Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5268 0 пікір 17 Қаңтар, 2011 сағат 08:15

Мұхамеджан Сералин. «Айқап» журналының оқырмандарына арнау

Биыл - Алаштың «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толып отыр. Қазақ баспасөзінің қарлығаштарының бірі болған «Айқап» ХХ ғасырдың басындағы Алаштың көгіне күн болмаққа ұмтылған ұлылардың тұрақты мінберіне айналған және байтақ даладағы қалың елдің қоғамдық санасын оятып, қалыптастыруда сол заманда ерекше мәнге ие болған басылым. Арада бір ғасыр уақыт өтсе де, «Айқаптың» бетінде жарық көрген қазақтың мәселесі түбегейлі шешіліп кетпегеніне біз де «Әй, қап» деумен келеміз. Өкінішімізге қарай...

«Айқап» журналы небары 4 жыл ғұмір кешті. 4 жылда оның 88 нөмірі жарық көрді. Осыған қарамастан Алаштың тарихында өшпес із қалдырды. Біз қазақтың қорғанышы болған қазақ баспасөзінің атасы - «Айқаптың» 100 жылдығына орай журналда басылған көптеген мақалаларды жыл бойына жариялап отырмақпыз.

Соның әуелгісі «Айқап» журналының басқарушысы һәм бастырушысы болған Мұхамеджан Сералиннің қара орман қазағына қайырылған алғысөзін ілтипатпен ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар!

Мұхамеджан Сералин. «Айқап» журналының оқырмандарына арнау

Құрметті оқушылар! Алдыңызға үшбу журналымды саламын, кішкене екен деп қоңыраймаңыздар!

Газет һәм журнал халық үшін екендігіне шек айту жоқ. Халықтың қай дәрежеде алға кеткендігі - халық арасында таралған газет-журнал һәм кітаптардан білінеді. Заман ғылым заманы болған соң әрбір жүрт қатарынан кейін қалмас үшін ақша аямай  кітап-газет, һәм журнал бастырып халыққа таратудың әждәһатінда. Соңғы замандарда біздің халық жұртында аз-маз тіршілік көрсетіп газет шығара беруді қолға алып қараса да не себепті іске ұқсатып шығара алмайды. 1907 ж. Мемлекеттік думаның жиынымен Шәһмардан Қошығұлов «Серке» есімді журнал шығара бастап еді. Ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды.

Сол жылы Троицкіде Есмағамбет Айманбаев «Киргизская газета» есімді орысша-қазақша бір газет шығармақ болып  алғашқы нөмірді шығарды да тоқтатты. Келер жылы Орынборда Ысмағұл Иманшалов бас болып, елдің бірқатар жақсыларының басын қосып газет шығару хақында кеңесіп еді. Баяғы қазақтың ынтымақсыздығы себеп болып, ыдырап кетті.

Мен тағы талап етіп, осы кішкене журналды шығармақ үшін халқыма жармастым. Жұртқа атақ шығарып білім сату үшін емес, бәлкі дәулет иесі ағалар мұны көрген соң, ойға қалмас па екен деген ниетпен. Қолда пұл жоқ. Жұрт болып жұртшылық етіп, бұл журналға көбірек қыридарлық етпесе, әлбетте бұл журнал да қазақтың дүниеге шығара алмаған ісінің бесіншісі болар да қалар. Қазіргі үміт халықта.

Бұл журнал айында бір мәрте шықпақшы, программасы мынау болмақ.

1. Сыртқы хабарлар.

2. Мұсылмандар тіршілігінен мысалдар, уақиғалар.

3. Фельетон.

4. Кітаптар хақында һәм ғылым баптан кеңестер.

5. Басқарушыға келген хаттар һәм одан-бұдан.

Журналға «Айқап» деп есім бердік.Бұл сөзге түсінген де бар, түсінбеген де табылар.

Біздің қазақтың «Әй, қап» демейтұғын қай ісі бар?! Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алмадық. Пұлы барларымыз ынтымақтассақ та, ақшасыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтар үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады.  Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап» ынтымақсыздығымыз-ай дедік. Болыс, би, ауылнай боламыз деп таластық, қырылыстық. Жеңілгеніміз жеңген жағымызға, «ендігі саулайда көрерміз, қап, бәлем-ай» дедік. Осындай біздің қазақтың бірнеше жерде «қап» деп қапы қалған істері көп. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз өкінішімізге лайық «Айқап» болды.

Журналды бастыруға жіберілген сөздер қазақша, ноғайша, орысша һәм түрікше болса да қабыл алынады.

Басқарушы, бастырушы М.Сералин

«Айқап» журналы, 1911 жыл. 1-ші нөмір

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520