрім-бұтақтарым менің! 1918 жыл.»
Қуанғанымнан Қатипашты құшақтап қатып қалыппын. Енді болмағанда, ол тұншығып өлетіндей екен! Рахмет саған, РНН! Ескі диірмен... Қаладағы ескі диірмен? Ойе-бай, қазіргі облыс әкімияты ғимаратының асты ғой! Енді қайттім? Содан облыс әкімінің алдына барып, «мына ғимаратты бұзып, жаңа, заманауи ғимарат салайық...» дедім.» «Неге?»деп сұрады әкім. «Сол. Облыс әкімдер құтаймай қойды. Бір жылдан кейін орнынан түсіп қала береді. Жаман ырым. Ғимараттың астында ата-бабаларымыздың мүрделері жатыр дейді білетіндер...» «Бәсе, кешкі сегізден кейін кабинетімде біреу ыңырсиды...Көз алдыма скелеттер елестейді...»-- деді әкім. «Әруақтар басқа ғимарат дәметіп жатыр»- деп қойдым мен. Не керек, әкімді көндіріп, жаңа ғимарат үшін деп ауылдарға бөлінген бюджеттік қаржыдан асап қалдық, көлеңкелі тендер жариялап, бір жасап қалдық...Жаңа ғимарат салынып бітуге таяғанда, әйелім тағы бір хат тауып алды... Атамның атасының атасы Майбасардың хаты! «Шөбере-шөпшектерімнен кешірім сұраймын... Диірменнің астына тыққан қырық килә алтынымды атың өшіп, СПИД болғыр атаман Анненков тартып алып кетті, атысып, мұрынымның ұшына оқ тиді... Пока, үрім-бұтақтарым менің! 1918 жыл»
Есімді жисам, әйелім екі аяғын аспанға қаратып, өкпелеп жатыр екен... О, қу дүние, қусам сені, жетем бе, о дүниеге шынымен тыржалаңаш кетем бе?!
«Абай-ақпарат»