Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2131 0 пікір 13 Қаңтар, 2011 сағат 07:48

Ғаббас Қабышұлы. Үндемей отыра бересіз бе?

Құрметті Ахметжан Смағұлұлы!

Сізге бұдан бұрын екі хат жазып (2009 жылғы қазан айының 2-сі мен қараша айының 20-сында), орыстардың: «Обещанного три года ждут» дегеніне салына жаздап, бір жарым жыл күттім де, ақырында, міне, үшінші рет үн тастап отырмын.

Өзіңізге баспасөз арқылы да, поштамен де жолданған бұрынғы хаттарымда не айтылғанын есіңізге түсіру үшін оларға шолу жасайын:

1. «Шаңырақтың» шаңы­ра­ғы тағы шайқала ма?

2. Қала көшесінен Л.Мир­зоянның атын өшіру керек (Қа­зақстанды 1934-­1938-жылдары билеп, Ахмет Байтұр­сынов бастаған ақын-жазушы арыс­тарымызды атқызып тынған жауыздың қареке­тіне мәскеулік журналшы-тарихшы Ю.Жуковтың «Иной Сталин» деген кіта­бынан үзінді келтір­генмін. Басқа салалардан атқы­зып, айдатып жібергені қан­ша ма?!).

3. Қала шегіне бөгделердің ескерткіштерін қою (мысалы, Көктөбеде) және Жібек жолын­дағы сурет алаңын мәскеу­ліктерше «Арбат» деу дұрыс емес. Бөгделер­дің орнына Алдар көсеге, Қожа­насырға... ескерткіш неге қоймасқа? «Арбат­тың» орнына неге «Сурет­шілер алаңы» демеске?

4. Қазақ әдебиетіне мол еңбек сіңірген ғалым, ақын, жазушы, тарихшы, драматург, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Қайым Мұхамед­хановтың атын қояр көше табылар емес. Орталықтан 20-25 шақырымда болатын келешек бір мекеннің кө­шесіне қою көзделіпті. Ал қалада екі «Клочков кө­шесі» бар, соның Достық даң­ғылымен қиылысқа­ны­на немесе қандықол Л.Мир­­­зоян көшесі орнына Қайым Мұхамедханов атын неге қоймасқа?

5. Жұртшылықтың пәтер­ақы төлемінде «Мүлік салығы» - «Налог на имущество» деген тармақ бар. Ол - пәтеріңнің іргетасы тұрған жер көлемі үшін төленетін ақы. Мысалы, мен бүгінгі пәтерімді бұдан 26 жыл бұрын алып, 300 сом (рубль) мөлшерінде «мүлік салығын» төледім. Сол са­лық жыл сайын салынады, биыл 4508 теңге болды. Сонда әу баста пәтердің іргетас көлемі үшін бір төленген салықты жыл сайын төлету және еселеп қымбаттату қай заңның қай бабы бойынша жүргізіліп келеді? Үкіметтің жерді сату туралы қаулы қабылдағанына бес жыл десек, одан беріде жер неше мәрте және қандай мөлшерде қымбаттады? Меніңше, бұл салық - жұртты тонаудың бір түрі!

Құрметті АХА! Бұл кезекті хатымды жазуға мынау ай­тылған мәселелерге мән бер­мегендеріңіз түсініксіз екені себеп болса, тағы қосарым: Сіз Әкім болып келісімен, Алатау ауданы құрылатынын, ол «Шаңырақ» бастаған «заңсыз» ауылдарды қамтитынын, бар­лық ауылдардың мәселесі әділ шешілетінін, тұрғындардың үй­лері заңдастырылып беріле­тінін айттыңыз. «Алатау» ауданы құрылды. Алайда уәдеңіз әлі орындалған жоқ.

Алматы маңында ауыл пайда бола бастағаны Заманбек Нұрқаділев қалалық атқару комитетінің төрағасы болған кез еді. Заманбек екі мақсатты көздеді. Біріншісі - қала халқы санындағы қазақ санының па­йызын көтеру. Екіншісі - жер-жерден жоғары оқу орындарына келіп, түсе алмай қалған жас­тарды жұмысқа тарту есебінен қала кәсіпорын­да­рындағы жұмысшы қазақ санын өсіру. Бұрын ондай жастар келесі жылы оқуға түсу үшін білім ордасынан қол үзбеске қаланың зауыт-фабриктеріне бір жылға жұмысқа орналасатын да, солардың жатақха­насына тұрып, есепке алынатын.

Ал оқуға түскендері ол жатақханадан дереу шығары­лып тасталатын. Заманбек жастарды өксітпеуді ойлап, олар оқуды бітіргенше сол жатақ­ханада тұратын шешім қабыл­дады. Оның игі ісіне қарсылар көп болды, жоғарыдан қысым көре бастады. Сонда ол және бір жол тапты: үй салып алуға шамасы барын мәлімдеген жастарға қала іргесінен жер беру жөнінде атқару комите­тінің қарарын шығарды.

Сөйтіп, З.Нұрқаділев қала басшысы болған 4-5 жылдың ішінде қала шегіндегі қазақ санын, егер жаңылмасам, 23 па­йыздан 41 пайызға өсірді! Міне, қамқорлық дегеніміз осы­лай болса керек-ті! Бірақ, амал не, Заманбектен кейін ол негіздеген ауылдар тауқымет тарта бастады. Себебі: жер участогын беру туралы жалған құжат сатушы алаяқтар пайда болып, аңқау жұртты арандатты.

Асқынған сол зұлымдықтың салдарынан «заңсыз» ауылдар көбейді. Кәрі-жас, сау-дімкәс адамдар паналап отырған үйлер айуандықпен бұзылды. Кісі өлімі болғанын, ақын Арон Атабектің, басқа да азамат­тардың дәлелсіз сотталып, ұзақ мерзімге түрмеге отыр­ғызылғанын білесіз. Ал шатақ шыға бастағанда алаяқтық фактілер ашылып, жалған құжаттар көптеп табылса да, ол зұлымдықпен шұғылданған­дардың бірде-бірі заң жолымен жауапқа тартылмағаны да Сізге мәлім.

Ендігі сауал: Сіз айтқан сө­зіңізде тұрып, «заңсыз» ауыл­дарға адами дұрыс тұрмысты қашан жасайсыз? Ол ауылдарды аралап: «5-10 мың доллар берсең, үйіңнің құжатын бір аптада аласың!» - деуші тағы бір алаяқтар табыла бастапты, енді ауылдар солардың жеміне айналсын ба?

Мұның алдындағы хаттарымда айтылған ойларымды (менің ғана ойларым емес екенін білетініңізге шүбәм жоқ) ескеретініңізге де сеніп, Жаңа жылда жұртшылыққа жасар жақсылығыңыздың көп болуына тілек білдіремін!

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ,

жазушы-жорналшы

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 01 (84) 12 қаңтар 2011 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5442